Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндіріп берді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметте тілшілерге берген сұxбатында ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндіріп берді.

«Биыл қазақ тілін мектеп түлектерінің 100 пайызы тапсырады  12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған.

ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті, сондай-ақ, биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек экзамен тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс», - деді министр.

Сонымен қатар Ерлан Сағадиев жоғары оқу орнына түсетін түлектер қазақ тілінен сынақты қашан тапсыратынын да атап өтті.

«Жоғары оқу орнына барған кезде қазақ тілінде мектеп бітірген балалар ҰБТ-ны қазақ тілінде алып отыр ғой. Биыл олардың үлесі - 80-85%. 15 пайызы бірыңғай тест ретінде қазақ тілін тапсыратын болады», - деп түйді сөзін ведомство басшысы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Күнсұлу Асанова

Неге соншалықты білім министрі қатаңдық жасады екен?! Қазіргі таңда өз таңдаған мамандығымызға орай таңдау пəнімізге дайындаламыз ба əлде қазақ тілінен 102 түрлі эссе жазуға дайындаламыз ба? Түсінбедім мүлдем қазіргі жастар барлығын білу керек иə бірақ жəй-жəй өз орнымен. Ал орнатылған талап тым жоғары,яғни қатал үкім! Жастардың миын ашытып не ол түсінбимін. Бұлай ойлап жатқан жалғыз мен ғана емес барлық жастар мені қолдап шығар еді.!!!!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)