Атырауда мұғалімдер біліктіліктерін арттырды

Атырауда мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы жоғарылауда. Мұғалімдерді оқыту семинары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өтуде, деп өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Оқу семинарлары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кітапханасында ұйымдастырылды.

«Тренинг төрт деңгейде өтеді. Біріншісі компьютерлік және мобильді гаджеттерді пайдалану дағдыларын қамтиды, екіншісі транзакциялық дағдыларды, сондай-ақ, «электрондық және ашық үкімет» қызметтерін пайдалану, қызметтерді алу және төлеу, үшінші деңгей ғаламторда тауарларды және қызметтерді сатып алуға, сатуға және таратуға байланысты, төртінші - цифрлық құрылғыларды пайдалану дағдысы»,- дейді Атырау облысы әкім аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімі меңгерушісі міндетін атқарушы Нұрлыбек Дауылбаев.

Екі күндік семинарларға қаладан емес, аудандардан да келген мұғалімдер қатысуда. Қазіргі кезде 87 мұғалім цифрлық сауаттылығын арттырды.

«Мұғалім үнемі өз-өзін дамытып отыруы керек. Мұндай семинарлар уақыт ағымынан қалмауға мүмкіндік береді», - деді Құрманғазы ауданынан келген информатика пәнінің мұғалімі Нұрболат Утеков. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)