Өлең, жыр, ақындар

Миға пайдалы және зиянды өнімдер

Күнімізде өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқан фаст фуд тағамдары ас қорыту жүйесіндегі келеңсіздіктерге, әсіресе салмақ қосуға жол ашатыны құпия емес, сондай-ақ терінің нашарлауына да септігін тигізеді. Сонымен қатар зерттеулер нәтижесі тұрақты түрде фаст фуд тағамдарымен қоректену миға да кері әсер ететіндігі ұмытшақтық пен депрессия, алцгеймер, шизофрения секілді ақауларға алып келетіндігін көрсетуде.

Англияның зейін саулығы қорының зерттеу бөлімі директоры Доктор Кортней Ван де Вейр: «Адамдардың соңғы кездері әдетке айналдырған фаст фуд тағамдары жүйелі және салауатты болудан қалды. Зерттеулерге сүйенсек жемдерде қолданылатын қоспалар және егіншілікте қолданылатын дәрілер мал ағзасында өзгерістерге жол ашуда.

Осы себепті адамдар омега 6 май қышқылын омега 3-ке қарағанда көбірек тұтынатын жағдайға келуде. Бұл ақауға тағы дәрумен мен минерал жетіспеушілігі қосылғанда ұмытшақтық және депрессия секілді келеңсіздіктерге, оның арты алцгеймер, шизофрения секілді дерттерге әкеп соғады.»

Мамандар миға пайдалы және зиян өнімдердің тізімін қысқаша былай тізбектеуде:

Миға пайдалы өнімдер

— Көкөністер (талшықты болғандар)

— Дәнді-дақылдар

— Жемістер

— Бидай, кебек

— Жұмыртқа

— Табиғи жетілген балықтар

Миға зиянды өнімдер

— Қуырылған фаст фуд тағамдары

— Рафинадталған, өңделген азықтар

— Алкогольді ішімдіктер

— Шекер

— Шамадан артық шай және кофе

— Азықтарға қосылатын кейбір қоспалар

— Егіншілік дәрілерін қамтитын азықтар

Назар аудар:

Cпорт миды тынықтырады - ғалымдар

Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық

Миыңызды жұмыс істеуден бас тартқызатын себептер

Миға зиян келтіретін азықтар

Адам миына қатысты 30 қызықты дерек

Зердеңізді дамытатын пайдалы 7 дағды

Темекінің миға беретін зияндары

Миға пайдалы және зиянды өнімдер

Ми және денсаулық

Жаңа мәліметті еске сақтаудың үздік әдісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Əмина

Сайт керемет! Пайдалы дұние көп!

Murager

Өте керемет

Ботагөз х

Өте жақсы унады керемет екен
Рахмет Сіздерге табыс тілеймін

Ботагөз х

Бұл такырыптар маған өте жақсы унады

Жандар

Миды жақсарту үшін де жаттығу қажет мысалы тіл үйрену

Ерлан

Миға пайдалы және зиянды өнімдер туралы пайдалы ақпарат

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз