Өлең-жыр байқауы

Гүлге айналған ханшайым

Ертеде бір өте үлкен теңіз болыпты. Теңіздің ортасында бір әдемі үлкен қызыл гүл өсіп тұрады екен. Ол гүлге ешбір адамның қолы жетпейді екен, сол теңіз маңында тұратын адамдар, қанша сол гүлді жұлып алайын деседе, ешқашан жолы болмапты, теңіз ортасына жеткенде, су адамдарды өзіне тартады екен, адамдар қорқып теңіз шетіне шығып қашып кетеді екен. Бір күні бір ханзада басқа елден жол жүріп келе жатып, сол теңіз шетіне демалып отырып, теңізге рахаттанып шомылады, бір кезде теңіз ортасындағы гүлді көріп таң қалады. Теңіз шетіне шығып демалып отырады. Түн болады. Теңіздің ортасында бір әдемі үлкен қызыл гүл өсіп тұрған бір сұлу ханшайымға айналып, теңізден шыға келеді. Ханзада тығылып бұл не ғажап деп таң қалып көріп тұрады. Ханшайым тіке патша сарайына жүріп барады. Ханшайымның  артынан аңдып жүреді.

Ханшайым тіке патша сарайына барып, патшамен патшайымның бөлемесінің терезесінен қарап әбден жылап тұрады. Таң атып қалғанда   патша сарайынан өз теңізіне қарай қайтадан ханшайым қайтады. Мұны көрген ханзада таң қалып, ертеніне қайта ханшайымды аңдыды. Ханшайым түн ортасында тағы патша сарайына барып, патшамен патшайымды терезеден көріп жылап, таң атып қалғанда, теңізге қайтып келе жатады. Ханзада шыдай алмай ханшайымды ұстап алады. Ханшайым шошып кетеді де, мені жіберші ертен осы жерге келемін сонда сенің білгің келген сұрақтарыңа жауап айтамын дейді, ханзада қазір неге айтпайсың өз құпияңды дейді, мен қазір кетпесем уақытым болды мен өліп қалам деді.

Ханзадамен ханшайым ертенсіне кездеседі. Ханшайым жылап бар болған оқиғаны айтады. Ертеде мен анам екеуміз осы теңізде кемемен басқа елге барып келе жатқанбыз. Сол күні керемет ауа райы еді, анам екеуміз ашық теңізді тамашалап тұр едік, бір кезде судан жалмауыз   кемпірдің шыққанын көрдім, жалмауыз таптым осында түсіп кеткен еді бірде деп кемпір таптым сиқырлы таяқшамды, көп жылдар бойы, іздегем ақыры таптым енді бұл сиқырлы таяқшаның сиқыры әлі бойында ма екен көрейін, деп біздің кемеміздің үстінен арыда беріде ұшты.

Бір кезде біздің күзеттерімізді жасыл шөпке айналдырды мені мына сұлу ханшайым қызыл гүлге айналсын деп мені гүлге айналдырып жіберді, менің жасым төртте еді, анам көз алдымда талып қалды, ал жалмауыз кемпір мәз болып, сиқыры әлі күшінде екен деп орман жаққа  ұшып кетті. Мен жылап қала бердім. Бірақ күзеттер көп адамдарымыз жасыл жапыраққа айналған, кемемізді жағаға жеткіздік онда әкем күтіп тұрғанын көрдім бірақ біз қайта теңіз ортасына кетіп қалдық дейді. Мені әкем анам екеумізге қойған күзет адамдар әлі жасыл жапыраққа айналсада, қорғап келеді.

Мен күнде түн ортасында ханшайымға айналамын, сол уақытта патша сарайына барам яғни әкем мен шешемді көріп жылаймын, әкем анамның басында, анама қарап отырады анам күні бүгінге дейін ауырып төсек тартып жатыр, оларды өзімнің мұндай күйге түскеніме қатты ызам келіп жылап тұрамын. Уақытым біткенде қайта қара теңізге ораламын. Бүгінге дейін әлі мені ешкім бұл сұмдықтан құтқармады меніңде  күзетшілерімді, жасыл шөптердіде ешкім құтқармады, бар шындық осы деді, ханзада қорықпа мен сендерді құтқарамын тек жалмауыз кемпірдің кеткен жағын көрсет деді, ханшайым көрсетеді.

Мен саған сенемін, дегенмен абай бол, жалмауыз кемпірдің қолында сиқырлы таяқша бар деді. Ханшайым қорықпа мен сені де  күзетшілеріңді де құтқарамын деді де жолға шықты. Ханзада жолда келе жатып, орманда бір құстың балапаны шық-шық етіп, аспаннан келе жатқанын естіп, балапанды қолымен қағып алды, бір ағаш басынан балапан құлап кетіпті, біраз уақыт өткенде, құс ұшып келіп рахмет саған  балапанымды құтқарып қалдың. Саған не көмек берсем екен дейді. Мен жалмауыз кемпірдің үйін іздеп жүрген едім, білсең айтшы деді, сен  тура келесің, осы орман шетінде тұрады, бірақ оның қолында сиқырлы таяғы бар абайла, сен ол үшін бірінші сиқырлы таяқты жасырған жерін біліп ал, әйтпесе саған жалмауыз кемпірді жеңу оңайға соқпайды, жалмауыз кемпір осы ормандағы аңдардың бәрін сиқырлап тастаған, бірі  үйін жинаса, бірі тамағын пісіреді, ал өзі таң атқаннан ұшып кетеді, кешке шаршап келіп тамаққа тойып ұйқтап қалады, сен сол кезде бірінші сиқырлы таяғын тап дейді.

Жақсы сен маған сиқырлы таяқты жалмауыз кемпір қайда жасырғанын көріп кел, мен сосын барып жалмауызға сазайын берем деді. Құс жарайды деп жалмауызды үш күн үш түн аңдыды. Жалмауыз кемпірдің сиқырлы таяқты жасыратынын көріп білді құс. Ханзада мен көрдім, жалмауыз кемпір ормандағы ең биік ағаш басына сиқырлы таяқты жасырады екен, таңертең аспанға ұшарда сол биік ағаш басынан алып  кетеді, кешке үйіне келгенде биік ағаш басына жасырып кетеді екен деп айтты. Енді сол ағаш басынан, сен сиқырлы таяқшаны маған алып  кел біз, бұл сиқырдан барлығын құтқарамыз ақылды құс деді. Ханзада мен сенің қолына алып келіп беремін деді. Ақылды құс менде сенімен бірге барамын деп екеуі бірге барып жалмауыз кемпір сиқырлы таяқты тығатын жерге барып екеуі жасырынып қалады. 

Жалмауыз кемпір кешке ұшып келіп, сиқырлы таяқты жасырып үйіне кетеді. Құс ағаш басына барып сиқырлы таяқшаны аузымен еш тістеп  ала алмады, құстың аузына өте ауыр болды. Ханзада ағаш басына өрмелеп шығып, сиқырлы таяқшаны қолына алды. Ағаш басынан жерге  түсіп келе жатқанда таң атып кетіп, жалмауыз кемпірмен кездесіп қалады екеуі сиқырлы таяққа әбден таласып, ханзада жалмауыз кемпірді  жеңеді. Ханзаданың артынан келіп сиқырлы таяқты аламын деген жалмауыз ормандағы өте үлкен үңгірге түсіп кетеді.  Ханзада барлық  орман аңдарын сиқырдан босатып, құтқарды. Ханзада үлкен теңізге келіп, ханшайымды, күзетшілерімен құтқарды, енді сиқырлы таяқша сен  патшайымды, ауруынан жаз деп бұйырды да, Ханшайым бұл таяқшаның енді ешкімге керегі жоқ деп ортасынан сындырып суға теңіз түбіне  тастады. Ханзадамен ханшайым патша сарайына келді патша мен патшайым екеуін қарсалып үлкен той  жасады, міне осылайша барлығы баққытты өмір сүріпті.

Тасходжаева Жұмакүл Бекташқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

айзере12

күшті ертегі

Пікір қалдырыңыз