Эйнштейн ең басты еңбектерін 26 жасында жариялаған, ал Моцарт алғашқы симфониясын 8 жасында жазған. Ең елеулі жаңалықтар шынымен жас кезде жасала ма? The New York Times тілшісі осы қағиданы зерттеп көруге тырысыпты.
Бенедикт Кэри (BenedictCarey)
Америкалық ғылыми тілші, «Біз қалай үйренеміз» кітабының авторы.
Танымал адамдардың жетістіктерін сараптайтын зерттеушілер қызметтің көптеген саласында ең елеулі жаңалықтар жас кезде жасалғанын байқаған. Алайда жақында Science журналында жарияланған көптеген ғалымдардың өмірі мен мансабы жайлы сараптама мұның жасқа еш қатысы жоқ екенін анықтаған. Шын мәнінде, бұл мінез, табандылық пен сәттілік сияқты факторлардың тоғысуы. Және бұл музыка мен кинемаографиядан бастап ғылымға дейін қызметтің әр саласына тән.
Бастысы — берілмеу. Берілсеңіз тапсырмаға шығармашылық тұрғыдан қарау қабілетінен айырыласыз.
– Альберт-Ласло Барабаши (Albert-LaszloBarabasi), Бостондағы Солтүстік-Шығыс университетінің танымал физигі
Бастапқыда зерттеушілер тек физиктерді қарастырған. Олар 1893 жылға дейінгі әдебиетті ақтарып, 20 жылдан көп уақыт бойы әр 5 жылда кем дегенде бір жұмыс жариялап отырған 2 856 ғалым-физикті таңдаған. Оның ішінде жиі қолданылатын еңбектерді аса елеулі деп қабылдап, ғалымның мансабында мұндай еңбектер қаншалықты көп болғанын сараптаған.
Шынында да, елеулі жаңалықтар көбіне жас кезде жасалған. Бірақ мұның жасқа байланысты емес екені айтылады. Бар мәселе өнімділікте: жас ғалымдар барынша көп эксперимент жасайды, ал бұл шынымен маңызды дүние ашу мүмкіндігін жоғарылатады. Яғни, егер бірдей өнімділікпен жұмыс істесеңіз, 25 жаста да, 50 жаста да жаңалық ашуға болады.
Сәттілікті де елемеуге болмайды. Дұрыс жоба мен онымен жұмыс істеуге дұрыс уақыт таңдай білу де маңызды. Алайда мұндай сәтті таңдау ғылымға жасалған үлес деп көпшілікпен қабылданады ма – бұл тағы бір компонентке байланысты, оны ғалымдар Q деп атаған.
Қысқаша айтқанда, бұл жұмысыңнан максимум пайда көру: қарапайым эксперименттен өзектілікті байқау және өз идеяңды іске асыра алу.
«Q факторы — өте қызықты құбылыс, себебі теориялық тұрғыдан ол адам өз бойынан байқамайтын немесе бағаламайтын қасиеттерден тұрады, — дейді Зак Хэмбрик (Zach Hambrick), Мичиган штаты Университетінің психология профессоры. — Мысалы, өз ойын нақты жеткізе алу қабілеті. Математикалық психология деген ғылымды алайық. Сіз қызықты зерттеуіңізді жариялай аласыз, бірақ егер ол қиын әрі түсініксіз жазылса (көбіне солай жазылады да), ғалым ретінде мойындалуыңыз екіталай. Не туралы жазғаныңызды жай ғана ешкім түсінбейді».
Таңғаларлығы, ғалымдардың дерегі бойынша Q уақыт өте келе өзгермейді. Көптің пікіріне қарамастан, тәжірибе ағымдағы жұмысыңнан жаңа және маңызды бірдеңе табу қабілетін арттырмайды. «Бұл таңғаларлық, — дейді Барабаши. — Үш фактор — Q, өнімділік пен сәттілік – бір-біріне тәуелді емес».
Жас ұлғайған сайын сәттілікке әсер ететін бір ғана фактор өзгеруі мүмкін, — мәртебе. Беделді ғалымға тәуекелге бару қиын емес.
Мысалы, биолог Жан Батист Ламарк, эволюция бойынша жұмыстарын алғаш рет 57 жасында жариялаған, ал ең елеулі «Зоология пәлсапасы» жұмысын 66 жасында жазған. Бұл мысал мәселе жаста емес, әлеуметтік факторларда екенін көрсетеді. Әдетте ғалымдар жаңа бір қатарлы емес теорияларын есейгенде, білім мен абырой жинағанда жариялап жатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі