Биыл Қазпошта тағы бір робот-почтальонмен толықпақ

Биыл қазақстандық пошта жаңа робот-почтальонмен толығады. Оның қызметі толықтай автоматтық режимде болмақ. Роботтың мұндай түрін шығарушы компания — Cleverest Technologies. Ол Назарбаев Университетінің технопаркінде орналасқан.

Ұлттық поштаның мобильді роботы пошта және жәшіктерді адамдарға алдын ала белгіленген маршрут арқылы тасымалдауға мүмкіндік береді. Сырт пішіні жәй машинаға ұқсайтын бұл робот кедергілерді айналып өте алады. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан мұқият өтуге шамасы жетеді әрі мұқият бұрылады. Өйткені камерасы бар. Соның арқасында айналасын түгел көріп, бәрін жазып алады. Тұрған жерінде панорамалық түсірілім жасауға да қауқарлы. Ал оны жасап шығарушылар болса оның тек осындай қызметтерді шамасы жететінін айтып отыр. Робот-пошташыны жасауға жарты жылдай уақыт жұмсалып жатыр.

Айта кетейік, Қазпоштада қазіргі таңда Қуаныш және Сәуле деген роботтар қызмет етуде. Бірі қарсы алса, екіншісі кеңес береді. Сәуле деген робот-кеңесші клиенттерді толғандыратын маңызды сұрақтарға жауап береді. Төлемді қалай жүргізуге болады, банк картасы қалай рәсімделеді деген сияқты 100 сұрақтың жауабын Сәуледен білуге болады. Алдағы уақытта робот-кеңесшінің қызмет аясы кеңейеді, ол бұдан да көп сұраққа жауап беріп, қазіргіден де көп кеңес беретін болады. Ал Қуаныш адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысып бағады екен. Онымен бір рет танысқаннан соң ол адамның есімін сақтап алып, келесі күні танитын көрінеді. Бұған қоса, ауа райы мен қайда тұрғаныңызды айта алады, Wi-fi паролінің өзгергені жайлы мағлұматты да береді.

«Қазпошта» АҚ-ның қызмет түрлері қандай деген сұраққа келетін болсақ, қарапайым тапсырысты, құнды жазбаша және почталық жөнелтілімдерді жіберу, қомақты және ауыр салмақты жүктерді республика ішінде жөнелту мен жеткізу, арнайы байланыс, жедел пошта қызметі (EMS қызметі), газет-журналдарға жазылуды рәсімдеу, постамат қызметі, сәлемдемелер супермаркеті сынды пошталық қызмет түрлерін ұсынады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)