Өлең, жыр, ақындар

Жас ата-аналар сатып алатын 18 керексіз зат

Үйдегі керексіз дүниелердің санын көбейтпей, қаржылық шығынды азайту үшін не істеу керек?

Баланың өмірге келуі – үлкен шығынды талап ететіні белгілі. Бірақ, көптеген ата-аналар бұл түсінікпен келіспей жатады.

Алғашқы жылдары қымбат заттарсыз-ақ баланы өсіруге болады. Соңғы сән үлгісіндегі дүниелерге шығындалмай, қажетті заттарды балалары өсіп қалған туыстардан немесе достардан алуға болады.

Жас сәбилерге арналған киімдер мен жаялықтарды керегінен тыс сатып алатындардың басым бөлігі – жас ата-аналар. Олар тәжірибесіз болғандықтан, жарнамалық ұсыныстарға сеніп қалады. Бесік арбаны несиеге алып, бір бөлмелі үйді қажетсіз заттарға толтыратындардың басым бөлігі де - осы жас аналар мен әкелер.

Үйдегі керексіз дүниелердің санын арттырып, қарызға батпау үшін мынадай қарапайым екі ережені ұстанған жөн:

1 -  Тек қажетті заттарды сатып алу;

2 -  Біреудің пайдаланған бұйымын пайдалану.

Көптеген отбасылар кереует, бесік арба, бесіктерді бір-екі рет қолданып, санаулы тиынға сатып немесе тегін беріп жатады. Мысалы, балалар бесік арбада небәрі жеті ай ғана жатады. Олар осы уақыт ішінде оны бүлдіріп үлгермейді.

Сонымен, босануға дайындықтың егжей-тегжейлі ережелері төменде көрсетілген. Нені сатып алу керек, нені тегін алған жөн және неден бас тарту керек деген сұрақтарға жауап іздейміз. 

Бесік арба, автокөлік орындығы, кереует - иә

Өте қажетті дүниелердің бірі – бесік арба. Оның қарапайм, жеңіл, оңай жиналатын және машинаға сыятындай шағын көлемде болғаны абзал. Бірден үш қызметті атқаратын бесік арбаны алмаған жөн. Себебі, оған бала отырған кезде, сіз ебедейсіз арбаны серуендейтін бесік арбаға алмастырғыңыз  келетіні сөзсіз.  Ең дұрысы ауыстырмалы блоксыз аспалы бесік сатып алған жөн болады. Аспалы бесіктің салмағы 4-7 келі болады. Баламен қоса бесікті көтеру анаға ауыр болады.

Сондықтан, жылжымалы автокөлік орындығын сатып алған жөн. Бірақ, мұның да бір кемшілігі бар. Төзімді орындықтарды алып жүретіндей етіліп шығарылмайды, ал аспа бесік-орындықтар бала туылғаннан кейінгі алғашқы айларда ғана пайдаланылады. Егер ақшаңыз аз болса бірден 3-18 келіге арналған автокөлік орындықтарын іздеген дұрыс.

Маңызды заттардың тағы бірі – кереует. Аспалы бесікті емес кереует алғаныңыз дұрыс болады. Олар әрине әдемі, бірақ, балалар оған тек алты айға дейін жатып, тіпті кейбір балалар бесікке жатып та үлгермейді. Кішкентай балалар жиі ата-анасының жанында  ұйықтайтынды. Егер балаңызға кереует алатын ақшаңыз болмаса немесе оны қоятын жер болмаса – оны кейінге қалдырыңыз.

Нені алмаған дұрыс

1. Манеж. Балалар манеждің ішінде еңбектеп жүрмейді. Әрі балаларды манеждің ішінде ұзақ уақыт ұстау да зиян. «Контейнерлік балалар» деген түсінік бар. Ондай балаларға өмірінің алғашқы жылдарын бесік арбада, орындықтарда, манеждерде өткізіп, қозғалу мүмкіндігінен айырылғандар жатады.

2. Дамытатын төсекше. Ақшаны босқа шығындап, пәтердегі бос орынды алады. Баланың аунап, басын изейтін уақытынан еңбектеп бастайтын уақытына дейінгі кезеңі өте қысқа. Бала ол осы уақыт ішінде төсекшеде тек бір-екі рет қана жатып үлгереді.

3. Кереуеттегі электрлі сылдырмақ. Мұнда да дау туындайды. Бірақ, сылдырмақтың күн сайын бірнеше сағатқа сіздің балаңыздың көңілін ауламайтынын анық. Оның қызығы таусылғаннан кейін, кереуетінде ілулі тұрған сылдырмақтан зерігетін болады. Өзіңіз елестетіп көріңізші, үнемі айналып, түрлі-түсті жанып-өшетін және өлең айтатын құрылғы басыңыздан бір метр жоғарыда ілініп тұрса, қандай күйде болар едіңіз?

4. Жөргектеуге арналған үстелі мен тақтай. Босанғаннан кейін бірнеше күннің ішінде балаңыздың жаялығын жылдам ауыстыратын боласыз. Арнайы орынға жеткенше немесе тақтайды орнатқаннан да тезірек ауыстырасыз. Сонымен қатар, бала да күн санап өседі. Үш айлық болғанда оның бойы 60 сантиметрге жетеді, ол кезде оны үстелге жатқызып, жаялығын ауыстыру қиынға соғады.

5. Секіргіштер мен жүріс арбасы. Жастайынан баланың омыртқасына салмақ түсірген дұрыс емес. Егер сәбиіңіз сегіз айлығына дейін еңбектемесе және бір жарым жасқа дейін жүрмесе, демек оның бұлшықет жүйесі әлі жетілмеген. Баланы невролог дәрігерге тексерткен жөн. Жүріс арбасы мен секіргіштер ата-аналардың бос уақытын ұзартқанымен, баланың денсаулығына зиян келтіреді.

Сүтсауғыш, горшок, бұлау - иә

Ата-аналар үшін жасап шығарылған құралдардың ішінде  сүтсауғыштың пайдасы сөзсіз тиеді. Сүтсауғыштардың екі түрі бар: электр және қолмен жұмыс істейтін. Қолмен жұмыс істейтін сүтсауғышты пайдалану өте оңай және электрлі сүтсауғышқа қарағанда, сүтті тез сауады.

Баланың ваннасы да маңызды заттардың бірі. Сондай-ақ, балаңыз бір жасқа толғанда горшок сатып алуыңызға тура келеді. Кейбіреулер баланың 28 айға дейін (екі жастан асқанда) әжетханаға барғысы келетінін айта алмайды деп сендіреді.

Не қажет емес

1. Қолданылған жаялықшаларды өңдеуіш. Сіз оны қолданбайсыз. Ол өте ыңғайсыз. Ол өңдеуші емес, оны жинағыш және нығыздағыш деуге болады. Жаялықшаларды жинап қайтесіз? Оларды күніне бір рет шығарып тастау керек, өйткені олардан сасық иіс шығатын болады.

2. Бөтелке жылытқыш, стерилизатор мен кептіруге арналған құрал. Сәбиге  кейде қоспа беруге (ауырып қалсаңыз) тура келеді. Бірақ бөтелкелерге арналған осындай құрылғылардың қажеті жоқ. Олар бос орын алып, үйдегі керексіз заттардың қатарын толтырады.

3. Суға арналған термометр. Бұлауда баланы күйдіріп алу немесе оған суық тидіріп алу қиын. Екінші немесе үшінші күннен бастап судың температурасын өзіңіз анықтап, термометрді іздеуге ерініп қаласыз.

4. Денеге арналған электронды термометр. Арзан термометрді алудың қажеті жоқ: олар температураны дұрыс көрсетпейді. Егер балаңыз ауырып қалса – сынапты қызуөлшегішке жүгінесіз.

5. Балаларға арналған асхана аспаптары.  Балалар шай қасықпен тамақ іше алады. Оған қоса, балаларға арналған барлық дерлік ыдыстар белгісіз пластиктерден Қытайда жасалады. Ол ыдыстарды ысытқан кезде улы заттар бөліп шығармайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал балаларға арналған пластик шанышқымен жейтін заттарды қасықпен де жей алады.

6. Балаларға арналған қайшы.  Олар дұрыс қимайды, сондықтан да қарапайым маникюр жасайтын қайшымен баланың тырнақтарын тез аласыз.

7. Емізік. Егер балаңызды емізетін болсаңыз, емізіктің еш қажеті жоқ

Жөргектер – иә.

Егер сіз бір рет пайдаланылатын жөргектерді қолданатын болсаңыз, онда сіз тәулігіне орта есеппен төрт-бес данасын пайдаланасыз. Егер көп рет қолданылатын  жөргекті алғыңыз келсе – бірден алты данасын сатып алғаныңыз дұрыс. Бұл жаялықшалардан алғашқы бір-екі апта қолданғаныңызда ғана ағып өтеді (материалдың ерекшелігі), бір күн артқан сайын ағып өтуі азаяды. Екі аптадан кейін сапалы материалдан жасалған көп реттік жөргектер ылғалды үш-төрт сағатқа дейін ұстап тұратын болады. Сонда күніне үш жөргек қолданасыз. Ал, бір рет қолданылатын жөргекшені түнде пайдаланасыз. Екі ауыстырғышы бар сапалы көп реттік жаялық 2000 теңге тұрады. Немесе алты данасын алу үшін 10000 теңгеңізді жұмсайсыз. Бұл ақшаға жеті үлкен жаялықша қаптамасын сатып алуға болады. Немесе 300 дана.  Бұл тек 75 күнге жетеді.

Не қажет емес

1. Балалардың душқа арналған гелі,  сусабындар. Олардың құрамында натрий лауретсульфаты болады (ыдыс жуатын сұйықтықтың құрамындағы қосынды). Сәбиіңізді шомылдыру үшін балалар сабынын пайдаланыңыз. Және оны жиі қолданбаңыз. Күн сайын жуынуға арналған гельді немесе душқа арналған көпірткішті қолдану салдарынан терінің иммунитетін құртасыз – балаңызды жай сумен шомылдырыңыз.

2. Лосьондар, денеге арналған жақпа майлар.  Құрамын оқып шығыңыз – ол жерде тек химия жазылған. Балаларға арналған косметика өндірушілердің барлығы дерлік парабеннен бас тарта қоймаған. Егер баланы қымтап орамай, уақытылы жуындырып, күнде таза суда шомылдырсаңыз, ол абыржымайды. Егер оның денесінде бірдеңелер пайда болса, оны ласьонмен емдемей, дерматолог дәрігерге көрсету керек.

3. Ылғалды майлықтар. Балаңызды сүртіп емес, жуындырып тұрыңыз. Әрине, ылғалды майлықтардың үйде болғаны дұрыс. Бірақ, олардың саны тым көп болмау керек. Өкінішке орай, балаларын күніне бір немесе екі рет қана шомылдырып, жаялықтарын ауыстыратын кезде майлықпен сүртіп қөоя салатын отбасыларды бар. Бұл адам шошырлық нәрсе, әрі гигиенаға жатпайды, оның үстіне қымбат (екі күнге арналған жақсы майлықтардың қаптамасы кем дегенде 500 теңгені құрайды).

Киім мен жаялық – иә. Бірақ көп емес

Алты айға дейін балалар киімдерін бүлдірмейді. Киім үшін ең қауіптісі – олардың лоқсығаны. Балалар киімдеріне ағызып тамызбайды, себебі ол өзі тамақтанып, өзі су ішпейді (егер емізулі болса), жалғыз өзі қыдырып, топырақпен ойнамайды. Бірақ, тез өседі, сондықтан көп киімдерін киіп те үлгермейді. Осы алты айдың ішінде олардың шкафтарында түртілмеген киімдер көбейеді – ата-аналар емізулі балаларына ондаған көйлек пен джинс, жейделер сатып алады. Туыстары міндетті түрде әдемі шағын костюмдер мен бодилер сыйға тартады.

Сәбиге әр өлшемнен бес сырғыма (ползунки),  жейде, комбинезон, боди, екі бас киім, бір жылы күрте, бір жылы бас киім мен сыртқа киетін екі киім жетерлік.

Егер үнемдегіңіз келсе, осы жинақтардың 56-62 және 62-68 өлшемдерін сатып алыңыз. Балаға осылардың өзі 8-9 айға дейін жетеді. Бұл жиынтыққа он жаялықты, үш-төрт жұп шұлық, бірнеше ішкиім, бір тәпішке, бір бәтеңке мен бір жасқа дейін киіп жүретін бір комбинезон-трансформерді қосыңыз.

Балаңыздың алғашқы он айлығына дейін үнемді түрде киім мен жаялықтарды қоса алғанда, 75 зат қажет болады. Осы жиынтықтарды алсаңыз, балаңыз ештеңеден таршылық көрмейді, ал сіздің қолыңызда үнемі таза заттар болатыны анық. 0-9 ай аралығындағы балаларға арналған жаңа киімдердің жиынтығын, баланы алып жүретін эргоқоржынды қоса алғанда, 60 000-75 000 теңге жұмсайсыз.

Не қажет емес

1. Тырнамау үшін кигізілетін қолғаптар. Жаңа туылған сәбилердің тырнақтарды түссіз әрі жұмсақ болады. Оның тырнақтары қатайғанша, бала өз қолдарына өзі үйренісіп кетеді. Ал, балалардың тырнақтарын туылған кезден бастап алуға болады.

2. Балаларға арналған төсек-орын жабдықтары. Оның орнына тек жаялық қолдануға да болады.

Тамақ туралы не білеміз?

Бұл жерде бәрі оңай. Ең дұрыс тамақтандыру – емізу. Егер қандай да бір себептермен баланы емізе алмасаңыз – қоспа беріңіз. Алты айға дейін балаға басқа ештеңе қажет емес. Кейін оған өзіңіз арнайы тамақ пісіргеніңіз дұрыс. Өзіңіз көкөністер (бақшадан) қайнатып, ботқа пісіріңіз, жеміс-жидектерден пюре дайындаңыз.

Аптасына орта есеппен сегіз айлық бала 10000-12000 теңгенің тамағын тұтынады. Немесе айына 50000 теңге – бұл өте көп қаржы болуы мүмкін. Бірақ, мұндай шығындардан құтылуға болады, мысалы қажет емес, пайдасы жоқ балалар ботқасын, пюре мен піспенандарды сатып алмаңыз.

Бұл мақаладағы дүниелер - балалардың тек бір жасқа дейін қолданатындары. Қосымша дәрі-дәрмектер, ақылы тексерулер, такси мен тіс шөткесі, ойыншықтарға жұмсалатын қосымша шығындарды да есепке алған жөн. Оларды есептемеуге де болады – себебі олар арзан әрі жиі сый ретінде беріледі.

Дереккөзі: mel.fm


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

назира

өте керемет айтылған,дұрыс жазған бәрін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар