Өлең, жыр, ақындар

ЭКСПО көрмесінде өсімдік арқылы телефон қуаттайтын құрылғы таныстырылады

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің Үздік тәжірибелер аймағында қонақтар мен келушілерге Bioo жаңашыл компаниясының жобасы таныстырылады.  Әзірлеушілер өсімдік көмегімен смартфонды қуаттау жолдарын көрсетеді. Бұл туралы Astana Expo 2017 көрмесінің ресми твиттер-аккаунтында хабарланды.

«Телефонды қуаттау үшін бізге өсімдік, USB-сым және смартфонның өзі керек», - дейді әзірлеушілер USB-сымды  құмырадағы тас секілді аралыққа жалғап.

Еске сала кетсек, ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді, оған 5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар