Ұлттық ойынды ұлықтайық!

2017 жылы Рухани жаңғырудың аясында елімізде сан түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине халқымыздың  көптен күткен бастамасы еді. Ата – бабадан мирас болып қалған ұлттық ойынымыздың бірі - асық ойнау. Біздің ұлттық ойындарымыздың көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Асық ойыны негізінде балалар ойыны болып саналады. Асық ойындарының 86 астам түрлері бар.  Асық ойыны әр өлкеде әр түрлі ерекшеліктері сақтаған. Асық ойыны баланы жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап,оларды дәлдікке,ұстамдылыққа, ептілікке тәрбиелейді. Өскелең ұрпақ тәрбиелеуге де тиімді құрал ретінде қолға алғанымыз жөн, себебі бұл ұлттық ойындарымызды ойнағаннан ұтылмаймыз. Бұл біздің төл өнеріміз  болғандықтан әр балаға үйреншікті жол. Адамды мақсатқа жетуге  тәрбиелейді. «Асық» үйірмесі Ақсу қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде 2012 жылы ашылды. Сол жылдан бастап асық ойнауды қолға алып жыл сайын тұрақты аталмыш ойын жүргізіп келеді. Жыл сайын мектепшілік сайыстар өткізіліп тұрады. Мектеп мұражайымызда  300 асық пен 20 сақамыз бар. Артта қалып жатқан 2017 жылы да қызықты сәттерге толы. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бастауыш сынаптарда «Асық»  үйірмесі енгізіліп, өткізіліп жатыр. Балалар асық иірудің түрлері мен ойын түрлерімен танысып, өте белсенді қатысады.

Бұл балалардың асық ойынына қызығушылығы жылдан жылға  артылуын дәлелдейді. Күзгі демалыс кезінде үйірме жетекшілері Штифель Г.Б., Токтагулова З.Т., Ережепова А.М., Теміртеков М.Б., Жаманбаева Д.Д. асық ойынынан 1 сыныптар арасында жарыс өткізіліп, оқушыларды номинациялар бойынша марапаталды.

Қараша айында «Асық party» өтті. Қараша айының 22 күні «Ұлттық ойынды ұлықтайық!» атты қалалық семинар өткізілді. Семинарға Ақсу өңірінің қалалық және ауылдық  мектептердің мұғалімдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың қорытындысы бойынша «Ақсу жолы» және «Сарыарқа самалы» газеттерінде мақаламыз  жарияланды. Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» орай  11-15 желтоқсан аралығында  3-4 сыныптардың оқушылар арасында асықтан мектепшілік жарыс өткіздік. Алдағы уақытта қалалық деңгейде оқушылар арасында жарыс өткіземіз деп жоспарлап қызу жұмыс жүргізілуде.

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)