Маңғыстаулық 15 оқушы Түркияда білім алатын болды

Ақтауда «Sabanci University» және «Compass Education» агенттігінің ұйымдастыруымен Халықаралық Олимпиада жеңімпаздары анықталып, оқу гранты және арнайы стипендиялар тағайындалды.

Айта кету керек, 11 сынып оқушылары арасында өткен олимпиадағабарлығы 214 оқушы қатысып, оның 56-сы қорытынды турдан сүрінбей өткен. Нәтижесінде,Түркияның «Sabanci» университетінде маңғыстаулық 15 оқушы білім алатын болды. Оның 6-ы 25%, тағы 6 оқушыға 50% және 2 оқушы 75% жеңілдік беріліп отыр. Ал 100% жеңілдік, яғни тегін грантты Ақтау қаласындағы мамандандырылған экономикалық лицейінің 11-ші сынып оқушысы Ақмарал Амантұрдиева ұтып алды. Ол енді 4 жыл бойы Түркияның астанасы  Стамбұл қаласындағы «Sabanci University» тегін білім алатын болады.

«Мен ағылшын тілін тереңірек оқуды 10-шы сыныпта бастадым. Ең алдымен«Compass Education» орталығында ағылшын тілі курсына қатыстым. Бос уақытымды тиімді өткізу үшін қолымнан кітап түспеді. Шетелде білім алу мүмкіндігі туралы мектепте мұғалімдерден естіген едім. Сол күннен бастап тіл үйренуге бел будым. Ал олимпиада кезінде екі турдан өттім. Біріншісі – тест. Ал екіншісі - сұқбат. Инженер мамандығын таңдадым. Қуанышымда шек жоқ. Өз-өзіме сене алар емеспін», - дейді ол.

Шараға Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері, облыстық білім басқармасының орынбасары Гүлмира Мамаева, ата-аналар және мұғалімдер қатысты. Сонымен қатар, шараға арнайы Түркияның «Sabanci University» аймақтық директоры Эбру Кочкеліп, оқу грантын және стипендияларды өз қолымен оқушыларға табыс етті.

«Compass Education» шетелде білім беру агенттігінің директоры Айжан Құлжабаеваның айтуынша, Түркияның «Sabanci» университетімен өзара ынтымақтастық орнаған. Енді«Compass Education» алдағы 3 жыл бойы маңғыстаулық оқушылардың шетелде білім алуына қол ұшын созуға дайын.

«Біз Ақтауда өз жұмысымызды өткен жылы қыркүйек айында бастадық. Жоғары сынып оқушыларын шетелде білім алуына ықпал етуге дайынбыз. Қысқа мерзімді курстан өтемін деушілерге де қолдау көрсетіледі.Біз тек Түркия ғана емес, әлемнің көптеген белді оқу орындарымен қоян-қолтық жұмыс жасаймыз. Сондықтан да, биыл 10-шы сыныпта оқып жатқан оқушылардың құлағына алтын сырға. 11 сыныпты аяқтаймын дегенше, ағылшын тілін барынша тереңірек меңгеріп, келесі жылы осындай олимпиадаға қатысып, грант немесе стипендия жеңіп алуға мүмкіндік берілетінін қаперіңізге береміз», - дейді ол.

 «Compass Education» шетелде білім беру агенттігіоқушыларға тек жолдама беріп қана қоймай,алғашқы бірінші курсты аяқтағанша студентпентығыз байланыс орнатып отырады. Себебі бұл студент үшін бейімделу кезеңі. Сол кезеңнен сүрінбей өткен соң, қалған оқу жылдарында студент өзін-өзі алып кетуі тиіс. Болашақ студенттің қажетті құжаттарын жинақтауды өз міндетіне алады. Виза рәсімдеп, оқушыларға білім алатын оқу орны, сол мемлекет туралы толыққанды ақпарат алу үшіналдын-ала арнайы тренинг ұйымдастырады.Сабақ басталған бойы студенттің сабағын, тәртібін, тұрмыстық жағдайынқадағалайды. Сондай-ақ, ата-аналарды да бұл процесстен тыс қалдырмайды.

Кәмшат Ізбасарова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)