Әлемде жанаспалы линзаны қолданатын адамдар саны жылдан жылға молайып келеді. Көзіне көзілдірік кигісі келмейтін адамдарға бұл өте-мөте тиімді. Сондықтан жақсылап танысып алғаннан кейін, оны пайдалануға көшеді.
Жанаспалы линзалардың екі түрі бар. Бірі – қатты, екіншісі – жұмсақ линзалар.
Қатты линзалар органикалық шыныдан және газ өткізетін импортты материалдардан жасалады. Оның артықшылығы – оптикалық қасиеті күшті, материалының мықтылығы өте жақсы әрі қыртыстанбайды. Бұл линза көбіне көздің жақыннан көргіштігін тоқтатады. Алайда көздің оған бейімделуі ұзаққа созылады.
Жұмсақ жанаспалы линзалар бірнеше түрге бөлінеді:
Дәстүрлі. Оның қолданылу ұзақтығы - 6-12 ай.
Жоспарлы түрде алмастырылып отыратын линза. Оны қолданылу ұзақтығы – 1-3 ай.
Жиі алмастырылатын түрі. Оны қолдану ұзақтығы – 1 күн, 2 апта, 1 ай ғана.
Мультифокальді линза. Онымен кез келген қашықтықтағы затты анық көруге болады.
Сфера-цилиндр пішінді түрлері. Бұлар астигматизмді, яғни көздің шапыраштануын оптикалық жолмен түзетеді.
Жанаспалы линзаларды дұрыс таңдамаған жағдайда асқыну қаупі пайда болуы мүмкін.
Өйткені линзаның пішіні көздің мөлдір қабығына сәйкес келмеуі ықтимал. Сондықтан оны пайдаланар алдында көз дәрігеріне мұқият тексерілу керек.
Асқынудың тағы бір себебі – линзаның механикалық зақымдануы, онда шөгінділер түзілуі мүмкін. Линзаны күтуге арналған ерітіндіге аллергиялық реакциялар пайда болуы ықтимал және т.б.
Осындай қиындықтарға тап болмас үшін линзаны күтіп ұстауды үйренген жөн. Ол үшін қолды және линзаның күтіміне қажетті барлық заттарды мұқият таза ұстау керек. Оларды міндетті түрде залалсыздандырып отыру қажет. Сонымен қатар линзаны кию ережесін сақтап, дер кезінде шешіп, мезгілімен алмастырып және тазалап отыру маңызды. Оны шешпей, көзде бірнеше күн ұстауға болмайды. Бұдан көз тыныға алмайды әрі линзаға түрлі микроорганизмдер түсуі мүмкін. Көз қызарған Інемесе жайсыздық білінген жағдайда осы белгілер әбден жоғалғанша линзаны киюге болмайды. Ол үшін оны қолдану жөнінде берілген нұсқаулықты мұқият орындаған жөн. Линзаны дер кезінде алмастырып отыру түрлі асқынуларға жол бермейді.
Бетке макияж жасауға көзге линзаны киіп алғаннан кейін кірісу керек. Кірпікке жағатын тушьтарды әрбір үш ай сайын алмастырып отырған жөн. Өйткені онда микроорганизмдер болуы мүмкін. Көздегі бояуларды сабынмен жууға болмайды, оларды көзді тітіркендірмейтін арнайы заттардың жәрдемімен тазартады.
Көзге линза кигеннен кейін көру на шарламауы үшін мезгіл-мезгіл көз дәрігеріне тексеріліп, кеңес алып тұру шарт.
Б. Құрманғалиева, көз дәрігері
Оқуға кеңес береміз: Көз линзасымен ұйықтау қауіпті ме?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі