Өлең, жыр, ақындар

Бүгінге дейін белгісіз болып келген 15 жануар

Біздің ойымызша, жер бетіндегі дүниенің бәрі әлдеқашан зерттеліп қойған. Ал жаңа, беймәлім заттармен танысу үшін, ғарышты бағындыру керек. Алайда мұндай ой иелері жаңылысады. Жер шарында адамзатқа беймәлім тіршілік иелері көп. Ғалымдар жыл сайын жануарлардың жаңа түрін анықтауда. Бұл орайда бүгінге дейін белгісіз болып келген жануарлармен таныстырмақпыз.

Йети-теңіз шаяны

Шаянның бұл түрі 2005 жылы белгілі болған. Бір қарағанда теңіз шаянының денесін қалың жүн басқандай. Алайда шаянның денесін «жүн» емес, ұзын қылтандар жапқан.

Бирмалықпұшық маймыл

Пұшық маймылдар 2010 жылы белгілі болған. Олар тек Бирмада мекендейді. Мұрындарының ерекше құрылысы себепті, бұл маймылдар жаңбыр кезінде түшкіреді.

«Кермит» бақа

2015 жылы белгілі болған бақаға «Hyalinobatrachium dianae» деген атау берген. Ол бақаның бұл түрін ашқан ғалымның анасыДженет Диана Кубицкаяның құрметіне қойылған. Алайда бақа «Маппет-шоу» кейіпкеріне ұқсайтындықтан, оны көбіне Кермит деп атайды.

«Әдемі» шаян

Шаянның ерекше әдемі сауытына таңданған ғалымдар оған «Cherax pulcher» деген атау берген. Латын тілінен аударғанда «Pulcher» сөзі «әдемі» мағынасын білдіреді. 

 «Пиноккио» бақа

Бұл бақа 2008 жылы Индонезиядан табылған. Ал ол туралы деректер тек 2010 жылы жарияланды. Бақа өзіне төнген қауіп-қатерді сезінгенде, Пиноккионың мұрны тәріздес ұзын тұмсығы жоғары көтеріледі.

Домалақ құлақты жертесер піл

Жертесер пілдердің алғашқы өкілі 2006 жылы табылған. Ал жануардың жаңа түрі ретінде 2014 жылы сипатталған-ды. Денесінің кішкентайлығына, кеміргіштерге ұқсастығына қарамастан, бұл жануар – пілдердің алыс тұқымдасы.

Олингито

Олингито — Батыста соңғы 35 жылдың ішінде ашылған бірінші жыртқыш. Оны ұзақ уақыт бойы жақын туыстастары олингомен шатастырып келген. Тек 2013 жылы ғалымдар жеке түрге бөлген. Олингито туралы деректер аз: жыртқыштарға жататын жануар түнде тіршілік етеді және жапырақтармен, жемістермен қоректенеді.

Жирен сақалды тити

Өкінішке орай, 2008 жылы белгілі болған бұл примат жоғалып кетудің аз-ақ алдында. Олардың әлем бойынша саны тек 250-ге жетеді. Ғалымдардың пікірінше, бұл маймылдар серігін өмірлікке таңдап, жұбын алмастырмайды.

Анатолиялық айдарлы тритон

Бұл қосмекенді таяу күндері жеке түр ретінде бөлінген. Айдарлы тритонның денесі өзге туыстастарына қарағанда мығым келеді. Ал ұзындығы 10-13 см болады.

Анкараналық ергежейлі лемур

Тек Солтүстік Мадагаскарда мекендейтін ергежейлі лемур 2014 жылы белгілі болған.

 «Северус Снейп» теңіз шаяны

Ақшыл сары түсті сауытты бадырақ көз теңіз шаянын 1998 жылы зерттеуші Гарри Конли тапқан. Теңіз шаянының мұндай түріне сипаттама берілгеннен кейін, оған «Harryplax severus» атауы тағылған. Осылайша ғалым Хосе Мендоса шаянды алғаш тапқан адам мен Гарри Поттер туралы кітаптар сериясына өз құрметін білдірген.

Лаосстық алып ұшар

Бұл ұшатын кеміргіш – әлемдегі ең үлкен тиін. Ұшардың «қанаты» ауада қалқуына көмектесіп, парашют қызметін атқарады.

Сары түсті жаңбыр бақасы

Бақаның денесіне қолыңызды тигізсеңіз, терісі ашық сары түсті дақтар пайда болады. Мұндай бояу, әдетте, улы жануарларға тән. Бірақ, ғалымдардың пікірінше, сары түске боялатын жаңбыр бақасының еш зияны жоқ.

Күлгін түсті теңіз шаяны

Бұл кішкентай теңіз шаяндары денесінің күлгін түсімен ерекшеленеді. Алайда тек ұрғашылары мен жыныстық тұрғыда жетілмеген аталықтары ғана мұндай ашық күлгін түске ие. Жетіле келе аталықтары қызғылт түс алады.

Дональд Трамп күйе көбелегі

Канадалық биолог Вазрик Назари таяу күндері белгілі болған күйе көбелегін АҚШ-тың жаңа президентінің құрметіне атады. Ғалымның ойынша, күйе көбелегінің басындағы қабыршақтар Дональд Трамптың шаш үлгісін еске салады екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Балауса

Лемур жануары туралы жаттау керек

Медет

Мыкты желкеништи жануарлар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз