Көліктер

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясы
3 «в» сынып оқушысы Хасанов Әділетбек
Жоба жетекшісі: Озғанбаева Алтынай

 

ПІКІР

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында әрбір адам сапалы және терең білімді, іскер, белсенді шығармашылық жұмысқа қабілетті болуы қажет. Сондықтан, мектептегі оқу процесіндегі негізгі мақсат - оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын дамыту, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.

Бұл ғылыми жобада Әділетбек көліктерді зерттеген, оның шығу тарихын, түрлерін  баяндайды.

Бұл жобаны дайындауда, ол көліктер жайлы көп мәлімет алумен қатар ғылыми - зерттеу жобаны жоспарлауды, жүргізуді және жазуды үйренді. Сонымен бірге, өзінің еңбекқорлығын, шыдамдылығын және ақылдылығын көрсете білді.

Қорыта айтсақ, ғылыми жоба құнды, оқушының еңбегі бар және орта мектептегі ғылыми жобалар талаптарына сай деп есептеймін.

Ғылыми жетекші:  Озғанбаева А.К.

 

ЖОСПАР   

Кіріспе      
Көлік деген не?
Автокөліктер тарихы мен әлемі.
Мотоцикл мен велосипедті жүргізу.
Су көліктері.
Әскери көліктер.
Су асты көліктері.
Жолаушы және жүк тасымалы.
Көкке қанат қаққандар.
Аспандағы көліктер.
Темір жолдағы көліктер.
Поездың бумен, дизелмен және электрмен жүретін түрлері.
Жұмысқа арналған көліктер.
Әлемдегі қазіргі көлік түрлері.

 

КІРІСПЕ

«Көлік» дегеніміз жолаушыны, тауарды және нәрселерді бір жерден екінші жерге тасымалдауға, жеткізуге арналғын құралды айтамыз. Былайша айтқанда, қара жолмен, темір жолмен, су және әуе жолдарымен жүруге арналған құрал түрлерінің бәрі көлік болып саналады.

Осыдан 175 жыл бұрын ең жылдам көлік түрі - кәдімгі ат болатын. Сосын велосипед пайда болды. Жылдамдығы тым күшті болмағанмен, ол жайлы болатын. 1885 жылдары мотоцикл пайдаболды. Ол бензин арқасында жүретін. Бұдан кейін машинаға кезек келді.

Машинаның қол жетімділігіне, жылдамдығына және жайлылығына сұраныс күшейіп, соған орай машина тез танылды. Дамылсыз дамудан машинаның спорттық, жарыстық түрлері пайда болды.

Су көлік жүйесі де соңғы азуақыт ішінде үлкен өзгерістерге ұшырады. Ескекті және желкенді қайықтың орнын бумен жүретін кемелер басты. Ал оның орнын, дизльмен жүретін катерлер және жолаушы кемелері келді.

Ағайынды Райттардың (Wriqht Brothers) әуе кемесінен басталған ұшатын көлік түрлері тез әрі үлкен қарқынмен және тұрақты түрде дамыды.

Сан алуан көлік түрлері тек жолаушы не тауар тасумен ғана шектелмейді. Соғыс кезінде әскери, жойғыш ұшақтар, танкілер, әскери теңіз кемелері, бомбалаушы ұшақтар сияқты, басқада осы санатттағы машина түрлерінің маңызы ерекше болды.

Көлік деген не?

Көлік атауы – кісілердің тауардың, хабардың мәліметтің және басқа нәрселердің  бір жерден  екінші жерге жеткізілуімен тікелей байланысты. Сондай-ақ бір жерден екінші жерге жетіп алу үшін де әр қилы көлік түрлерінің қызметін қажет етеміз. 

Көлік түрінің негізгі төрт категориясы бар. Олар – қара жолмен, темір жолмен, су жолымен және әуе жолымен жүретін көліктер. Автокөлік, автобус, мотоцикл, скутер, жүк көлігі, машина т.б көліктер кәдімгі жолмен жүреді. Темір жол көліктері «рельс» деп аталатын темір жолдың үстімен қозғалады. Пойыздың жолаушы тасымалдайтын және жүк таситын түрлері бар. Қара жол немесе темір жол көліктері секілді, теңіздегі кемелер де жолаушы және жүк тасуға арналған. Сонымен қатар, круиз жасайтын кемелер – әлемде серуен жасаудың ең танымал көлігі.  Қорыта айтқанда, аспан жүзінде де көліктің әр түрі бар – үлкен ұшақтар, жүк ұшақтары, планер (ауадан ауыр маторсыз ұшу апараты. Әуедегі планер өз салмағының әсерінен көлбеу траекториямен қалықтайды), тікұшақ т.б – бәріде адам немесе жүк тасуға арналған.

Автокөліктер тарихы

Археологтар «Месопотамияда немесе Азияда б.д.д 4000-3500 жылдар аралығында дүниеге дөңгелек келген соң, көлік міну де пайда болды» деп есептейді. Ал автокөлік тарихы ХV  ғасырдан басталды. Сол кезде Леонардо да Винчи көліктің дизайны мен моделін жасаған болатын.

       

Германиялық Карл Бенс 1885 жылы өзінің алғашқы автокөлігін жасап шығарды. Ол «Атсыз арба» деп аталды. Автокөлікті көп мөлшерде шығару ісі 1902 жылы басталды.

Оны кейін Генри Форд кеңейте түсті. Форт 1908 жылы алғаш рет көпшілікке арналған көлік – «Қаңылтыр Лиззаны» алға тартты.

1769 жылы Николя – Жосеф Куньо француз армиясына арнап тұңғыш өздігінен жүретін автокөлік құрастырып шығарды. Германиялық Готтлиб Вильгельм Даймлер мен Вильям Майбах 1886 жылы «Канстатт-Даймлер» деген атпен мәлім, төрт такталы қозғалтқыш орнатылған алғашқы төрт дөңгелекті көлікті ойлап тапты. Чарльз Эдгар Дурея өзінің бауырымен бірлесіп, газбен жүретін алғашқы көлікті шығарды. 1960 жылдары әлемде электрлі механизммен жұмыс істейтін көлік қолданысқа енді. Автокөлік шығарушылар ақырындап қауіпсіздік пен сенімділікке көбірек көңіл бөле бастады. Сән–салтанаты келіскен автокөлік екі дос Роллс пен Ройс 1907 жылы Англияда әдемі жабдықталған машина шығарды. Содан бері жақсы жабдықталған көлік осы есімдермен байланыстырады. Қазір әлемде автокөлікті әртүрлі жабдықпен қамтылған сан түрі шығарылады.

Автокөліктер әлемі

Біз әрдайым жолда автокөліктің жаңа үлгісін көреміз. Оларды сыртқы көрінісі мен сыр - сипаты адамды қызықтырмай қоймайды. Ол машиналардың басын көпшілігі басқару жүйесімен және қауіпсіздіктің заманауи қондырғыларымен қамтамассыз етілген. Жабдықтар, жүрісіндегі жеңілдік, жанармайдың жеткілікттілігі, климаттық бақылау т.б – қазіргі автокөліктерде болатын сыр-сипатқа жатады. Спорт және жарыс көліктері де жұрттың ықыласын ерекше аударады. Спорт көліктері ләззат алу үшін де, жарысу үшін де пайдаланылады. Жарыс көліктерінің жылдамдығын аса жоғары деңгейге жеткізуге болады. Қауіпсіздік үшін ондай машиналарды қоғамдық жолдарда жүргізуге тыйым салынған. Сондықтан да олардың өздеріне арналған дайын жолдары болады. Мұндай машиналар тастақты жолдармен жүруге бейімделіп жасалады. «Ф-1» деген атпен танымал «Формула-1» автокөлік жарысының ең озығы. Бүгінгі күні баламалы жанармай түрлерімен жүретін көліктер тез тарай бастады. Ондай автокөлікті жүргізу үшін жанармайдың қажеті жоқ. Мұндай көлік түрлері үшін сығылған ауа, сұйық азот, биодизель, биогаз, алкоголь, аккумулятор және басқа нәрселер пайдаланылады.  

Мотоцикл мен велосипедті жүргізу

Велосипед ерте кездерден-ақ ең тиімді көлік болып саналды. Оның көмегімен өте жылдам қозғалуға әрі денені шынықтыруға болады. Велосипед педальдің көмегімен жүргізеді.

Ал, педальді адам өз аяғымен басып отырады. Қытайда, Ветнамда және тағы бірқатар Азия елдерінде велосипед – кең тараған көлік. Қолмен басқаратын велосипед пен рикша - (жаяу адам сүйрейтін екі доңғалақты жеңіл арба) көптеген. Азия елдерінде өте танымал қоғамдық көлік болып табылады. 1870 жылдары велосипедке бу қозғалтқышы орнатылды. Велосипед көлемі тым ұлғайып кетті. Алайда, 1885 жылға қарай велосипедке бензинді жанармай ретінде қолданатын қозғалтқыш бекітілді. Ол жүргізушіні шаршатпайтын. Харлей Девидсон – соңғы 100 жылдағы мотоцикл сатушы компаниялардың көшбасшысы. Соңғы жылдардығы велосипед пен мотоцикл арасындағы бәсекенің тигізген пайдасы өте көп. Бұл бәсеке оларды жасауда көптеген технологиялық жаңалықтар енгізуге түрткі болды.

Су көліктері

Қайық – көліктің ең ескі түрі болып табылады. Ертеректегі қайықтар ағаштан жасалатын және айналмалы ескектің көмегімен жүретін. Ежелге Мысырлықтар, шамамен 5000 жыл бұрын алғаш болып өзенде, теңізде жүзу үшін желкенді пайдаланды. Қытайда шамамен бұл да сол кезеңдерде, тасымалдау үшін желдеткіш тәрізді желкен түрін қолданған.

Бүгінде кемелер – сауда-саттық, құрлыс және әскери мақсатта адам мен тауарларды, т.б нәрселерді тасмылдауға пайдаланылатын. Ең мүшһүр көліктерлің бірі. Су көліктері айлақтар мен теңіз порттарын тұрақ ретінде қажеттеріне жаратады. Кемелерге арналып белгіленген теңіз маршруттары болып табылады. Олар айлақтарға да белгілі кесте бойынша келіп кіреді.

Кеменің сан қилы түрі болды. Олар қызметтеріне қарай ерекшеленеді. Авиатасымалдаушы, жүк кемесі контейнерлі кеме, кран кеме, саяқат жасауға арналған кеме, сал кеме, күзетші кеме, топырақ тастауға арналған кеме, ауа тұғырықты кеме, су асты қанаты бар кеме  реактивті қозғалтқыш орнатылған су асты қанаты бар кеме, мина тазартушы кеме, мұхит лайнері, жолаушылар кемесі, желкенді кеме, сүңгуір кеме, зерттеу жұмыстарына арналған кеме – осының бәрі әдеттегі су көлігінің түрлері осылардың қай-қайсысын да суда көріп қалуымыз әбден мүмкін.

 Әскери көліктер

Біздің заманымызды жау нысанына жермен шабуылдауға арналған көлік түрлеріне танк, өздігінен жүретін зеңбірек құрылғыларын, сауытты  машина, сауытты поезд т.б жатады. Мұндай машиналар оқ өтпейтін сауытпен қапталады. Сондай-ақ, олар қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Әскери кемелер бірнеше мыңдаған жылдардын бері елдің жағалауы мен шекара аймақтарын қорғауда пайдаға асып келеді. Гректер жау кемесімен соғысу үшін «Трирема» деп аталған соғыс кемелерін жасаған.

Есіңде сақта!!!

Соғыста пайдаланылған алғашқы су асты кемесінің пішіні жұмыртас тәріздес болған. Оны 1770 жылы Дэвид Бушнел жасап шығарған.

ХVІІ ғасырдағы кемелерде зеңбірек тізіліп тұратын. Олар кеменің бүйіріндегі ойықтардын атқылауға арналған еді. Соғыс кемелерінің құрылысы ХІХ ғасырда сауатты кемелер шықққан соң, түбегейлі өзгерген. Уақыт өте келе, әскери кеме жетілген үстіне жетілуде. Жердегі немесе судағы түрлерімен салыстырғанды, әуе әскери машиналарының талқандағыш күші басым. Жойғыш ұшақ, тікұшақ секілділер көптеген жылдардан бері қолданыста. Олар талай жердің талқанын да шығарды.

Су асты көліктері

Су астында стратегиялық  әрекет жасайтын арнайы кемені «Сүңгуір қайық» деп атайды. Сүңгуір қайық теңізде, өзен-көлдерде ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуге жиі қолданылады. Аквалангистер (ауамен тыныс алуға мүмкіндік беретін, су астында жеңіл жүзу құрылғысын киіп жүретін адамдар) жете алмайтын мұхиттың өте терең жерлеріндегі жұмыстарға тигізер пайдасы зор.

Сүңгуір қайықтың көбі әскери теңіз ісіне арналады, яғни су астында соғыс үшін құрастырылған. Олар негізгі қару түрі ретінде зымыран қондырғылармен жене торпедолармен жабдықталған. Қазіргі сүңгуір қайықтар сигараға ұқсатып жасалады, бір жағынан су өткізбейтін ыдыс сияқты. Судың бетін бақылау үшін перископ қолданылады. Сүңгуір қайықта тыныс алу үшін қажет арнайы берік камералар болады. Арнайы камералар су астына кетер кезде ауамен және сумен толтырылады.

 Америкалық ғылым Роберт Фултон сүңгуір қайықты ойлап тауып, 1800 жылдары ең атақты адамға айналды. Осыдан 30-40 жыл бұрын сүңгуір қайықтық көбісі қайта жабдықталу үшін су бетіне шығып тұруға мәжбүр болатын. Ал қазіргі сүңгуір қайықтар ядролық қозғалтқышпен жобдықталған. Олар су астында бірнеше ай бойы жүре алады. Су асты қондырғыларының тағы бір түрі сүңгуір мұнара деп аталады.

1960 жылы екі ғалым мінген «Триеста» деп аталатын зерттеру сүңгуір қайығы Тынық мұхиттаға Мариана шұңғымасында 10912 метр тереңдікке түскен. Мариана шұңғымасы – жердегі ең терең нүкте болып табылады.

Жолаушы және жүк тасымалы

Құрлықтағы, судағы және әуедегі жолаушы көліктері бір жерден екінші жерге адам тасумен айналысады.  Теңіз қатынасында кейбір тек адамдарды, кейбіреулердің  адамдарды да, жүктерді де  тасиды. Кеменің (жолаушы кемесі), (жүк кемесі)деген түрлері болады. Дегенмен, (сал) секілді басқа кеме түрлері адамдарды көліктермен бірге алып жүреді. Жолаушылар кемесімен сал кемелердің сапары, салыстырмалы түрде айтқанда, бір күндік жолдан аспайтын қысқа болады. Мұхит кемелері теңіз бен мұхитасып сапар шегетін жолаушыларды тасымалдайды.

Қара жолдар мен  темір жолдарда тауар апара жатқан жүк көліктерін, автокеруендерді, жүк поездарын көруге болады. Жүк көліктері жақын қашықтыққа арналған. Ал, алыс жерлерге жүк тасымалдау үшін жүк поездары мен автосестерналар пайдаланылады. Қоғамдық көлік қызметін қамтамасыз етуге арналған автобустар немесе таксилерде бар. Ұшақтық да жолаушылар және жүк тасуға арналған түрлері көп. Кейбір жүк тасымалымен айналысатын авиажелілері жолаушы тасымалдайтын ірі компаниялары мен ынтымақтасып жұмыс істейді.

Көкке қанат қаққандар

Адамдар құсқа қарап ұшуды армандаған. Әуе шарының ұшырыла бастағанына 200 жылдан асты. ХІХ ғасырда планер пайда болды.

1903 жылы Орвиль және Вильбур есімді ағайынды Райттар ұшақ жасаудың алғашқы сәтті қадамын жасады. 1919 жылы Эл Кок және Браун деген екі ағылшын ұшақ тұңғыш рет Атлант мұхитын көктей АҚШ-тан Европаға дейін тоқтамай ұшып өтті.

Авивлайнер аталатын жолаушы ұшақтарының коммерциялық сапарға шығуы 1930 жылдардан басталады. Ең алғашқы комерциялық ұшақ ретінде 1933 жылы «Бионг-247» ұшағы тіркелген болатын. Ол бар болғаны 100 жолаушы алып жүрген Реактивті ұшаққа арналған қозғалтқыш 1950 жылы жасалды. Ал алғаш реактивті ұшақ 1952 жылы пайда болды. Реактивті ұшақтың жаңа түрі 1956 жылы шықты. 1970 жылдары қос палубалы аса үлкен «Боинг-747» ұшағы қолданысқа енді. Ол 500 ден аса жолаушы алып ұша алды. Адамдардың жылдам ұшсам деген құлшынысы 1976 жылы «Конкордты»  дүниеге әкелді. 100 жолаушылық бұл ұшақ дыбыстан екі есе жылдам ұшады. Алайда, ол өте шулы болғандықтан, 2003 жылы қолданыстан алынып тасталды.

Ең алғаш халықаралық сапарға 1909 жылы француз ұшқышы Лун Блериот өзінің «Тип-1» ұшағымен франциядан Англияға ұшып, алған халықаралық сапар жасады. Кейін «Тип-11» ұшағының 100 – ден аса нұсқасы жасалған.

Аспандағы көліктер

Ғалымдар қашанда жайлы, қауіпсіз әрі жылдам ұшатын аппарат жасауға күш жұмсап келеді.

Бүгінгі күні ұшақ соғыстағы әскери қимылдардан бастап, пестицид суару, егіс даласына тыңайтқыш себу жұмыстарына дейін пайдалынады. Ұшақтар басқа көлік бара алмайтын жерде мұқтаж жандарға көмек көрсету, ұрыс жүргізу немесе адамдар мен жүкті тасымалдау кезінде керек. Жылдамдығы жоғарғы ұшақ 1974 жылы пайда болды. Планер, құбыр желдеткішті қозғалтқыш орнатылған реактивті ұшақ, реактивті ұшақ, дыбыстан жылдам ұшақ, зымыран қозғалтқышты аппарат, ауа-реактивті қозғалтқыш орнатылған ұшақ, ауа-раоктивті  қозғалтқыш орнатылған гипердыбысты ұшақ, осының бәрі – аспанда қалықтайтын көліктердің тыныс түрлері. Бизнес класс үлгісіндегі реактивті ұшақтар іскерлік мақсаттағы кісілердің шағын тобын тасымалдайды.  Бомбылаушы ұшақтар бомба тастау үшін  жұмсалады. Алғашқы шабуылдаушы ұшақ 1942 жылы ұшырылды. АҚШ пен Ресей радар экранына түспейтін елес – ұшақ жасап шығарды. Тұңғыш тікұшақ 1907 жылы Франциядан ұшырылды. Тікұшақ үстіндегі шыр айналып тұратын қалақшалардың арқасында көтерілді. Олар кез келген бағытқа ұша алады және ұшарда жылдамдығын арттыруы шарт емес.

Дельтапланеризм деген дельтапланмен қалықтап ұшу спорты. Мұнда ұшқыш жеңіл матадан жасалатын орасан зор қанаттың астында ілініп тұрады. Таулы жерден жүгіріп келіп секіріп, ұшады желдің бағытын өзгертіп отыратын қондырғысы болады.  

Темір жолдағы көліктер

Поезд релъстің үстімен және бумен, дизельмен немесе электрмен басқарылатын қозғалтқыштың көмегімен жүреді. Поезд жасауда қолданылған  әуел бастағы технология арада өткен бірқатар жылдар ішінде көптеген өзгерістер енгізілген. Қазір көптеген елдерде поезд бар. Үстімен поезд жүретін рельстің ара қашықтығы, негізінен біріңғай 120 сантиметр шамасында болып келеді. Алайда, Үндістан секілді кей елдерде бұл 140 сантиметрге тең бірқатар елдерде рельстердің арасы тіпті, бір мерге де жетеді. Поездің кейбір түрлері жолаушы тасыса, енді біреулері жүк тасуға арналған. Жолаушы тасымалдауға арналған поездар екі түрге бөлінеді. Жүрдек поездар тек маңызды саналатын үлкен үлкен бекеттерге ғана аялдайды. Жүрдек емес, жай жолаушы поездары  барлық бекеттерге аялдайды. Дизельді немесе электр поездары  жолаушыларға қызметтің неше түрі көрсетіледі. Бумен қозғалатын поездар кей елдерде болмаса, қазір іс жүзінде қолданыста шықты. Поездар уақыт озған сайын жолаушыларға көрсететін қызмет түрлерін де арттырып келеді.

Ғажайып деректер.

•    Алғашқы темір жол қызметі жолаушыларға 1825 жылы, Англияның Стоктон мен Дарлингтон қалалары аралығында көрсетіледі.
•    Ең үлкен бекет Нью-Йорк қаласында. Оның 47 платформасы бар
•    Алғашқы жолаушылар поезы сағатына 12 шақырым жылдамдықпен жүрген.
•    Үндістанның Харагпур қаласын әлемдегі ең ұзын темір жол платформасы бар.

Поездың бумен, дизелмен және электрмен жүретін түрлері.

Әлемнің түпкір – түпкірінде кездесетін поездің толып жатқан түрлері өз бастауын 1825 жылғы Англиядан шықққан бумен жүретін поездан алады. Ертеректегі қозғалтқыштар дөңгелекті айналдыру үшін қажет буды алуда көмір мен ағаш жағылып, су қайнатылатын. Ең үлкен әрі қуатты бу машиналары Америкада жасалған. Олар «Үлкен Балақан» деп аталды. Олардың ұзындығы 1941-1944 жылдары 40 метрге жетті. Британдықтар сағатына 203 шақырым жылдамдықпен жүретін «Мулларел» бу машинасын жасап, әлемдік рекорт жасады. Бұл рекорд содан кейін жаңартылған емес. 1930 жылдары жолаушы тасымалында да, жүк тасымалында да бу машиналарын дизельмен жүретін түрлерін алмастырды. Бұлар әлде қайда тиімді әрі жылдам еді. Олар поезді өте жоғары жылдамдықпен алып жүретін және поезд жүргізушісі үшін де жайлы болу жағы ойластырылған. Дизельмен жұмыс істейтін қозғалтқыштар дүние жүзінде кең қолданылады. Бірақ оның қолданысы қоршаған ортаға әсер ететін болғандықтан, дизельмен жүретін поездың орнына электр поездар шығатын болды. Осылайша, ол алыс жолдарға жолаушы және жүк тасымалында кең қолданысқа ие болады. Сонымен қатар, электр поездар жақын қашықтыққа немесе жер астында қатынай береді.

Ғажайып деректер.

•    Лондонда ең ескі және ең үлкен жер асты темір жол желісі бар. Ол 1863 жылы ашылған. Желінің ұзындығы 408 шақырым.
•    660 жүк вагонынан тұратын ең ұзын поезд Оңтүстік Африкада жүреді. Оның ұзындығы 7 шақырымға жетеді.
•    «Зефир» деп аталатын ең жүрдек дизель поезы 1934 жылы АҚШ – та 12 сағатта 1600 шақырым жол алған.

Жұмысқа арналған көліктер.

Көліктің қоғам талабын қанағатттандыратын бірнеше түрі бар. Жүк көліктері – автобустар, жедел жәрдем, өрт сөндіргіш, жол тегістейтін және тағы басқа көліктер қоғамның әртүрлі саласында қызмет көрсетуге арналған. Жүк көліктері бір жерден екінші жерге жүк тасымалдауға қажет. Автобустар жолаушыларды қала ішінде де, қала сыртында да тасымалдауға қолданылады. Алыс сапарға арналған кейбір автобустардың орындықтары отырып ұйықтауға ыңғайлы. Таксидің қызметі – жақын қашықтыққа жолаушы тасу. Оны тез шақырып алуға болады. «Жедел жәрдем» машиналары науқас кісіні ауруханаға дейін апару үшін арнайы жасалған. «Жедел-жәрдем» көліктерінде бір – екі төсек, оттегі толтырылған баллон және ең қажетті медициналық құрал – саймандар болады. Алдындағы басқа көліктерге ескерту үшін, оған дабыл шығаратын және жарқ-жұрқ етіп, белгі беретін арнайы қондырғылар орнатылады. Өрт сөндірушілер бригадасы кез келген жердегі өрт сөндіруге арнап жасақталады. Өрт сөндіру көліктерінің сатысы, өрт сөндіретін мол суы, оны шашатын ұзын шлангасы болады. Ұзаратын крандары бесінші қабатқа дейін жетеді.

Әлемдегі қазіргі көлік түрлері.

Дүние жүзіндегі халық саны алты миллиардтан асты. Әлемнің кейбір үлкен қалаларында тұрып, тірлік жасау өте күрделі, уақыт жетпейді. Бұған қоса, адамдардың көбі жұмыс орнынан тым қашықта тұрудан басқа амалдың жоқтығын біледі.

Нью-Йорк, Токио, Лондон, Пекин, Шанхай, Мумбай, Дели, Рио – де-Жанейро, Буэнос-Айрес секілді үлкен қалаларда көліктің бір түрі жетісе бермейді тіпті, көпсалалы көліктің өзі де қаладығы күнделікті адам өміріне жетпейді. Бүгінді таңда әртүрлі көлік жүйелері тиімді жұмыс атқаруда бірін-бірі толықтырып тұратынын көруге болады. Автокөліктер – жеке тасымалда ең басты құрал болып табылады. Алайда, солардың кесірінен жол кептелістері орын алып, қарбалас сәттер көбейеді. Жол қозғалысын жайлы ету үшін автобустар, монорельсті жолдар, поезд, метро, транвайлар – бәрі бірдей жабыла жұмыс істеуге тиіс. Қалалардағы арнайы өткел, көпір, тротуар, велосипед жолы секілділер жүргіншілер мен велосипед мінген кісілердің қозғалысын реттеумен қатар, оларды заулаған автобус, трамвай, скутер, велосипед, автокөлік және тағы басқалардан аулақ жүруге мүмкіндік береді.

Аспалы трамвай – жалпы қоғамдық көлік жүйесінің құрамына кіреді. Оның вагондары үздіксіз қозғалып тұратын кабельмен  жүргізіледі. Ол белгіленген жылдамдықпен, белгілі бағытта жолаушы тасымалдайды. Қазір аспалы жолдың ең үздік үлгісі Сан – Францискода жұмыс істейді.

Әлемдегі ең көне метро жүйесі – Лондан мертосы. Ол 1863 жылы ашылған.

               

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Андрианов Ю.В «Введение в оценку транспортных средств» Масква
2. ҚР «Бағалау қызметі туралы Заңы» 30 қараша 2000 ж.
3. ҚР «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы Заңы» 15 наурыз 2002ж.
4. ҚР «Лицензиялау туралы Заңы» ҚР Азаматтық кодексі. «Қазақша –орысша терминалогиялық сөздік. Көлік және қатынас жолдары» Алматы: Рауан Танбаев Ж.Д, Кузнецов О.Г.
5. «Теория и практика оценки транспортных Толмачева С.С., Пушкина И.С «О переделах компетенции эксперта товароведа//
6. Энциклопедия жиынтықтары.
7. Интернет желісі.             


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (2)

Шынар

Тақырыпты кеңінен аша білген. Ғылыми жобамен таныса отырып қолданылған ақпараттар нақты деректерге сүйене отырып дайындалғандығы байқалады ☝

Жанат

Керемет жазылган ғылыми жоба. Əділетбектің жоба барысында ізденгені, талаптанғаны, еңбектенгені көрініп тұр. Жақсы мағлұмат алдық. Жарайсың!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)