Алтын күз

«Ырысы мол, Алтын күз»
Берекесін  сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді!

Жақында  Басши ауылында « Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасында  дәстүрлі  «Алтын күз»  мерекесі өтті.  «Балапан»   атты  бірінші кіші топтын  2 жастан  еңді асқан  кішкентай бөбектер де  қалыс қалмады, биылғы  жылы  ерекше өткізүді көздедім. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, осы  ұйымдастырылған іс- шара   ата-аналардың  тікелей қатысуымен өткізілді. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ.   Балалардың сүйікті  «Балапан»  теле арнасында өтетің «Тай,тай шоудың»  кейбір кезендерін қосып өткіздік . Ата –аналар  көбі жастар болғандықтан белсенді қатысты , сайыстын  талаптарың орындап, балалардың  үстіне  мерекеге сай киім үлгілерің дайындап, қөкөністер мен жемістердең  түрлі  қол өнерлерін  паш еті ,  сайыс аяғында белсенді ата-аналарды балабақша  директоры  Жетенова Разия Рахымбекқызы  «Алғыс хаттармен» марапаттады,  балалармен бірге өткізген есте қаларлық кеш болды. 

Баланың ең керемет  кезені сәбилік шақ екенің  жақсы білеміз ,  кішкентай бала ата-анасымен  бірге  осындай  ойындарда , саяхаттарда ,   отбасылық  мерекелерде  шаттанып ойнап –күліп жүрсе, баланың болашағына да керемет әсер, ұмытылмайтын естеліктер  қалдыратыны анық. Осындай іс-шаралар арқылы  кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп, оларды  ептілікке , жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп келе жатқандығын айқындай түседі , балалардың бір-біріне деген жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсуде екендігін көрсетеді.  Біздің  мақсат, тәрбие мен білім беруде отбасыларды, ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластық, түсунішілік, бір біріне деген шынайы сенімділік, терең қарым- қатынастарды арттыру. Балабақша ұжымы  келешекте де ата-аналарды ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс- шаралар жиі өткізіп  тұратыны анық. Ата-аналар оқу әрекетіне қатыса отырып, өз балаларын жан-жақты зерттеп танып, не толғандырып жүргенін, не қажет екенін біле алады. 

Ата-анармен бірігіп өткізетін іс –шаралар  арқылы, балабақша мен ата-ана бірлестігі орнап, балаларды  жан –жақты осы заманға сай, физиологиялық, психологиялық жағынаң белсенді, білімді, тәрбиелі ұрпақ болып өсетініне нық сенеміз! 

 
Басши ауылы, «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасының «Балапан»  

І-кіші тобының тәрбиешісі Тулпаисова Гульмир


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)