Жануарларда интеллект бар ма?

Сегіз аяқты жануар теңіз түбіндегі тас ұясында тастай қатып міз бақпай жатыр. Тек анда-санда ғана қармауыштарының бірімен шыдамы таусылғандай ауаны қармалайды. Кенет оның денесі құм мен майда тастарды жан-жаққа шаша жөнеліп, алға ұмтылды. Қармауыштарының бірнешеуімен құрбандығын бас салды. Бірақ, сегізаяқтың қармауыштары сүйсіне жейтін сүйікті асы теңіз шаяны мен балық емес. Ол ақ пластмасс шарды ұстап алған болатын.  

Спруттар – үйретуге өте бейім жануар болып шықты. Егер олар зертханада жаттығудан өткен басқа сегізаяқтардың бір затты қалай ұстағанын көрсе, өзіне ұнамайтын заттарды да дәл солай қармап алады.

Сегізаяқ бұл затты ұстауды көрші ұядағы биологтар шарды ұстауға жаттықтырған басқа сегізаяқтардың қимылын бақылап жүріп үйреніп алған. Біздің кейіпкеріміз де олардың әрекетін айнытпай қайталады. Егер мұхитта жүрсе, сегізаяқ жеуге жарамсыз шарға көңіл аудармас та еді. Доктор Г. Фиорито, тәжірибе жүргізілген Неаполь Зоология бекетінің топ жетекшісі тәжірибеге алған жануарының «ғылымды танудағы» қабілетіне ерекше таң қалды.  

Ақылды жануарлардың үйренуге бейімділік қасиетті бұрыннан байқалған. Кептерлердің бір түрі (Ringeltauben) жаңадан емен жаңғағымен қоректене бастаған кезде, мұны үлкен кептерлердің емен дәнін қалай жұтып жатқанын көріп үйренеді. Жапондық құйрықсыз жас макакалар кәрі аналықтың тәтті картопты (батат) бұлақ суына жуып, топырақтан қалай тазалағанын бақылап отыратын болған. Содан кейін сол әрекетті айнытпай қайталаған. Осыған ұқсас мысалдар көп.  

Алайда, ғалымдар әуелде кішкентайлардың үлкендерден үйрену артықшылығын өмір бойы үйірінен кетпейтін жануарлар ғана пайдаланған деп есептеген. Ал басқаларының көріп үйрену қабілеті эволюция кезінде жоғалып кеткен. Ата-анасын білмейтін, өмір бойы жалғыз өзі өмір сүретін сегізаяқтар туралы да осылай ойлаған. Бірақ, Неапольда жақында ғана өткізілген тәжірибе оны жоққа шығарды.

Бұл жағдайдағы үйренуде жануар жаңа бірнәрсені істеуге тырысып, содан кейін оны тағы да қайталайды. Кейбір зерттеушілер мұндай қабілетті жануарға тән ақылдың бар екендігіне әкеп тірейді. Бірақ, ақыл деген не? Адамның ақылы туралы сөз қозғалғанда ғалымардың арасында талас басталады. Ал оны жануарларға қолдану істі одан әрі ушықтырып жібереді. Нюрнбергтегі доктор фон Ферзен мынадай анықтаманы ұсынады: «Ақыл – ақпаратты әдеттегіден жоғары деңгейде өңдеудің және феномендер қатарынан құрастырудың нәтижесі». Ақылға бағалауға үйретуден бөлек аспаптарды қолданып, оны сезіну де жатады. 

Ғалымнан хабары жоқ адамдар ғана емес, мамандардың өзі өзін приматтарды үйретуге арнаған С. Саваж-Румбаугтың тәрбиелеуіндегі Канци есімді шимпанзенің адамдардың көмегінсіз таңбалар тілін үйреніп алғанына қатты таңқалды. Ақылдың пайда болғаны көрініп тұр! Бірақ ақсұңқардың тұмсығымен тас алып, түйеқұстың ұясына тастап, ондағы жұмыртқан қалай жарғанын көрген мамандардың ешқайсы оның бұл әрекетіне қарап құстың ақылы туралы ешнәрсе айтпайды. Негізі, ол биіктіктен тасты ұяға дәл тигізу үшін көп жаттыққан болатын. 

Біздің «кіші бауырларымыздың» істей алатын көп нәрсесін бағалау үшін кейде тек адамдарға ғана тән «ойлау» немесе «қорытынды жасау» деген терминдерді қолдануға болар еді. Алайда, елдің күлкісіне қалудан қорыққан ғалымдар бұл сөздерді дауыстап айтуға қорқады.

Еркіндікте өскен керқұландар өз басшысының көмегімен жыртқыштардан қорғану әдісін үйренді.

Осындай терминдерді қолдануға болатыны туралы мысалдың бірі мынау. Үлкен қашада қамаулы тұрған жылқылар үйіріндегі айғыр бұрын жыртқыштармен ешқашан бетпе-бет келіп, тәжірибе алмаған болса да, өз үйіріне жауынан қалай қорғану керегін үйретті. Өйткені, тумысынан ақылды ғой. Сол үшін үйір басшысы болды. Берлин зоология институтының ғалымдары Бранденбург аймағында Пржевальский жылқысының  - әлемдегі жабайы жылқылардың жалғыз жабайы түрін ұстады. Тәжірибенің мақсаты – жүз жыл зоология бағында жүрген жылқылар еркіндікке жібергенде не істейтінін бақылау болды.

Содан кейін қасқырдың кейпіне келтірген ірі төбет қоршаудағы жылқыларға шабуыл жасау керек болды. Дала жыртқышының кейпінде келген төбет қоршау ішіне кірген сәтте-ақ жылқылардың үйірі қауіпті сезіп, мазасыздана бастады. «Қасқыр» он метрге жуық жақындаған кезде үйір жан-жаққа шашырап кетті. «Жылқылар қорықты. Олардың әрекеті соған сәйкес бей-берекет, бағдарсыз болып кетті»,- деді тәжірибенің жетекшісі доктор К. Шайбе.  

Түйеқұстың жұмыртқасын жеу үшін лашын жоғарыдан кішкентай тасты тастайды, жұмыртқа жарылады. Нысанға дәл тигізу үшін қанаттылар қанша уақыт жаттығулары керек?

Тәжірибе қайталанды. Зерттеушілер үйір басшысының жануарларды жинап, «қасқырдан» қорғануға дайындай бастағанын көрді. «Қасқырды» қоршауға тағы жіберген кезде, жылқылар үйір болып жиналып, қорғаныс позициясын жасады: бастарын ішке, жауды сеспей қатыратын күшті артқы аяқтарын сыртқа қаратып шеңбер болып тұра қалды. Айғыр үйіріндегі ұйықтап қалған еркіндіктегі түйсігін оятты.  Жылқылар әдетте үйірде құлындар болса оларды шеңбердің ортасына жасырады. Ал үйірде тек ересек жылқылар болса, онда олар екіден, үштен бірігіп жыртқышқа қарсы шабуыл жасайды. Бұл жолы «жыртқышты» ғалымдардың өзі қауіптен қорғап қалды. Үйрену және тұқым қуалаушылық  - адам дамуының негізі болатын екі құраушы. Бірақ, жануарлар әлеміндегі үйрету туралы да солай айтуға болады. Этологтар «Жеке үйрену мен тектік негіз бірге әрекет етеді, оларды бөліп қарауға болмайды», - деген қорытындыға келді. Ғалымдар өз тәжірибелерінде жануарларды үйретуге қатты құлшынады. Кейбір тәжірибелерде олар «жануарлар әлемінде» жұмбақ түрде ақылдың бар екенін байқайды. «Әуелі жануарды үйрет. Содан кейін ол не істей алатынын көрсетеді.» деген ұранмен жұмыс істейтін ғалымдар қабылдау және жады механизмін табуға тырысып жүр.

Кеңістіктікте ойлаудың қас шебері – теңіз арыстаны. Ол адамның өзін тығырыққа тірейтін геометриялық тапсырмаларды да шеше алады.

Мюнстердегі (Германия) дельфинариядағы теңіз арыстаны Томми доктор К. Денхардтың жетекшілігімен салынған суреттерді айнадағы бейнесіне қарап ажырата алады. Пішіндер тік төртбұрыш етіп салынған Т әріпіне және латынша L әріпіне ұқсайды. Тәжірибе үшін хауыздың шетіне осы белгілер салынған қалқандар және Томми тұмсығымен баса алатын тетігі бар үш монитор бекітілген. Тәжірибенің басында ғалым Томмиге орталық монитордан пішінді тура бейнесінде бес секунд бойы көрсетеді. Содан кейін жанындағы екі монитор қосылады. Оның біреуінде дәл сол пішіннің айнадағы бейнесі көрсетілсе, екіншісінде сәл көлбеу тұрған бірінші пішіннің өзі көрсетіледі. Егер Томми көлбеу тұрған бейнені дұрыс көрсетсе – сыйлыққа балық алады.

Теңіз арыстаны бұл тапсырманы керемет орындап шықты. Ол жануарлардың көлбеу тұрған асбрактылы белгіні ғана емес, оның айнадағы бейнесін де ажырата алатынын дәлелдеді.

Теңіз арыстанының бірінші, негізгі суретті еске сақтау уақыты ол суретті қандай бұрышпен көрсетуіне байланысты артып отырады. Адамда да дәл осындай бәсеңдеу байқалады. Доктор К. Денхард теңіз арыстандары көрген нәрсесінің бейнесін жадыдан шақырта алады деген қорытынды жасады. Тіпті, кептерлер де өзі танитын адамды бет-бейнесі бояумен өзгертілген болса да суреттен бірден таниды екен.

Кептерлер өзіне таныс адамын әртүрлі суреттерден тани алады. Тіпті бояу арқылы ол адамның түрі өзгертілген болса да айнытпай табады.

Жануарлардың ақыл қабілетін зерттейтін ғалымдардың көпшілігі бүгінгі таңда егер белгілі бір қатаң интеллектуалдық қабілеттерді есепке алса, онда адам мен жануарды салыстыруға болады деп бір ауыздан келіскен. Бұл биологтар «жалпы ақыл» шеңберінде адамды бірінші орынға қою талпыныстарының бәрін жоққа шығармақшы. Бұдан біраз жыл бұрын бұл туралы ойлаудың өзі мүмкін емес еді. Алдыңғы толқынның зерттеушілері жануарларды шығу тегіне байланысты сатылап бөлген, ал адаммен тек параллель салыстырған. «Бұрынғы зерттеушілердің ең үлкен қателігі – барлық түрлерді ақылдың осы «сатысына» бірдей орналастыра салу болды. Тіпті, адамен салыстыруда деректер іздеуге тырысып, ақылдың жалпы анықтамасын табуға тырыспады да», - дейді Йендік профессор  О. Брайдбах.

Эволюция түсінігі ғалымдарға ми қыртысы күрделі емес әлсіз ұйымдасқан жануарлардың миы дамыған басқа жануарға айналып кетуі мүмкін болатын мақсатты үрдіске деген сенім ұялатты. Сонда, өмір иерархиясының ең төменгі сатысында ақымақтар, ал жоғарғы сатысында ақылдылар орналасқан болып шығады. Адам өзін ең керемет жаратылыс санайтындықтан ол өз еркінен тыс басқа тіршілік иелерін өз көзқарастарымен және өз мүмкіндіктерімен салыстырады. «Бүгінге дейін басымызда антропоорталық ойлау басым болып тұр, - дейді Дюссельдорфтық профессор И. Хустон. – Бірақ мұны жоққа шығару оңай.»

Эволюция бұрын ойлағандай тік сызықпен дамыған жоқ. Ол әртүрлі жолмен жүрді. Әр жол қандай да бір түрдің сыртқы ортасының әртүрлі шарттарының қосылыстардың үйлесімі. Оның не екені маңызды емес – құмырсқа, шибөрі немесе нәлім бола ма, әрбір жануар өмірлік ортасы берген шартқа жауап береді. Бұл тек физикалық мағынада емес, олар интеллектуалды қатынаста да осы экологиялық ортада тірі қалу қажеттілігіне оңтайлы жауап бере алуы керек. 

Дельфиндер абстрактылы ойлауға қабілетті емес. Көп ай жаттықаннан кейін де, миы қаншалықты үлкен болса да  олар үшбұрыш, текше немесе эллипс  пішіндерді әрең ажыратқан. Алайда, ми тінінде, мысалы, егеуқұйрықтың ми тінінде жасушалар көбірек.  (суретте: А – дельфиннің ми тінінің кесіндісі және Б – дәл солай үлкейтілген егеуқұйрық миының кесіндісі.)

Бірнеше ай бұрын кейбір жоғары дамыған сүтқоректілерде керемет ми болады дегенді жақтаушылар үлкен соққы алды. Бохум университетінің профессоры О. Гуртюркюн бәрі ақылды деп мойындаған дельфиннің миын зерттей келе оның миындағы жасуша саны (өз өлшемімен салыстырғанда) қарапайым егеуқұйрықтікінен аз болып шыққаннын дәлелдеді.   Бұл ашылу бәлкім дельфинге эллипс, үшбұрыш және шаршы сияқты қарапайым пішіндерді ажырату үшін бірнеше ай бойы жаттығуды қажет еткен басқа тәжірибелердің нәтижелерін қайта ойлануға мүмкіндік берер. Бұл жануарлар – акробатиканың шебері, кейбір керемет дыбыстардың иесі. Бірақ жануарлар үшін жоғары ақылдың өлшемі болып табылатын геометриялық бағдарлау саласында дельфиндерді әлі жақсы дамымаған деп айтуға болады.

Бір жағынан, түйреуіштің басындай ғана миы бар, қарапайым жануарлардың өзі ғажайып әрекеттер жасауға қабілетті. Айтпақшы, жәндіктердің миын зерттеу әлдеқайда оңай. Өйткені олардың миы сүтқоректілердікіндей емес, құрылымы қарапайым. Сондықтан, жәніктердің ақпаратты қалай қабылдайтынын анықтау оңай болады.

Аралар тәжірибе жасаушыларға азық бар жерді анықтай отырып, санай алатындарын көрсетті. Ғалымдар үйренуде жетістікке жеткен аралардың бір тобын бөліп көрсете алды.

Л. Читтка из Вюрцбург университетінің докторы Л. Читтка мен Берлин еркін университетінің докторы К. Гайгор аралардың санай алатынын көрсетті. Бірінші тәжірибеде биологтар аралардың алдына ара қашықтығын бірдей етіп төрт нысан қойған. Ал үшінші мен төртіншінің арасына азық қойды. Ұшып жүрген аралар үшінші нысаннан кейін тәтті шырынның бар екенін білді. Содан кейін ғалымдар тәжірибені өзгертті: кейде кейбір нысандардың арасын алшақтатса, кейде олардың арасына басқа заттарды орналастырды. Бірақ, бағдарсыз бей-берекет ұшудың орнына аралар тұрақты түрде үшінші нысанның жанына ұшып келіп, шырынды іздей бастады. Яғни, олар тәтті шырынға жету үшін үш нысанды санаған. Зерттеушілер «Аралардың әрекеті белгілі ақылды көрсетеді,» - деген қорытынды жасады.

Табиғаттың маңызды жұмбақтарының бірі – эволюция үрдісі кезінде түрдердің өзгеру жылдамдығының әртүрлілігі. Мысалы, егеуқұйрықтар, аралар, жеміс шіркейлері және түкті аралар бірнеше ұрпақта сыртқы ортаның өзгеруіне жауап беретін жаңа қасиетке ие бола алады. Мұның мысалы ретінде гонконг вирусы деп аталатын вирусты алуға болады. Жыл сайын ол бүкіл жер бетіне-дерлік таралып, жыл сайын өзгерген түрде келіп отырады. Бұл мысалдан өзгеріс кезінде осы түрге тән барлық тектік мүмкіндіктер толықтай жойылып кетпейтінін көруге болады.

Доктор Читтка «Эволюциялық үрдіс кезінде тым ақылды болудың да керегі жоқ. Яғни, ешқандай қор қалдырмастан барлық тектік негізді алып алудың жөні жоқ» деген тұжырымға келді. «Бірақ, біз мұның неге осылай екенін білгіміз келеді.» - деген қорытынды жасады ғалымдар. Қойылған сұраққа жауап табу үшін ол түкті аралардың «аса ақымақ» және «аса ақылды» деген жаңа түрін шығарып, оларға арналған ақылды анықтаудың арнайы сынамасын жасауды  жоспарлап отыр.  Сынама кезінде көп ақпарат алған «асаақылды» араларда қандай кемішілік шығатыны анықталу керек.

Сонымен, жануарлардағы ақылдың мәнін анықтаудағы талпыныстар осы уақытқа дейін көп нәтиже берген жоқ. Алайда, бұл талпыныстадың нәтижелері таңқаларлық болды. Мүмкін, күндердің бір күні зерттеушілер қандай да бір параметрлер бойынша ең керемет жаратылыс деген атақ алған адамзатты демалысқа жіберетін болар.

Г. Александровский
«Наука и жизнь» №6, 1999


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)