Өлең, жыр, ақындар

Н.Қ. ханымға

  • 05.06.2015
  • 1
  • 3
  • 33607
Рақатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнан Құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым!
Су да болар ол жолда, тау да болар,
Жаудың оғы, жайған тор, ау да болар.
Мынау пайда,мынасы зиян демек,
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар.
Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар,
Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.
Қайратанып, қажымай тырмыссаң да,
Шыққызбайтын жолыңды ерлер де бар.
Шаршайды деп ойлама шалдыққанан,
Ұзақсынып жатпаспын жалыққаннан.
Жұрт, қолымнан келмесе, өкпелемес,
Барын сақтап, мен аяп, алып қалман.
Ел мұнымды білемін ұқпайтынын,
Көтермеге талғанда шықпайтынын,
Шалыс басып аяқты, жығылғанда,
«Жатқаныңнан тұрма!» деп мықтайтынын.
Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Төннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары - көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін.



Пікірлер (3)

Жанайым

Керемен

Жанайым

Ахмет Байтұрсынұлы Н.Қ. ханымға өлеңі Керемет

Пікір қалдырыңыз

Көк есектерге

  • 2
  • 3

Не жазып ем,
Құдай-ау, мен қазаққа,
Мүбтала ғып салғандай бұл азапқа?!
Адамшылық есебіне кірісіп,

Толық

Адамдық диқаншысы

  • 2
  • 81

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.

Толық

Оқуға шақыру

  • 1
  • 22

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Толық

Қарап көріңіз