Алматылық оқушылар БАӘ-де менталды арифметикадан өткен жарысты жеңіп алды

Алматыдағы «Advance» зияткерлік дамыту орталығының оқушылары Біріккен Араб Əмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарыстан жүлделі оралды.

Бүгінде елімізде оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы математикалық білім беруге баса назар аударылуда. Соның бірі - менталды арифметика әдістемесі. Аталған бағыт бойынша қазақстандықтардың әлемдегі жетістіктері де аз емес.

Мәселен, осы күндері БАӘ елінде аяқталған менталды арифметикадан өткен халықаралық жарыстан Алматыдағы «Advance» зияткерлік дамыту орталығының оқушылары жеңіспен оралды. Атап айтқанда, Бекарыс Ташмұхамбет, Дархан Бауэр, Бекзат Қондыбай, Жұмақан Нұркендер жарыстың ең жоғарғы атағы - «Супер чемпион» аталымында озық шықты. Сондай-ақ, тағы 17 оқушы жүлделі оралды.

Оқушыларды дайындап апарған Елена Балғабаеваның айтуынша, білікті мамандар қазақстандық оқушылардың көрсеткіштеріне таңдай қаққан. Оның сөзінше, менталды арифметика балалардың интеллектуалды қабілетін көтеруге және дамытуға септігін тигізеді. Бастысы, халықаралық ареналарда елдің атын танытуға мүмкіндік. Сол себепті аталмыш зияткерлік орталығы осындай ауқымды жарыстардан қалмауға тырысады.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)