Атырауда 200 шетелдік университет білім гранттарын ұсынды

Атырауда алғаш рет шетелдік «International Education Fair» ЖОО-ның ірі көрмесі өтуде. Екі күндік білім көрмесінің алғашқы күнінде 2 мыңға жуық атыраулық білім гранттарымен танысты.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Білім жіне Ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов қатысты.

Көрменің мақсаты - халықаралық білім беру жобаларын іске асыруда тәжірибе алмасу, жастар мен мамандардың білім сапасын арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Көрмеде 40 мемлекеттен келген 200 шетелдік университет өкілдері 20 мыңға жуық шетелдік гранттар ұсынуда. Шараға АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа, Азия және ТМД елдері, тіл мектептері, білім беру агенттіктері және халықаралық бағдарламалардың өкілдері, сондай-ақ оқушылар, студенттер, ата-аналар және өзге де шет елде білім алуға ниет білдірушілер қатысты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы, яғни, «Болашақ» бағдарламасының басты әкімшілігі жыл сайын Астана, Алматы қалаларында халықаралық білім жәрмеңкесін өткізеді. Атырауда бұл көрме алғаш рет өтуде.

Әр университеттің өзіндік ерекшелігі, өзіндік талаптары бар. Қатысушылар өздерінің білім алуға деген қызығушылықтарын көрсетіп, көрме өте жоғары деңгейде өтуде. Барлық студенттерді, оқушыларды, бакалавр, магистратура, докторантура бағдарламасы бойынша шетелдің ең үздік университеттеріне тегін білім алуға шақырамыз,- дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Халықаралық жобалар іске асыру басқармасының басшысы Айдана Сәдібекова.

Айта кетейік, көрменің Атыраудағы жұмыстары 13 қарашаға дейін созылады. Сонымен қатар, Астана қаласынан бастау алған білім көрмесі 17 қарашаға дейін Алматы, Шымкент қаласында жалғасын табады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)