Эссе және өлең-жыр байқауы

Сиқырлы тәжі

Ертеде бір патша мен патшайым өмір сүріпті. Патша халқына өте әділ, адал еді. Патшаның достары көп болатын. Бірақ ішінде бір досына патша еш ұнамайтын, ол досы патшаны көре алмайтын, патшаны жек көретін, үнемі патшаның орнына таққа отырғысы келіп, патшаға үнемі тек жамандық ойлап жүретін.

Бір күні патша орманға сереунге шығады. Патшаның жек көретін досы әрі уәзірі болатын. Патшаны жек көретін досы, патшаны арбаның төрт бұрышты терезесінен лақтырып жібермекші болады, бірақ еш жолы болмайды. Патшаның арам досы енді жолы болмаған соң басқа жоспар құрады. Патша бір күні темірден қылыш жасайтын жерге жұмысшыларға барып қылыштарды тамашалап көріп тұрады. Сол кезде патшаның арам досы әрі уәзірі патшаны қызып тұрған шоққа итеріп өлтірмекші болады, бірақ тағыда жолы болмайды. Патшаның арам досы қатты ашуланып, тағы соңғы жүзеге асатын жоспар ойлап құрады.

Ол патша мен патшайымды өмірдегі ең асылынан, ең бағалы байлығыннан ажыратамын. Патшада патшайымда ешқашан білмей қалады. Ал білген кезде кеш болады. Ешқашан нағыз ханшайымды таба алмайды. Патшамен патшайым өмірде жылап өтетін болады деп жоспарына кіріседі. Патшаның арам досы өз мақсатына, өз құрған жоспарына қол жеткізеді.

Патшаның өмірге қызы келеді, бірақ патшайымнан ханшайымды ұрлап алып, орнына басқа қызды қояды. Патша еш қандай білмей қалады. Патшайым өмірге қызын алып келгеннен кейін қолына алғанда сап-сары томпақ қызы еді, бір ұйқтап тұрғаннан кейін қызын қолына алып қараса, арық бір сопақ қыз баланы көріп, таң қалып ешкімге ештене айта алмады. Патшайымның бәрібір жүрегіне күдік ұялайды, сол күдік қалып кетті. Патшайым ешқашан бұл қызға жүрегі жібімеді, қызым деп жақын тартпады. Ал патша болса өз қызым деп жақсы көріп өсірді. Патша мен патшайым осылай күндері өте берді. Патшаның арам досы өмірге риза болды. Мен патшаны құртып орнына патша бола алмасам да, одан зор жетістікке жеттім деп қатты қуана өмір сүрді. Ал ұрланған нағыз ханшайым мүлде басқа жерде өмір сүрді.

Нағыз ханшайымды өлтіріп тастандар деп бұрйық берді, бірақ өлімге қимады, жас нәрестені, уәзірдің үй қызметшісі басқа бір жанұяға білдірмей бере салды, себебі ол жанұянын қыздары өлі туылған еді. Бұл жанұя өте жақсы адамдар олардың басына жамандық келмесін, ханшайымды менен баска ешкім білмейді, осы жақсы жанұяда өмір сүрсін деп бере салады. Ал олардың қыздарын патшаның арам досына міне өлдіде көрсете салады. Бірақ  көмектесіп жүрген бір досы, ақшаға келісе алмай, патшаның арам досына нағыз ханшайым тірі екенін айтып қояды. Патшаның арам досы жарайды деп үндемей жүре береді. Күндердін күнінде патшаның достары патша үйіне жиналып отырады, патшаның арам досыда келеді. Патшаның арам досы шарапқа әбден тойып алады, мас болып қалады сөйтіп байқаусызда патшайымға екі рет патшаны өлтірмекші болғанын айтып қояды.

Бір күні патша орманға сереунге шықты, патшаны жек көретін едім. Арбаның төрт бұрышты терезесінен лақтырып жібермекші болдым, бірақ еш жолым болмады. Содан соң қызып тұрған темірдің шоғына итеріп жібермекші болдым, жолым болмады, деп шынын айтып қойды, тағы қызын ауыстырғанын айтуға шамасы жетпей ұйықтап қалды. Патшайым жағасын ұстап таң қалады. Патшайым қатты ойланып, менің ішімдегі күдігім рас болса ше менің қызымды ауыстырып, ұрлап алса қайтем деп, күндер өткен сайын өз-өзін жей берді. Әр ойланған сайын басы ауыра берді. Патшайым патшаға айтуға қатты қорықты. Патшаның арам досы қап патша үйінде масайып қалғаным қалай болды, шындықты айтып қойсам қайтем деп қорқа бастады, енді не істесем патша қызын өлтіріп тастауым керек деп басқа жерде өсіп жатқан ханшайымды басқа бір адамдар өз қызымыз деп өсіріп отырған адамдардан, ханшайымды ұрлайды. 

Патшаның арам досының арманы нағыз ханшайымды өлтіру еді. Ұрлап алып өзінің қызметшілерімен келісе алмай жатқанда ханшайым оянып ұрыс керіс болып жатқан жерден қашып өз үйіне барады. Патшаның арам досы ханшайымнан айырлып қалады. Амалы жоқ енді не істесем деп бір шешімге келді. Патшаның арам досы өз қызметшілеріне былай дейді: біз ханшайымнан айырлып қалдық жарайды қанша іздеп таппадық, енді іздеуді тоқтатындар ең бастысы мен масайып шындықты патшайымға айтып қойдым ба деп қорықтым, егер шындықты патшайым білген болса мен қазір патша сарайында уәзір болмас едім, демек шындықты патша мен патшайым білмейді. Ханшайым өмір сүре берсін, ал патша мен патшайым ханшайым жайлы шындықты білсе білсін, ханшайым өмір сүрсін, себебі патша мен патшайым ханшайымның өлгенін білсе, бірақ күн жылайды, ал тірі болса ханшайымды тапқанша жылайды, патша мен патшайым бүкіл өмірінде жылаумен өтсін деп айтты.

Патшайымның басы күннен күнге ауырып еш бір дәрігер жаза алмады. Патша бір күні патшайымға не болды сен неге мұндай күйге түстің, менен жасырған жан сырынды айтшы дейді. Патшайым мен білмеймін бірақ қызымыз өмірге келген күні маған бір күдік пайда болды, мен біздің дұшпандарымыз өз мақсатына жеткенін сезем, біздің қызымызды ұрлап алды, орнына басқа қызды бізге берді деп, әбден жылады, патшаға бұған дәлел менің жүрегімдегі күдік. Бұған дәлел сіздің уәзірініз деп ішіндегі бар сырын айтады, патшайымға патша біз кеш қалсақта бізді дұшпанымыз ешқашанда жеңе алмайды. Мен өз қызымызды табуға саған уәде беремін, деп іздеуге кіріседі, бірақ арам досына ешқандай білдірмеді. Арам досы қатты ауырып қайтыс болады. Патша ешқандай қызын іздеп таба алмады.

Патшайым қызым қайта оралады анасына деп ханшайымға сыйлығым болсын деп алтыннан көйлек тігуге кіріседі, бір көйлекті жиырма жылдан тіккенінне асып кетеді. Күндердің күнінде патша енді не істеймін, патшайымға не деймін өзімде қартайып барамын, ханшайым қайда тек тірі болса болды табамын деп әр түрлі ойға кетеді. Өз үйінде ойланып отырып, бір кезде есіне бір әжейдің сыйлығы есіне түседі. Патша патшайымға тек екеуміз білейік менің бір құпиям бар, амал жоқ саған сол құпияымды ашамын, деп айтады. Ертеде мен ханзада едім бір күні орманға жалғыз тұлпарыммен шықтым, тұлпарыммен шауып келе жатып, құтқарындар деген бір әжейдің даусын естідім. Әжейдің  даусы шыққан жаққа дереу бардым. Ұлкен зынданға бір әжей түсіп кетіпті. Мен қазір құтқарамын десем, әжей жоқ мұнда жылан деп әрі даусы шықпай қалды, зынданға қарасам, әжейді үлкен жылан орап алыпты, садақпен жыланның басынан дәл атып құлаттып, әжейді  құтқардым.  Әжейді патша сарайына алып келіп, өз өзіне келгенше емдеттім, әжей рахмет ханзада, енді мені ормандағы үйіме алып бар, деді. Мен орманға алып бардым. Әжеймен қоштасып кетіп бара жатқанымда, ханзада саған менің сыйқырлы сыйлығым бар, тоқта ешқашан ешкімге айтпа жүр деді.

Орманның ортасына алып барды, онда өте үлкен тал өсіп тұр екен, ханзада бұл талдың құпиясын саған айтайын бұл ағашқа нағыз ханшайым ғана қолын қойса талдың төбесі ашылып ханшайымның басына алтын тәжі түседі, көрдің бе менің сыйлығымды өмірде қызын болса ол осы тәжіге ылайықты жан сен өз ханшайымына бұл тәжіні басына кигенін көр деді. Мен рахмет орманда өсіп тұра берсің дедім әжей жарайды бірақ сен осы жерге елінді көшіріп алып кел, бұл ағаш жұлынуға болмайды  деді мен жарайды керек болса өз елімді көшіріп алып келемін әжей, қолым босағанда өзім келіп сіздіде сыйқырлы талды көріп тұрам деп әжеймен қош деп кеттім. Мен әжейдің сыйқырлы сыйлығы маған  өмірімде керек болады деп еш ойламаппын, амал қанша саған өз құпияымды аштым деп  тұрған сыйқырлы талға қолын қойсыншы, тағы бір көрейікші дейді. Патша жарайды деп, патшайым қызы патша үшеуі орманға барып, сыйқырлы өсіп тұрған талға барып қызына қолын қойғызады. Сыйқырлы талда еш өзгеріс болмайды. Патша мен патшайымның өз қызы емес екеніне көздері жетіп, өте көңілсіз болып қайтады.

Патшамен патшайым қыздарын алып сарайға келді. Ауысқан қызы ол жерге не үшін бардық деп сұрайды.  Сен жиі ауырасын ол тал ауруды  адам бойындағы өзіне тартып алады, сол үшін сен қайта ауырмасын деп алып бардық деп айтады. Патша көп ойланып амал жоқ ол жер қатты суық болсада көшуге тура келетінін түсінді, сөйтім көшуге шешім қабылдады. Патша нағыз ханшайымды табу үшін суық жерге елімен бірге көшті. Орманды қалаға айналдырды. Көп күш жіберді, бүкіл елге бұл ағашты кімде кім ауырса ағашқа қолын тигіссе ауруынан жазылып кетеді деп жария етеді. Патша өз сарайын сол сыйқырлы өсіп тұрған талға қарама–қарсы орналастырды. Бүкіл елден адамдар келіп ағашқа қолдарын қойды. Патшамен патшайым асыға ханшайымды күтуде, ханшайым бірақ жоқ. Патшайым күн өткен сайын ханшайымды күтуде. Патша мен патшайым өз туған қыздарын қатты сағынып күтіп, тіпті қартайып та қалды. Бір күні патша сарайы патшайымның туған күніне дайындалды. Туған күнін тойлап жатқан күні түн еді, әлгі сыйқырлы ағаштың сәулесі бүкіл елге түсті. Патшамен патшайым таң қалып, сыйқырлы ағашқа жүгірді, сыйқырлы ағашқа барса бір қыздың басына алтын тәжі киіліп тұрғанын көрді, күзетші патшаға бұл қыз ауырған соң сыйқырлы талға кеш келді, маған жалынса да мен сыйқырлы талға қолын қоюға рұқсат бермедім, бұл қыз кетіп бара жатып, аяғы шалынып  кетіп ағашты қолымен ұстап қалды, кенет осындай ғажайып болды деп айтты. Патша мен патшайым таптық ол нағыз ханшайым деп, ханшайымды құшақтады. Мұны естіген ауыстырып жіберген патша үйіндегі, арам досының қызы, жардан өзін-өзі тастап өлді. Патшамен патшайым нағыз ханшайыммен бақытты өмір сүріпті.

Тасходжаева Жұмакүл Бекташқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (11)

АҚерке

ұнады,,,,

Алина

Керемет♡♥★☆ ♥ ♡ Керемет Керемет

Ұнады

керемет

керемет

өте керемет

Сиқырлы тәж ертегісі қатты ұнады

өте керемет

өте жаксы

мыкты ертегі деуге болады

Марина

маған ұнады тағы қызықты ертегілер көп болсыншы

Мадина

ертегі керемет

Исахан

жақсы жазылған ертегі жазған авторға рахмет , алдағы уақытта тағы осындай керемет ертегілер көп жазсын, біздер оқып пікірлер жаза берейік , денің сау болсын ертекші Жұмакүл ханым .

Мақтар ертегінің бірі

аналар мен балалар аман болсын ешқашан жоғалмасын , жоғалса осы ертегідей табылсын аман болсын

Мадина

Қызық еретегілер көп екен, барлығы мықты!

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...