Өлеңдер бөлімі

Сиқырлы гауhар тас

Ертеде бір патша мен патшайым өмір сүріпті. Патшайым орманда қыдырғанды қатты жақсы көретін еді. Бір күні орманда серуендеп жүргенде шиқ-шиқ етіп өлім аузында жатқан жаралы құсты көреді. Патшайым жүгіріп барып, құсқа су беріп тірілтіп алып, саған не болды деп сұрайды. Құс мұнда жиі жалмауыз кемпір келіп сиқырлы гауhар тасты алып кетеді, бұл жолы менімен шайқасып ала алмады. Сізге аманат сіз мені аман алып қалдыңыз. Енді бұл қалған жалғыз сиқырлы гауhар тас сізге деп құс патшайымға беріп ұшып кетеді. Сол кезде маған бер соңғы сиқырлы гауhар тасты деп жалмауыз кемпір келіп қалады. Патшайым жалмауыз кемпірді ұрып өзі қашып кетеді. Патшайым үйіне келіп, патшаға барлығын айтады, сиқырлы гауhар тасқа патша екеуі қайта–қайта қызығып қарайды. Бұл сиқырлы гауhар тастан өмірде қызымыз болса оның мойнына моншақ жасап тағып береміз деп армандап отырады. Бір күні патша келісімге өзге елге кетеді. Патшайым  қызды болады.

Патшайым қызын қолына алып тұрып, қазір мұнда сиқырлы гауhар тас бар көре ғой деп тұрғанда, аспаннан ұшып жалмауыз кемпір маған бер деп таласа бастайды, байқаусызда ханшайымнның құлағына сиқырлы гауhар тас кіріп кетеді. Жалмауыз кемпір де патшайымда білмей қалады. Жалмауыз кемпір ақыры сиқырлы гауhар тас жоқ екен сағанда ханшайымын жоқ деп қызын алып орман жаққа ұшып кетеді. Орманға қарай патшайым қызымды бер деп артынан жүгіріп кетеді. Орманға патшайым жетіп қалғанда өрт шыққанын көріп, сондада қызымды құтқарамын деп орман ішіне кіріп кетеді. Патшаның қырық уәзірі барып бітті патшайым мен ханшайым өртеніп кетті деп патша сарайына кетіп  қалады.

Патша еліне келген соң уәзірлері болған жайды айтады. Көп жылдар бойы орманға ешбір адам кіре алмайды. Күнде кешке жылаған әйел даусын еститін. Бір күні ханшайым, орманның шетіннен құлпынай теріп жүріп, орман ортасына кіріп кетеді. Ол жерден бір адамды көріп, жүгіріп барады. Ол адамға көзіңізді ашыңыз не болды деп сұрайды. Ол адам патшайым еді. Әй қоя тұршы мен бір күш жинап алайын, деп орнынан тұрып қарап отырады. Ханшайымға қазір десем неге тыңдамайсың деп сұрайды, не не недейсіз маған қатты айтыңыз менің бір құлағым естімейді деп айтады. 

Патшайым сен жап-жас бола тұра құлағын естімейді дегенің не деп сұрайды. Ханшайым қазір апа ана жақта аю жүрген сияқты тығылайық дейді. Екеуі бір талдың түбіне тығылып тұрып қалады. Мен қатты шаршадым дейді ханшайым, оған патшайым кел менің алдыма басыңды қойда демал дейді. Ханшайым басын қойып ұйқыға кетеді. Бір кезде ханшайым апа құлағым ауырып кетті деп басын шайқай бастайды, кел мен құлағыңды көрейін деп патшайым ханшайымның құлағын көреді. Қараса құлағының бетіне сиқырлы гауhар  тас шығып тұр екен. Патшайым қолына сиқырлы гауhар  тасты алып қызым ханшайым деп құшақтап таптым сені деп қуана бастады. Не айтып қуанып жатсыз түсінбедім деп ханшайым сұрайды. Патшайым дереу сенің анаң қайда деп сұрайды. Мені бір әже орман шетінен тауып алыпты орманда қатты өрт шығыпты, білмеймін орманда жалмауыз кемпірдің үйі өртеніп кетіпті дейді, өзіде отқа жанып өліпті жалмауыз кемпір деп айтады. Патшайым сенің анаң мен сені менен мына сиқырлы гауhар тасқа бола жалмауыз кемпір ұрлап кеткен деп, барлық шындықты айтады.

Менімен өз үйіңе жүр дейді. Апа апашым барамын тек бір өтінішім бар, мені осы күнге дейін асырап жеткізген апамды ала кетейікші дейді. Апаңды өзімізбен бірге алып кетеміз, ол бізбен тұрады қорықпа дейді. Патшайым ханшайым апасы патша сарайына барады. Патша менің  жүрегім сезген тірі деп өз-өзіме айтатынмын, білемін сендердің келетіндерінді деп құшақтап жылай түсті. Патша патшайымның ханшайымның келу құрметіне той жасап тойлады. Олар баққытты өмір сүріпті.

Тасходжаева Жұмакүл Бекташқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...