http://a-brands.kz/

ЖОО-ға түсу өтінімдерін ұялы телефон арқылы беру енгізілмек

Білім министрлігі жаңа цифрландыру Тұжырымдамасын даярлады. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Әлем тез дамуда. Біз оны көріп отырмыз. Біздің балалар жылдам өзгеретін әлемде өмір сүретін болады. Біз басқа мемлекеттердің жетістіктері мен кемшіліктерін сараптап, жаңа цифрландыру тұжырымдамасын дайындадық. Осы тұжырымдама негізінде бір үлкен сұраққа жауап беру керек, яғни цифрландыру аясында балалар, мұғалімдер, Үкімет, халықпен барлығымыз қандай нәтижеге қол жеткіземіз? Біріншіден, бұл - бар ақпаратқа жалпы қолжетімділік және мобильдік. Осы орайда, балалар, мұғалімдер, мектеп директоры, ата-ана болсын қажетті ақпаратты әрі қызметтерді кез келген жерден өз ұялы телефонынан алуға мүмкіндік болады», - деп тоқталды Е. Сағадиев.

Бұл тұрғыда қойылған баға, үй тапсырмасы, бүкіл әлемнің үздік цифрлық білім беру ресурстарды, оқулықтарды көруге болады.

«Сонымен қатар, үйден шықпай ол мектепке, колледждерге, жоғары оқу орындарына түсу, құжаттарын тапсыру, басқа мектепке ауысу және сол сияқты жұмыстарды ұялы телефонмен жасау мүмкіндігі болуы тиіс. Мұнымен қоса, сабақ кестесін жалпы деректер базасына жинақтай аламыз. Онда оқушы мен мұғалім өз портфолиосын қарай алады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, цифрландыру халыққа ашықтықтықты қамтамасыз етеді. Міндетті түрде барлық ақпарат, яғни мектептердің, жоғары оқу орындарының басшыларын тағайындау бойынша, гранттарды бөлуде, балабақшаға кезекке тұруда, аттестат пен диплом алудың барлығы порталда ашық болады.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)