Омыртқаға күш түсірмейтін оқушы сөмкесін қалай таңдау керек

Алматыда медицина мамандары оқушы сөмкесінің қандай болуы керектігін айтты.

«Баланың сөмкесін дұрыс таңдау болашақта бірқатар аурулардың алдын алады. Оның ішінде сколиоз, остеохондроз, көк еттің жыртылуы деген сияқты аурулар бар. Сөмкенің арқасы ортопедиялық әрі қатты болуы тиіс. Қатты каркас омыртқаға түсетін жүктемені біркелкі етеді. Сонда баланың омыртқасына қатты күш түспейді», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, сөмкенің иықбауы біркелкі әрі екеу болуы тиіс.

«Мектеп сөмкесі баланың жасы мен бойына сәйкес болғаны абзал. Бастауыш сынып оқушыларының сөмкесінің  салмағы 700 граммнан аспағаны жөн. Жоғары және орта буын оқушыларының сөмкесі 1 келіден аспауы керек. Негізінен сөмкелерде жарық шағылыстыратын жапсырмалары болуы керек», деді ол.

Сонымен қатар, маман оқулықтар мен дәптерлерге қойылатын талаптар туралы айтты.

«Қағаз сүзгі сияқты ар жағын көрсетпеу тиіс. Кітаптағы мәтіндерге де сондай талап қойылады. Кітаптардағы таңбалар қара түсті, анық болады. Оқулықтар баланың оқуына ыңғайлы болғаны жөн. 1 кітаптың салмағы 1-4 сыныптар үшін - 300 грамм, 6 сыныптар үшін - 400 грамм, 7-12 сынып оқушылары үшін 500-600 грамм болуы керек», - деп қорытындылады ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)