Қазақстанда қанша шетелдік студент оқиды

Биылғы оқу жылында Қазақстанның оқу орындарында 18 мың шетелдік студент білім алып жатыр, деп ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.

«Биыл Қазақстанда 18 мың шетелдік студент білім алып жатыр. Олардың көпшілігі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден келген. Біздің мақсатымыз - шетелдік студенттер санын шамамен 40 мыңға дейін жеткізу. Жыл сайын 20 процентке көбейтіп отырсақ, алдағы 5-6 жылда Қазақстан айтарлықтай ауқымды білім беру хабына айналады. Ол үшін бірнеше шаралар жасалды: ағылшын тілінде сабақ беру, жаңа бағдарламалар дайындау, университтерге академиялық дербестік беру. Енді университтің өздері жұмысқа кірісуі керек», - деді министр ШЫҰ мүше-мемлекеттердің білім министрлерінің жетінші кеңесінде.

Сонымен бірге, министр Қазақстанның медициналық мамандықтар бойынша үндістандық студенттерді көбірек қабылдауға және IT бағыттар бойынша Үндістанға магистранттар мен докторанттарды жіберуге уағдаласқанын хабарлады.

«Кей бағыттар біздің елімізде жақсы жолға қойылған, ал екінші бір салалар бойынша Үндістанның тәжірибесі мықты. Сондықтан, бұл келісім қос елдің студенттері үшін де өте пайдалы», - деді Е. Сағадиев.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше. Өткен жылы Астанада өткен ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларының Кеңесінде ұйымға мүше мәртебесі Үндістан мен Пәкістанға берілген болатын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)