Павлодар облысындағы мектептерде футбол сабағы енгізілуде

Павлодар облысының 27 мектебінде пилотты жоба аясында футбол сабақтары енгізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасы тәрбие жұмыстары және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Азамат Сыздықовтың айтуынша аталмыш сабақ таңдалынып алынған мектерде ғана өткізіледі .

«Мектептер спорттың аталған түрі бойынша көрсеткен нәтижесі мен материалдық-техникалық жағдайына қарай таңдалып алынды. Сонымен қатар, апробациялау жүргізуге дайын дене тәрбиесі мұғалімдері болуы тиіс. Футбол  - әлемдегі ең әйгілі және бұқаралық спорт түрі. Әлемдік ойыншылардың басым бөлігі өздерін бала кезінен әуесқой командалық немесе аймақтық жарыстарда көрсете білген», - дейді Азамат Сыздықов. Облыста сегіз мыңнан аса жас спортшы ауылдық мектептерде, балалар-жасөспірімдер мектебінде және футбол орталықтарында, кәсіби командаларда, футбол секцияларында шұғылданады.

Футбол, шағын футбол, футзал бойынша мектепшілік, аудандық, қалалық және облыстық жарыстар жиі өткізіледі. Өңір спортшылары республикалық жарыстарда нәтижелі ойын көрсетуде.

Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі «Орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сабағында «Футбол сабағын» сынақтан өткізу туралы» бұйрығына сәйкес республиканың түрлі облыстарында бастауыш сыныптарында футболға апробациялау жүргізілетін бірқатар мектептер анықталды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)