Барлық бомбалардың анасы

Былтырғы жазда Құрама Штаттар тарихтағы ең қуатты ядролық емес қаруды алғаш рет сынап көрді. «Барлық жарылғыштардың анасы» ретінде белгілі  GBU-43 Massive Ordnance Air қопарылғыш заряды ИГИЛ позициясына (ҚР территориясында тиым салынған лаңкестік ұйым) тасталды. Әскерилердің нәтижесі расымен де таңқаларлық болды – әуеден шабуыл жасауға қиын болған, жердің тереңінде орналасқан бункер толықтай дерлік жойылды. Әрине оны жердегі операциялармен алу әлдеқайда жеңіл болар еді. Бірақ АҚШ үшін өз күшін көпшілікке көрнекі дәлелмен көрсету маңыздырақ еді. Енді бұл өте қуатты қарудың қандай екені туралы және одан шынымен қорқуға бола ма, сол жайында айтайық.

Атауы

Әрине Пентагонның оған жеңіл-желпі ат қоя салмайтыны анық. АҚШ Әскері «Барлық жарылғыштардың анасымен» емес, GBU-43/B MOAB-пен қаруланған. MOAB - Massive Оrdnance Air Blast, яғни қопарғыш қуаты бар ауыр жарылғыш деп жіктеледі. Бірақ сарбаздар оны — Mother of All Bombs, «Барлық жарылғыштардың анасы» деп атағанды ұнатады. Бір қызығы, ең әуелі оның атауы пайда болды. Тек содан кейін ғана оны осылай жіктеді.

Өлшемдері мен салмағы

MOAB-тың өлшемдері расымен де таңқаларлық. Жарылғыштың ұзындығы тоғыз метр, салмағы – 9800 килограмм. Әдеттегі әскери ұшақтар мұндай өлшемді жарылғышты тасымалдауға бейімделмеген. «Барлық жарылғыштардың анасын» керекті жеріне МС-130 ұшағы арқылы жеткізіп, жүк люгі арқылы тастайды. Арнайы GPS-трекер жарылғышты нысанаға дәлдеп көздеуге көмектеседі. Детонация (ұру күшінен жарылғыштың лезде, тас-талқан болып жарылуы) жерден бір метр жерде болады.

Валькирияның ұшуы

МОАВ-ты ұшуға аттандыру да оңай емес. Оны арнайы тұғырға орналастырады да, сонымен бірге тастайды. Тұғыр парашютпен жабдықталған. Ол әуеде ашылады да, жарылғыш төмен қарай сырғанап, арнайы қанаттарының көмегімен ауада тұрақтанады.

Әуеден шабуыл жасау

МОАВ-тың негізші жойғыш факторы – соққы толқыны. Далалық сынақтарда ол жарылыс орнынан бір жарым километрге артық радиусқа таралған. Соққының тротилдік баламасы сегіз тонна тротилге жуық. МОАВ-тың корпусы соққы толқынының жою радиусын арттыру үшін арнайы жұқа алюминиден жасалған.

Ол не үшін қажет?

МОАВ-ты бункерді жоятын қуатты жарылғыш ретінде жасап шығарған. Оны Ирак соғысы кезінде қарсыластардың көптеген жерасты бункерлері мен туннельдерін жою үшін дайындап, пайдаланбақ болған. Бірақ оны ол соғысқа мүлдем пайдаланбады. Өйткені Пентагон жау тылындағы бункерлерді жою үшін 16 миллион доллар (бір жарылғыштың құны) жұмсау тым көп шығын деп есептеді.

Одан да үлкені бар

Жақын уақыттан бері «барлық жарылғыштардың анасы» Пентагон арсеналындағы ең қуатты ядролық қару болып табылмайды. 2013-жылы АҚШ Әскерінде ресми түрде тағы бір үрейлі қару: Massive Ordnance Penetrator қопарылғыш заряды пайда болды. Оның салмағы 13 тоннадан артық және кез-келген деңгейдегі жерасты бекіністерін жойып жібере алады. Әрине оны соғысқа әлі пайдаланған жоқ. Сондықтан мұны әзірге теория ретінде қабылдай тұрған дұрыс.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)