Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Миокардиосклероз

Миокардиосклероз (миокардта дәнекер тіннің шамадан тыс дамуы) — жүрек бұлшық етінде тыртықты тіннің пайда болуы. Аталған тін миокардтың орнын ауыстырып, жүрек қақпақшаларын қисайтып жіберуі мүмкін.

Миокардиосклероз жайылмалы және ошақты (тыртықты) болып бөлінеді.

Жайылмалы миокардиосклероз дәнекер тін элементтерінің бүкіл миокард бойынша салыстырмалы түрде бірқалыпты таралуымен сипатталады, ол жүрек бұлшық еті бірқалыпты зақымданғанда пайда болады.

Ошақтық (тыртықты) миокардиосклероз — жекелеген, көлемі әртүрлі тыртықты тіндердің дамуы. Ол миокард инфарктінен соң, кейде қабыну үдерісінен кейін дамиды.

Миокардиосклероз белгілері

Тұрақты аритмиялар, жүрек іші өткізгіштігінің бұзылуы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. Атеросклероздық миокардиосклероз қақпақшалық ақаулар тудырады: митральды қақпақша немесе аорталық қақпақша жеткіліксіздігі. Атеросклероздык миокардиосклероз кезінде стенокардия ұстамалары, сондай-ақ жүректің созылмалы аневризмасы дамуы мүмкін.

Нақтамалау

Сырқатнама, жүрек жеткіліксіздігі көріністерінің тұрақтылығын, жүрек аритмиясы тұрақтылығын анықтау, электрокардиография, эхокардиография.

Емі

Миокардиосклероздың емі миокардтың сақталып қалған талшықтарының жағдайын жақсартуға, жүрек жеткіліксіздігі көріністерін жоюға бағытталады. Кей жағдайларда дене қимылын шектеу керек. Өткізгіштіктің ауыр бұзылыстары кезінде кардиостимулятор қондыруға тура келеді.

Миокардиосклероз өмірге қауіп төндіретін қарыншалық пароксизмальды тахикардия, жүрекше алды-қарыншалық блокада секілді ауыр көріністерге соқтыруы мүмкін. Сондықтан миокардиосклерозға алып келетін ауруларды дер кезінде емдеген жөн.

З. Б. Сәрсенова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...