Министр Сағадиев мұғалімдерді ғаламтор арқылы бақыламақ

Бүгінде мектеп мұғалімдері үшін 80 мың бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар бар. Олар кез келген материалды ғаламтордан, я болмаса, мектеп серверінен алып, сабақ кезінде пайдалана алады.

«Биыл аталған цифрлық материалды 7 082 білім беру ұйымы, яғни барлық мектептер пайдалануға кірісті. Оны онлайн және оффлайн режимде алуға болады. Бұл дегеніміз, бейнематериалдар мектеп серверінде де сақталады. Мұғалім оны кез келген уақытта алып, сабақты сапалы түрде беру үшін пайдалана алады. Сонда қосымша материал іздеудің қажет жоқ. Қазіргі кезде 440 мұғалім ортақ жүйеге қосылды. Енді, біз кім, қанша, қандай мектеп пен сабақ бойынша бейнематериалдарды пайдаланып жатқанын көре аламыз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар жүйесінде 200 мыңға жуық оқушы да тіркелді.

 «Әрине, әзірше оқушылардың саны аздау болып тұр. Дегенмен, олардың үйге келіп, ол материалдарды өз бетімен көріп жүргені қуантады. Биыл мобильді телефондар арқылы бейнесабақтарды көру көрсеткіші 28 пайызға көтерілді. Балалар математика, информатика мен ағылшын тіліне арналған интерактивті сабақтарды жиі көріп жүреді», - деп атап көрсетті Ерлан Кенжеғалиұлы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (8)

Мейрамгүл

Жалақыны көтермей ме?

Сауле

Жаппай интербелсенді тактаны колдануы керек дегенді калай айтып отыр.Өз мектебмзде 2 кабинет гана жасайды интернет букіл мектепте жок тек санаулы кабинетте 1 жасырын санмен ол сан мугалімдерде жок білмейді айтылмайды.1 мектепте 300 кабинет болса сол 300 кабинетті интернет пен интербелсенді тактамен жабдыктаса сонда гана мугалімдерді 100 %бақылаган болар еді.

Индира

Сағадиев барлық жерге 100% интернет 0осып бол6аннан кейін айтпадың ба? Реформаларың шикі

гүлбану

жобалық оқулықтар сынақтан өткізілеме әлде бірден оқу процесіне жіберілеме?

гүлбану

Оқулық жазып ұсынуға болама? Оның процедурасы қандай?

гүлбану

ӘРБІР ПӘННЕН БІР ҒАНА ОҚУЛЫҚ БОЛАМА ӘЛДЕ АЛЬТЕРНАТИВТІК ОҚУЛЫҚТАРДА БОЛАМА?

гүлбану

ӘУЕЛІ АУЫЛДАР МЕН АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ КОМПЬЮТЕРМЕН, ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ЖАҒДАЙЫ Н ТЕКСЕРІП БАРЫП РЕФОРМА ЖҮРГІЗГЕН ДҰРЫС БОЛАРМА ЕДІ!?

гүлбану

ЖОО оқытушылары ғалымдардың жалақысы қашан көтерілер екен. мысалы ұлттық қыздар университетіндегі оқытушылардың жалақысы 46000-60000 арасында екенін біреу біліп біреу білмейді МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ БҰДАН 2-3 ЕСЕ АРТЫҚ ЖАЛАҚЫ АЛАДЫ! ОСЫ ҚАЛАЙ?

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)