Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз

Басты бет / Денсаулық / Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз

Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз — Денсаулық бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Жоғары қан қысымы — бүгінгі күні кең тараған жүрек-қан тамыр ауруы. Ересек адамдардың 20-30 пайызы осы сырқаттан зардап шегеді. Жас ұлғая келе бұл аурудың жиілігі артып, 65 жастан асқан адамдардың 50-65 пайызында байқалады.

Бұл сырқат ми инсультіне, миокард инфарктіне соқтыруы мүмкін, сондықтан да аса қауіпті. Жоғары қан қысымы барлық ағзалар мен тіндерді зақымдайды: ең алдымен жүрек, бас миы, бүйректер зардап шегеді. Сол себептен де бұл ағзаларды нысана-ағзалар деп атайды.

Жоғары қан қысымын емдеу қан қысымын реттеуге ғана емес, міндетті түрде атеросклероздың алдын алуға да бағытталуы тиіс.

Негізгі қауіп факторлары: тектік бейімдік, темекі тарту, спиртті ішімдік тұтыну, артық дене салмағы, дұрыс тамақтанбау, аз қимылдау, үнемі стреске ұшырау.

Дәрі-дәрмекпен емдеудің негізгі принңиптері: тұзды шектеу; дене салмағын түсіру; дене қимылын арттыру; алкогольді шектеу; темекіден бас тарту; эмоциялық стресті жеңу.

Егер сізде жоғары қан қысымы анықталса, мына кенестерге құлақ түргеніңіз жөн: дәрігер тағайындаған тексерулерден өту; асқынулар қаупін анықтау; тиімді тамақтану ережелерін сақтау; зиянды әдеттерден (темекіден, ішімдіктен бас тарту, тұзды шектеу) арылу; калий тұздары бар азық-түліктерді көбейту; дене кимылын арттыру.

Тұрақты дене қимылдарының қан қысымын төмендететіндігі анықталған. Ол артық салмақ түсіруге де пайдалы, ал артық дене салмағы қан қысымының көтерілуіне әсер етеді.

Қан қысымынын көтерілуіне стресс те ықпал етеді, сондықтан жұмыс пен демалыс тәртібін сақтап, ұйықтауға, таза ауада жаяу серуендеуге, жылы бұлауға түсуге де көңіл бөлген жөн. Жатар алдында тоя тамақ жемеңіз, теледидар да карамағаныңыз дұрыс, тыныштандыратын шөптерден даярланған жылы шай ішіңіз. Қарап отырсаныз, қан қысымының көтерілуіне жол бермеу негізінен өзіңіздін қолыңызда.

Қан қысымы күрт жоғарыласа, қан қысымын өлшеп, дәптерге жазып қойыңыз, жедел жәрдем шақыртыңыз, тіл астына тез әсер ететін нифедипин (коринфар — 10 мг), каптаприл (капотен — 25-50 мг) салыңыз; қалған әрекеттерді дәрігер белгілейді.

Ең бастысы, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз, көбірек күліңіз, әр таңды қуана қарсы алыңыз, сонда бұл дертті жеңіп шығасыз.

Р. Дәуренбекова, терапевт



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз туралы не білуге болады?

Бұл бетте Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Денсаулық бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Денсаулық бөліміндегі басқа материалдар Қан қысымы тақырыбындағы материалдар жүрек-қан тамыр ауруы тақырыбындағы материалдар