Алматыда Қазпоштаның фулфилмент орталығы қызметін бастады

Алматыда «Қазпошта» АҚ-ның ірі жобасы фулфилмент-орталығы іске қосылды.

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Алматы қаласының әкімі «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда пошта өнімдері автоматты түрде сұрыпталады, ол сағатына 6 545 сәлемдемені жібереді. Жүйе салмағы 10 кг-ға дейінгі халықаралық және ішкі бандерольдер мен халықаралық шағын пакеттерді іріктейді.

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, интернет арқылы сауда жасау күн сайын артып келе жатыр. Жыл басынан бері Қазақстанға тоғыз млн-нан астам шетелдік пошта өнімі түскен.

«Егер биылғы жылдың тамыз айына дейін біз тәулігіне 10 мың пошта өнімін іріктесек, сұрыптау машинасы мен мобильді терминалдың арқасында өңдеу жылдамдығы он есеге ұлғайтылды. Технологиялық процесті оптимизацияның арқасында пошта өнімдері 24 сағат бойы сұрыпталады. Оның үстіне, сұрыптау жұмыстарын автоматтандыру процесі пошта қалташаларын нақты бағыттар бойынша іріктеуге жол ашты, бұл хат алушыға сәлемдемені жылдам жеткізуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Жақсы базаның, дамыған логистиканың және пошта бөлімшелерінің жүйелері арқасында «Қазпошта» бүгінгі күні электронды сауда инфрақұрылымын жүзеге асыра алады. Алматыда интернет-магазиндерге көмек ретінде фулфилмент қызметі іске қосылған, ол пошта өнімін сұрыптайды, сақтайды, қаптайды және тұтынушының қолына жеткізеді.

«Қазпошта» Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға немесе кері бағытта транзит арқылы хабтарды іске қосумен түрлі транзитті жобаларға қатысады. Бұл еліміз арқылы Қытайдан Ресейге немесе Еуропаға транзитті өнімдердің 20%-дан астамын өткізуге мүмкіндік береді. Егер 2016 жылы «Қазпошта» арқылы транзитті лектің көлемі 53%-ды (10 млн. өнім, 2015 жылы 6,5 млн. болған) құраса, компания осы жылы 17 млн. өнімге артады деп күтілуде.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)