сайыс
ozgetil.kz

Алматыда 12 жастағы вундеркинд алғашқы семестрін үздік тапсырды

Қазақстандағы ең жас студент Абзал Мырзаш алғашқы семестрін үздік тапсырды.12 жастағы вундеркинд қазір Қазақ-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курсында оқып жатыр. Бұл туралы Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«СҮЙІНШІ! Қазақ-Британ техникалық университетінің ең жас студенті, 12 жастағы вундеркинд Абзал Мырзаш,алғашқы семестрін үздік бітіріп және алғашқы сессиясын үздік тапсырып, қысқы демалысқа шықты», - деді әкесі Дәуренбек Нысанов.

1-курста Абзал ақпараттық-комуникациялық технологиялар, компьютерлік сәулет, физика, инженерлерге арналған линиялық алгебра пәндерін оқыды. Зерек оқушыны университет басшылығы емтихансыз қабылдаған болатын.

Анасы Жазира Доскееваның айтуынша, «вундеркинд» бала 3 жасына жетпей-ақ, әріптерді қосып оқи бастаған. Ал 4 жасында екі таңбалы сандарды көбейтуді меңгерген. Ерекше қабілетінің арқасында ол 3, 5, 7, 9, 11 сыныптарды ғана оқып небәрі 7 жылда 12 жасында мектеп түлегі атанды. Сондай-ық, Абзал Мырзашұлы халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (5)

Айсұлу

Молодец! Бұл жігіттің болашағы қалай болатыны қызық болып тұр, ерте жетілген дұрыс қой негізі

Дарига

Негізі созып оқып жүре бермей, осылай ерте оқып, ерте жетіліп, өмірге ерте кірісіп кеткен дүрыс шығар, а?

Камила

Жарайсың

Даурен

Осындай таланттарымыз көп болсын! Қазақтың атын шығаратын...

Айсұлу

Қазақтың атын шығарарып не қажет? Жағдайын жақсартып, білімін арттыру керек!

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)