Өлең, жыр, ақындар

Пилотсыз авто және жасанды интеллектілі көліктер: келешегіміздің көрінісі қандай?

Ағымдағы жылы CES 2017 көрмесінде ең қызықты технологияларды ұсынған автокөлік шығарушылары болды. Автокөліктер қозғалыс құралы болып қана қоймай, нағыз гаджетке айналуда. Олар түрлі электроникамен жабдықталып, кейде әдеттегі көліктерді ұмыттырады. Ал пилтосыз авто – мүлдем өзгеше тақырып. Көптеген компаниялар автокөлікті автоматты түрде басқару технологиясын сынап, қолдануға тырысуда. Сонымен қатар көлікке жасанды интеллект орнату да кең танымалдық алып келеді. Мұның барлығына CES 2017- таныстырылды.

Toyota Concept-i

Мысалы, CES 2017-де Toyota компаниясы Concept-i түрінде келешек автокөліктеріне қатысты қиялын көрсетті. Concept-i-дің ең негізгі әрі ұтымды тұсы – дербестік емес, автокөліктегі Yui жасанды интеллекті. Өзіндік интеллектіге ие мұндай көліктің негізгі мақсаты – қозғалыс процессі мен адам мен көлік қатынасын жеңілдету. Мұнан жеңіл не бар? Көліктің басқышын басып, жолдан көз алмасаңыз болғаны. Алайда Toyota компаниясының болашаққа көзқарасы өзгеше. Автокөлікке орнатылған Yui жасанды интеллекті жүргізушімен дауыс және түсті хабарламалар арқылы байланысып қана қоймай, денеңізге жанаса алады. Қорқынышты болғанымен, Toyota компаниясының болашаққа көзқарасы – осындай сипатта. Әрине, Concept-i дербес жүру мүмкіндігіне де ие. Десе де автокөліктің басты мақсаты – жүргізушіні қолдау. Жасанды интеллект адамның көңіл-күйін сезе алады. Егер ол жүргізушінің енжарлығын байқаса, байланысқа түседі немесе жүргізушіге тынығу керектігін басқа да әдістермен жеткізеді.

Divergent Blade

Divergent 3D тобы алдағы 10-15 жылды өзгеше көреді. Атауынан белгілі болғандай, компания 3D баспа бойынша мамандандырылған. Яғни автокөліктерді басып шығару. Олардың туындысы Divergent Blade суперкар болып табылады және небары 2,5 секундта 100 км/сағ жылдамдықпен жүйтки алады. Бұл автокөлік газ немесе жанармаймен жүреді, бірақ электрокөліктерге қарағанда анағұрлым экологиялық таза көлік болып табылады. Себебі 3D баспада басып шығарылған Blade конвейерде жинастырылған электрокөлікпен салыстырғанда, экологияға зияны 65%-ға төмен. Сонымен қатар Blade-тің шанағы ғана емес, шассиі де принтерде басып шығарылғандығы таңдандырады. Автокөлік негізі де 3D принтерде басып шығарылған. Ол 28 килограмм аллюминий, 19 килограмм карбоннан тұрады. Шассидің жинастырылуына 3 адам еңбегі мен 30 минут уақыт қажет. Айтпақшы, Divergent Blade салмағы 630 килограммды құрайды. Ал қозғалтқышының күштілігі 700 ат күшіне тең. Бұл ақылға сыйғысыз жетістік.

Пилтосыз авто

CES 2017-де таныстырылған көліктердің басым бөлігінің негізгі идеясы – көліктің дербес жүруі. Құдды әлем тұтастай осы ойға берілгендей. Honda компаниясы пилотсыз автоға деген көзқарасын дәл осы сипатта танытты. Оның ұсынған NeuV көлігі – екі адамға есептелген және компания пікірі бойынша Uber-ге арналған мінсіз автокөлік. Яғни жүргізушісіз такси. Hondа өздігінен қозғалатын орындықтарды да көрсете кетті. Десе де олардың неге қажет екені мүлдем түсініксіз. Оған қоса жапондықтар жүргізушіге ілесе алатын немесе жолдағы көлік кептелісінде тепе-теңдікті жоғалтпай өздігінен жылжи алатын ақылды мотоциклді таныстырды.

Ал Hyundai компаниясы пилтосыз автоның сырт көрінісімен таңғалдыруды ұйғарған. Себебі олар ұсынған Ioniq автокөлігінің кәдімгі көліктерден еш айырмашылығы жоқ. Сенсорлардың барлығы көлік шанағының ішіне жасырылған. Бұл арқылы кәрістер болашақты анағұрлым жылдам жақындата алатындығын дәлелдегісі келгендей.

BMW компаниясы болса HoloActive Touch интерфейсінің жаңа жүйесін көрсетті. Ол жақын болашақта компания көліктеріне орнатылмақ.

Электрокөліктер

CES 2017-тегі көліктердің екінші қатардағы тренді – электрлі күш қондырғысы. Бір сөзбен айтқанда, электрокарлар. Tesla өзінің пайда болуымен әлемді өзгертіп, электрокөліктердің шындыққа айнала алатынына көз жеткізді. Сондықтан ендігі ірі өндірушілер өзіндік электрокөліктер құрастыруға белсене кіріскен. Мысалы, Mercedes көрмеге EQ жол талғамайтын көлігінің концептісін алып келген. Компанияның сөзінше, бұл көлік сериялы өндіріске дайын және 2019 жылы сатылымда пайда болады. Автокөліктің күш қондырғысы мен аккумуляторлары бір зарядпен 500 километрді еңсеруіне мүмкіндік береді. Айтпақшы, «бір зарядпен жүру» тіркесіне үйрене бергейсіз, себебі бұл тіркес жақын күндері күнделікті қолданысқа ие болады.

Оны CES 2017 көрмесіне Leaf. Nissan аталатын электрокөліктердің жаңа буынын алып келген Nissan компаниясы да дәлелдейді. Олар жаңа Leaf-ті көрсетумен шектелмей, SAM— Seamless Autonomous Mobility ерекше интеллектілі жүйесін танытты. Жапондықтар пилотсыз автоларды басқару орталығын құруды жоспарлауда. Өз кемелерін бақылаған NASA тәрізді, Nissan компаниясы да өзіндік пилтосыз автоларын бақылауға алмақ. Leaf-ке орнатылған SAM жасанды интеллекті жол оқиғаларын өздігінен шеше алады. Бірақ әрі қарайғы әрекетін болжай алмаса, басқару орталығымен байланысады. Ол өз кезегінде әрі қарайғы әрекеттеріне нұсқау береді. Жалпы, Nissan автопилоттардың баламалылығына қатысты мәселелерді шешуге тырысуда.

Ал Ford компаниясы өзіндік жасанды интеллект жасаумен бас қатырғысы келмеген сыңайлы. Олар Amazon ұсынған Alexa жасанды интеллектінің көмегіне жүгінген. Alexa-ның көмегімен көлікте отырып-ақ үйіңіздегі Philips Hue ақылды шамын жаға аласыз. Немесе автокөлік қозғалтқышын қашықтықтан іске қосуыңызға болады. Десе де дәл осы қызмет түрлерін ұсына алатын смартфондар барда, мұндай жасанды интеллектінің не қажеті бар екендігін Ford компаниясы түсіндірмеді. Бірақ коллабрация да қызығушылық тудырады. Себебі бүгінгі күн Alexa АҚШ-та кең танымалдыққа ие.

Faraday Future FF91

Барлығы автопилот және ақылды көмекші қызметі орнатылған электрокарлар жасауға ден қойған тұста, Лос-Анджелестік Faraday Future компаниясы өнімдерінің шындыққа анағұрлым жақын екендігін көре аламыз. Былтыр өткен CES көрмесінде FFZero1-ның ақылға сиымсыз концептісін алып келген компания биылғы жылы FF91 сериялы автокөлігін таныстырды. Ол бір зарядпен 608 км қашықтықты бағындыра алады. Сонымен қатар қуаттандыратын станциялардың кез-келген түрінен қуаттанады. Faraday Future FF91 автокөлігінің жиынтық күштілігі – 1050 ат күшіне тең. Бұл автокөлік 2,39 секундта жүздеген жылдамдықта жүйткиді. Ол TeslaModel S-тен 0,01 секундқа жылдам. Ілгері деңгейдегі автопилот пен ақылды көмекшіден бөлек, көлік іші жүргізушіге және жолаушыларға арналған түрлі дисплейлермен, сенсорлар жүйесімен, камера және Wi-Fi антеннасымен жабдықталған. FF91 жүргізушісінің өзіндік есеп жазбасы болады. Ол электрокардың жеке баптауларын жүктеуге мүмкіндік береді. Бұл заманауи көліктердегі жады жүйесінің дамыған түрі. Faraday Future FF91 жасалуы 2018 жылы басталады. Әзірге электрокөліктің құны белгісіз, бірақ 5000 АҚШ долларын төлеп, осы кезден кезекке тұруыңызға болады.

Faraday Future өзінің сериялы автокөліктерін автокөрмеде емес, CES 2017 көрмесінде көрсетілімге шығаруы – олардың көлік ретінде емес, алдымен гаджеттік мақсатта қолданылатынын аңғартатындай.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Арман

Жұрттар дамып жатыр, бізде ауылдарда жол жоқ, су жоқ.... біз де неге шығармасқа? Бізде ми жоқ па? Ақша жоқ па? Себебі не? Түк шығара алмаймыз! Қазақстанымыз бірдеңе шығарады ма өзі? Трусы, наскині ең болмағанда...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз