Қостанай облысының мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

Қостанай облысындағы мектептерде мұғалімдердің жоғары білімін растайтын жалған дипломмен қызмет атқару деректері айқындалды.

Рудныйдағы төрт мектепте 7 бастауыш сынып мұғалімі бірнеше жыл бойы еңбекке баулу, дене шынықтыру, орыс және ағылшын тілі пәндерін арнайы білімсіз оқытқандығы анықталды.

«2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін аталған мұғалімдер Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітіргендігі туралы жалған дипломдардың негізінде жұмысқа орналасқан. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 6 млн теңгеге жуық сомадағы жалақы негізсіз төленген, оның 1,5 млн теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылды», - деп түсіндірді облыстық прокуратура өкілдері.

Қазір жоғарыда көрсетілген деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)