Әрекетсіз өмір салты және жүйесіз қоректену, фаст фуд түрлерімен қоректену, темекі, спиртті ішімдік тұтыну әуестігі, (менопауза, андропауза кезеңдері) остеопороз қауіпін арттырады. Айран, сүт өнімдері бұл ауруға қарсы қорған іспеттес. Халық арасында сүйек еруі деп білінеін остеопороз сүйек сапасының бұзылуына және сүйек массасының азаюына себеп болады.
Остеопорозға шалдыққандарда әлсін құлау секілді қарапайым жарақаттардың өзі сүйек сынуымен нәтижеленіп жататынын айтатын мамандар бұл кеселдің алдын алу, қорғанудың жолдарын былай тізбектейді:
Қимыл-қозғалыста болыңдар. Әрекетсіз өмір салты сүйек еруі кеселінің шақырушысы. Әсіресе жас кезден бастап әр күні кем дегенде жарты сағат жүйелі түрде жаяу жүру сүйек ақауларының алдын алады.
Газды және кафеинді сусындардан ұзақ тұрыңдар! Газды және кафеинді сусынар және шамадан артық тұз тұтынылуы остеопорозды қоздырады. Кафеин калцийдің ағзаға сіңірілуін тежеп сүйек кемістігіне жол ашады. Шамадан артық тұз тұтынылуы да сүйіек кемістігіне себеп болатындықтан күндік мөлшері 6 грамнан аспағаны жөн.
Калций тұтылуы шарт. Сүт, айран секілді қалцийге бай азық түрлерін азық мәзірінен тыс қалдырмау сүйек саулығы тұрғысынан пайдалы. Тек айранның өзі де остеопороздың алдын алатындығы туралы ғылыми мақалалар жеткілікті. Жасыл жапырақты көкөністер де кальцийге қанық болып келеді. Сүйектердің саулықты болуы үшін жеміс-жидек, көкөніс тұтынуға және көп су ішуге ден қою керек.
Күннен пайдаланыңдар. Калций сүйек саулығын бекемдетсе, ал Д дәрумені кальцийдің сіңірілуін арттыра отырып остеопорозға қарсы қалқан іспетті. Д дәрумені жаңғақ, бадам жаңғағы секілді майлы дәндерде, сұйық майларда, өсімдік майларында болады. Сондай-ақ майлы балықтарда ба Д дәрумені мол болып табылады. Д дәрумені үшін күннен де пайдалану қажет. Әсіресе Мамыр-қазан айлары аралығында 10:00-17:00 сағаттары аралғыныда 15 минут күн астында қалу Д дәруменін қалыптастырып остеопороздың алын алуда әсерлі болып табылады.
Зиянды диеталардан аулақ тұру керек. Салауатсыз диеталарлар, яғни зердесіз, өз пайымдауымен жасалатын, дұрыс азық түрлерін қамтымайтын диеталар денеде тез арада сұйықтық, бұлшық ет және сүйек жоғалуына жол ашады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі