Әйгілі бас аспаздар мейрамханаларда тапсырыс беруге болмайды деген 8 тағам

Уақытымызды жақсы өткізіп, шебер аспаздар жасаған дәмді тағамдардан дәм тату үшін мейрамханаға немесе кафеге кірген кезде өзіміз тапсырыс берген тағамдардың сапалы әлі жаңа піскен екеніне сенімді болғымыз келеді. 

Біз дәмін көріп, көңіліміз қалмас үшін әлемнің ең үздік аспаздарының айтуынша мейрамханаларда тапсырыс беруге болмайтын тағамдардың тізімін жасап шықтық.

Жақсылап тұрып қуырылған стейк

Америкалық бас аспаз Энтони Бурден (Anthony Bourdain) аспаз қатты, жарамсыз деген еттің бәрін тастай салуы мүмкін....немесе жақсылап қуырылған стейкке сақтап қоюы мүмкін дейді.

Албырт қосылған суши

Біздің албырт қосылған сушилер мен роллдарды ұнататындарға жағымсыз жаңалығымыз бар. Бас аспаз Хэнк Скрэмптон (Hank Scrampton) тұщы судан ауланған албырттан жасалған тағамдарға жоламаған жөн дейді. Өйткені олар паразиттердің жайлы мекені. Бірақ, артық байбалам салудың керегі де жоқ: балықты мұздату әдісі паразиттердің көзін жояды. «Сушилер мен роллдарға арналған балықтардың барлығы дерлік осындай өңдеуден өтеді. Бұл өте жақсы», -деп есептейді бас аспаз.

Бірақ, сонда да күдіктен арыла алмасаңыз, онда тағамның қандай балықтан дайындалғанын сұрағаныңыз артық болмайды.

Вегетариандық тағамдар

Food Network Magazine журналы АҚШ-тың бас аспаздарына сауалнама жүргізді. Сонда сұралғандардың 15 %-ы мейрамханалардағы вегетариандық тағамдардың бұл түсінікке мүлдем үйлеспеуі мүмкін екенін мойындады. Егер сіз вегетариандықты қатты ұстанатын болсаңыз, онда аспазға өзіңіздің ұстанымыңызды қайта-қайта ескертуді ұмытпаңыз. Әрі абай болыңыз, кейбір аспаздар сіздің салатыңызға аздаған тунец немесе шұжық араластырып жіберуі әбден мүмкін. «Вегетариандар мен вегандар кез келген аспаздың ығырын шығарады. Кейде солай істеуге тура келіп кетеді», - деп мойындайды  Энтони Бурден.

Айсберг салаты

Мейрамханада жұмыс істейтін қызметкерлер ешқашан да өздеріне айсберг салатына тапсырыс бермейді. Ең басты қауіп – салат жапырақтардың дымқыл қуыстарына жайланып алатын бактерияларды жақсы көреді. Айсбергті микроорганизмдерден толық арылтып жуу мүмкін емес. 

Нан

Үш америкалық бас аспаз Food Network Magazine журналына желінбеген нан тіліктері үстелден үстелге ауысып отыратынын мойындады. Әрине, үстелге апармас бұрын оны жақсылап қыздырып алады. Бірақ, ол жаңа піскен нандай қайдан болсын?  

Дүйсенбі күнгі балық

Энтони Бурденнің айтуынша, көптеген мейрамханалар балықты демалыс күндерінің алдында – бейсенбіде немесе жұмада сатып алады. Ал демалыс күндері әдетте балық базарлары жабық болады. Ал жаңа ауланған балық үш күнге ғана шыдайды. Сондықтан дүйсенбі күні сіз тұрып қалған балықтан дәм татасыз немесе мұздатылған балықты қанағат тұтасыз.

Устрицалар

Теңіз тағамдарын ғана әзірлейтін мейрамханалардан басқа жерден устрицаға тапсырыс бермеңіз. Тұрып қалған устрицамен оңай уланып қалуға болады. Сондықтан, мейрамхананың оны сенімді адамдардан, балғын күйінде алатынына көз жеткізіңіз.

Мекемеге «бейімделмеген» тағамдар

Нью-Йорктік бас аспаз Майкл Армстронг (Michael Armstrong) мейрамхананың маманданған тағамына ғана тапсырыс беріңіздер деп кеңес береді: «Пиццериядан пастаға, ал стейкхаустан балыққа тапсырыс беріп, жақсы тағам күтпеңіз». Шынымен де, сирек тапсырыс беретін тағамдардың азық-түлігі мейрамхана тоңазытқышында ұзақ жатып қалуы мүмкін. Тұрып қалған азықтан пайдалы тағам жеймін деу бекершілік.

Суреттер: depositphotos, depositphotos, depositphotos Business Insider, Daily Mail, mashed, Food Network Magazine материалдарынан дайындалған.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)