Өлең-жыр байқауы

Мұғалімнің айлығы 300 мың теңге болуы керек - кәсіподақ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева мұғалімнің айлығы 300 мың теңгеден кем болмауы керек деп есептейді.

«Педагогтардың айлық ақысын есептеу үшін пайдаланылатын базалық индикатор - базалық лауазымдық жалақыны (БЛЖ) күнкөріс минимумына ауыстыруды ұсынамыз. Егер мұндай өзгеріс енгізілетін болса, біздің педагогтардың айлығы екі есеге артатын еді», - дейді Айгүл Мұқашева қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Астанада өтіп жатқан дөңгелек үстелде.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі уақытта елімізде мұғалімдердің еңбекақысы орташа есеппен 102 мың теңге.

«Біздің ойымызша, біздің мұғалімдердің айлығы 300 мың теңгеден кем болмауы керек. Егер осылай ете алсақ, мұғалім мамандығына жастар барар еді. Себебі, қазіргі уақытта мұғалімнің айлығы аз болғандықтан, жас буынның мектепке жұмысқа барғысы келмейтіні ешкімге құпия емес. Ал бізге мектепте дәл қазір креативті бағдарламалармен жұмыс істей алатын ойлы жастар керек. Егер мұғалімге жақсы айлық бере білсек, ол барын салып, жанын салып жұмыс атқаратын болады. Бірақ, қазірдің өзінде төмен айлыққа қарамастан, біздің мұғалімдер өте жақсы нәтижемен жұмыс атқаруда», - дейді ол.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (15)

Алтынай

Одан да көп болуы керек

Әсем

1 000 000 да аз негізі ұстаздың еңбегіне

Aizhan201075

Əсем, мен саған толықтай қосыламын.

Олшеусиз енбекке500мын толеседе жарасады депутат

500мын толеседе жарасады

Раушан

Неге басқа өңірдің мұғалімдеріне ештеңе жоқ? Бес балалы мұғалімдерге де.

Шаттық

Құр сөлемей көтермей ма?

Зауреш

Мугалим, окытушы мамандыгы ен жауапты да киын мамандык. Жумысы оте ауыр мамандыкты кезинде туриктин президенти депутаттын айлыгымен тенестиру керек деген. Окытушынын айлыгы 500 мыннан кем болмау керек кой. Улттын болашагы ушин оз уакытын аямаган жандарды корлауды, томен денгейдеги толемдермен колын кыскартуды, беделин окымаган кара жумыскердин акшасынан томен толеуди кою керек кой. Окимет кайда карап отыр, кашан мугалим бедели котериледи. Касиподак окилинин пикири мындаган мугалим окытушынын жарасын ашып отыр.. Колдаймыз

mahalek

өте дұрыс. қолдаймын. 500тг болса тіпті жақсы. бірақ бізде бір жаманы, ақшаға 3-4мың қосса, басқа күнкөріс заттарын 5пайыз қымбаттатып жібереді

Ғадылбек

Мемлекеттің іргелі , бәсекеге қабілетті дамыған ел болуы ,ол сол елді мекендейтін адамдардың білімділігі мен сауаттылығына тікелей байланысты . Себебі, білім көрсеткіші төмен , әлсіз , оқу-білімге ниеті мен талпынысы жоқ оқушыдан білікті , жақсы маман шықпайды , Ол мектепті сүйретіліп жүріп бітіреді , солай жүріп ол белгілі бір мамандықты таңдап , яки дәрігер , яки мұғалім , инженер т,с,с , "маман " иесі болған адам не үйретеді? ОЛ өзі білмейді, Білім болмаған соң барлық сала , медицина , ғылым , техикалық мамандықтар , ақсайды . Сондықтан мұғалімге ,білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеруі қажет , яғни мұғалім ешнәрсеге алаңдамай ,тек бала оқытып ,сол еңбегі мемлекет , қоғам тарапынан дұрыс бағалануы керек.

Раушан

Мұғалімдерге қанша төлеседе артықтығы жоқ

СҰЛУШАШ

Менде сұрақ. Мектепке дейінгі ұйымдардың логопедтеріне пайыз қосылады ма?

Лаззат

Мұғалім өзі де соған лайық болу керек, қазір мұғалімдікке мектепте нашар оқығандар барады, себебі оған түсу оңай. Өзім байқағандай, әсіресе, орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдерінің білім сарасы өте нашар. Ондай мектепте (ұлттық) білімі терең, сыртқы келбеті келісті, екі тілді де жақсы меңгерген маман болуы керек. Өзім 30 жыл мұғалім болып істеп келем, менен "2"мен "3"-ке оқыған оқушылар қазір әріптес боп отыр. Соларға қарап, күлейін бе, жылайын ба, білмеймін. А бем аузын сшып сабақ айтпайтын бала, қалай тәлім береді?

Бақыткүл 69

Құрметті Қазақстандықтар! Қоғамда беделді болуы керек екі мамандық,бірі-мұғалім,екіншісі -дәрігер.Себебі,бұл екі мамандықта қоғамның басты байлығы саналатын АДАМ-мен тікелей қатысты.80-жылдардың соңында институт қабырғасында жүргенімізде философиядан сабақ берген Оңғар ағайым сабақ оқымаған студенттерге ренжіп, кейігенде мына сөзді айтатын,мұғалім-сауатсыз болса баланы рухани өлтіреді,ал дәрігер- сауатсыз болса баланы шын өлтіреді-деп сол сөз менің санамнан әлі кетпейді.Мен қазір бұл сөздің растығына күн санап көзім жетіп келеді.Айналайындар-ау мұғалімдікті күн көріс көзіне айналдырмаңыздар,онда қоғам құриды-деп отыратын.Қазір нақ сол сөз келді.Мұғалімнің беделі айлықпен емес,бедел биігімен өлшенуі тиіс.Еңбекті елеп,қадір-қасиетін биіктетіп,жалақы төлеу мемлекеттің еншісінде.

сандугаш

35000 айлыққа жұмыс жасап жүрмізғой 1000000 қалай болар екен

Ажар

3500 мұғалімге позор ғой!

Пікір қалдырыңыз