Жаңғақтың асқазанға пайдасы

Луизиана Штаты университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, жаңғақтың ас қорыту жүйесін жақсартатынын, жаңғақ тұтыну асқазандағы пробиотиктерді арттырып ас қорыту жүйесіне пайдалы келетіндігін мәлімдеді. Зерттеушілер 10 апта бойы тышқандардың бір бөлігіне үгітілген жаңғағы бар тағам беріп, екінші бөлігіне кездейсоқ тағамдар береді. Екі топтың да калориясы мен азықтың құнары бірдей болғанымен жаңғағы бар азықтармен қоректенген тышқандарда лактобацил, розбери және руминакоккус секілді біршама пайдалы бактериялардың арта түскені байқалған. Зерттеу нәтижесі бойынша жаңғақтың ас қорыту жүйесін саулықты ұстап тұратын бактерияларды күшейтетін пробиотик секілді әсер ететіндігі мәлімденді. Асқазанның саулығы басқа бүкіл мүшелердің саулығы мен тығыз байланысты екендігін айтқан доцент, доктор Лаури Байерли былай дейді: «Жасаған зерттеуіміз жаңғақтың асқазанды жақсы жағынан өзгерткенін көрудеміз. Бұл - жаңғақ тұтынудың жүрек, ми секілді дененің басқа да мүшелеріне қалайша пайда тигізетінін аша түскендей. Жаңғақтың құрамындағы биоактивті заттар денсаулыққа пайдалылығын арттыра түсетін фактор болуы мүмкін. Жаңғақ – құрамында едәуір мөлшерде өсімдік сілтілі омега-3 май қышқылы болып табылатын альфа-линоленді қышқылы (АЛҚ) бар жалғыз қабықты жеміс (1 унц жаңғақта 2,5 гр АЛҚ бар), сондай-ақ протеин (1 унц 4 гр) және талшықтары (1 унц 2 гр) мен де пайдалы болып табылады.»        


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)