Өлең, жыр, ақындар

Салауатты өмір салты үшін кеңестер

Күніне 8 сағат ұйықтаңыз

Сапалы ұйқы иммунитетті күшейтетінімен қатар жас, әрі сергек көрінуіңізді қамтамасыз етеді. Күніне 7-8 сағаттық сапалы ұйқы есте сақтау қабілеті және мидың саулығы үшін де маңызды.

Өңделген азықтарды азайтыңыз

Салауатты өмірдің алғашқы қадамы сапалы қоректену жүйесі. Маусымына қарай жеміс-жидек, көкөністерді тұтыныңыз. Дәнді-дақылды және талшықты азықтарды таңдаңыз. Майлы тағамдардан мейлінше ұзақ тұрыңыз. Шұжық, сосиска секілді өңделген азықтарды мүмкін болса, мүлдем ас мәзірінен шығарыңыз.

Күніне 8 стақан су ішіңіз

Клеткалық деңгейде орын алатын метаболикалық құбылыстар және дененің бүкіл функциялары үшін жеткілікті дәрежеде су ішу қажет. Шөлдемесеңіз де 8-9 стақан су немесе 1-2 литр су тұтыну күндік су қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, терінің саулығына жақсы ықпал етеді, ас қорыту қиындығы, бас ауруы және ұмытшақтыққа қарсы жақсы көмектеседі.

Ашық ауада жаяу жүріңіз

Спортпен шұғылдана алмасаңыз, ең болмағанда күніне жарты сағат бірқалыпты, жылдамырақ қадамдармен жаяу жүруге тырысыңыз. Осылай жаяу жүру әрі салмақты бір қалыпта ұстауға, әрі оттегі сыйымдылығының артуына, қан қысымының реттелуіне және стрестің азаюына ықпал етеді.

Дәрігерге көрінуге немқұрайлы қарамаңыз

Жүйелі дәрігерлік тексеру арқылы белгісі көріне қоймаған кеселдерді ертерек анықтап, алды алынуы мүмкін. Әсіресе әрекетсіз өмір салтындағылар және толық адамдар ілгеріде қант диабеті қаупіне қарсы инсулин төзімділігі бар жоғын тексеруі қажет.

Шекер мен тұзды азайтыңыз

Шекер мен тұздың күндік мөлшерін шамадан асырмау салауатты өмір үшін өте маңызды. Қандағы шекер мөлшерін жылдам көтеретін және жылдам түсіретін шекер мен шекерлі азықтардың орнына, бүтін астықты нан, жеміс-жидек секілді талшықты азықтарды тұтыныңыз. Жейтін азықтарыңыздың көпшілігінің құрамында онсыз да тұз бар екендігін естен шығармаңыз, қатты қажет болмаса, қосымша тұз сеппеуге тырысыңыз. 

Стреске жол бермеңіз

Стрес, күйзеліс денсаулыққа қауіп келтіретін факторлардың алдыңғы қатарында орын алады. Салауатты қоректенгенмен тынымсыз уайым, күйзелістер жасушалардың жұмысын тежейді. Позитивті энергиямен күн бастап, бақытты, қуанышты көңіл күйде болуға дағдыланыңыз.   

Жақындарыңызбен бірге болыңыз

Стрес гормондары иммунитет жүйесіне зиян келтіреді. Жас көріну және деніңіз сау болуы үшін отбасыңызбен, жақын адамдарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз. Жақын адамдармен бірге болу, серуендеу, массаж алу стреспен күресте әсерлі болып табылады.  

Темекі мен спиртті ішімдіктен ұзақ тұрыңыз

Темекі мен арақ – өлімге апаратын көптеген аурулардың негізін қалайтын жаман індет екені әрдайым айтылып келеді. Сонымен қатар дене мен терінің тез қажып, қартаюының ең басты себептерінің бірі екендігін ұмытпаңыз.

Күннен пайдаланыңыз

Д дәруменінің көзі болып табылатын күннен дұрыс пайдалану қажет. Аспан ашық күндері таңертең немесе түстен кейінгі уақыттарда күнге қыздырыну иммунитет жүйесін күшейтетінін ескеріңіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз