Премьер-Министр: Педагогика мамандығына түсу үшін «талас» болу керек

Педагогика мамандығына түсу үшін «талас» болу керек. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Талдықорғанда ұстаздар қауымымен кездесу барысында осылай деді.

«Біз мұғалімнің статусын көтеретін болсақ, оның айлығын көтеретін болсақ, онда бүгінгі күні осы мамандыққа түсу үшін  «талас» болу керек. Педогогикалық институтқа барғанда қаншама конкурс болу керек. Өйткені, оның өмірдегі орны бөлек. Себебі, оның әлеуметтік статусы өзгереді. Оның мәртебесі заңмен қорғалған. Өйткені ондай мұғалім мәртебесі басқаларда жоқ. Біз сол кезде ғана жоғары білімді педагогқа және сапалы білімге қол жеткіземіз», - деді Премьер-Министр.

Премьер-Министр осылайша педагогика саласын таңдаған студенттерге талапты күшейту керектігін айтты. Енді болашақта  ұстаздық мамандық кез-келген талапкер үшін бұрынғыдай  қолжетімді болмауы мүмкін.

«Әйтеуір оқуға түсу керек болса, педагогикалық мамандыққа түсе салсын дейді. Әйтеуір білімі жоқ дегеннен гөрі... Сол бала түсті,  білімін алып шықты. Енді қайда барып жұмыс істейді? Ауылға жібереміз. Степендиясын алды, үй берді, үйленді. Сөйтіп қалды сол жерде. Бірақ асып бара жатқан білімі жоқ, ол мектептегі баланы оқытады. Ол не білім береді оған?!», - Б. Сағынтаев.

Премьер-Министр Талдықорғанда алғаш рет ашылған  №28 ІТ лицейде білім саласындағы реформаларды тізбектеп берді. Мұғалім мәртебесін көтеруде ұстаздардың да білімді де білікті, ізденімпаз әрі шығармашыл болуы қажеттігін тілге тиек етті. 

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Айдана

Пікірім: Дұрыс келісемін! Педагогикалық мамандыққа түсу үшін міндетті түрде " талас" болу керек.Сонда ғана бұл мамандықтың орны ерекше жоғарыламақ.

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)