Өлең, жыр, ақындар

Менің туған өлкем

Оңтүстік  Қазақстан облысы, Асықата кенті
«№121ЖОМ» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің
7 «Ә» сынып оқушысы Шахабай Жанарыс
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Турмаханбетова Ғалия Қалдыбайқызы

 

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай  байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы  борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді  ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен  міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!

Туған өлкем байлығы мол қазынам,
Сол байлықтың шуағында шомылам.
Бәрінен де артық көрем мен сені,
Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.
Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,
Аң мен құсын арыстандай көремін.
Туған өлкем ол менің жер жәннатым,
Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды  аялайық та, сүйе білейік.

Басқа да шығармалар:

Менің туған өлкем

Туған өлкем - шырайлы Шымкент

Менің туған өлкем!

Менің туған өлкем

Туған өлкем – Ақтөбем

Менің туған жерім – егеменді Қазақстан

Менің туған жерім

Отаным менің!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (23)

Бота

Менің туған өлкем -Қазақстан. Қазақстан ең биік ел! Аспаны ашық, жайдарлы өлке. Қазақстан елінде туып өстік. Біздің приздент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанның биігі өте үлкен. Біз осындай елде тұрып жатқанымызға алғыс білдірейік

Маратова Аянат

Жақсы шығарма

Хасанова Нурай

Рахмет,өте жақсы шығарма!!!!

Камила

Өте жақсы

Ақерке

Өте керемет!!!

Аяна

Тамаша

Аманкелді Қарақат

Әдемі жазыпсың сөздеріде мағыналы

Жарлыкапова Жайна

Керемет

Дана

Сөз жоқ керемет

Маржан

Менің туған өлкем-Қазақстан! Қазақстан бай ел.Қазақстандағы табиғат ешқандай елде жоқ.Менің туған жерімде таза ауа, мөлдір су,жасыл орман,биік таулар бар.Мен өз өлкемді өте жақсы көремін! Себебі ,менің өлкем үлкен әлемде тек
бір.Өлкемізді сыйлайық!

Диана

Маған қатты ұнады ,сөз жоқ керемет

Уалихан

Əдемі шығарма жазыпсын жарайсын

Бакыт Бейбіт

менин туган олкем акши ауылы ол жердин табигаты керемет

Асылхан

Оте керемет

Назерке

Өте керемет!

Муминжанова Висола❤

Өте керемет!маған өте унады.әдкмі

Дария

Өте жақсы шығарма

Нағашбек Шұғыла

Менің өлкем Қазақстан!
Мен өз өлкеммен мақтанамын!
Себебі, менің жерімде әсем жерлер өте көп. Осындай табиғаты сұлу, ауасы таза әрі байтақ елді аялап, бағалайық!

Нағашбек Шұғыла

Менің туған өлкем Қазақстан!

Ұлпан

Өте керемет жазылған!

Аяла

Менің туған өлкем

Мұрат

Менің туған өлкем шығармасы әдемі

Санат Айнар

Өте керемет! Сіз осылай шығарма жазғаныңыз үшін мақтанамын. Тіпті сіздің арқаңызда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, шығармалар тауып жүрмін!????????????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз