Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Су асты елінің ханзадасы мен ханшайым

Ертеде бір патша болыпты. Патшаның жалығыз қызы болыпты. Патша қызы өте мейірімді, қамқор, жанашыр, ақылды еді. Күндердің    күнінде елдің басына қара бұлт қаптайды. Елі егінмен айналысып көп пайда табатын, бұл жолы егін шықпай, елі қиын жағдайға тап болды. Еліне, әкесіне жаны ашыған ханшайым қатты қиналды, көңіл күйі болмады, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Ханшайым күндіз жиі теңізге барып, терең ойға батып ойланып отыратын. Ханшайым бір күні  түнде еш ұйықтай алмады, орнынан тұрып теңізге барып не істесем елімді құтқарамын қайтсем әкеме көмек бере аламын деп тағы да ойланып отырады.

Бір кезде теңіз бетінен жап-жарық сәуле көрді, теңізге ханшайым жүгіріп түсті теңіз беті тола алтын, күміс, маржан, меруерт, асыл тастар  және бір ерекше гауһар тасты алтын жүзікті көрді. Ханшайым қатты қуанып теңіз рахмет, мен елімді бұл қиыншылықтан құтқаратын болдым деп қатты қуанып кетеді.  

Ханшайым көптеген асыл тастарды алып патша сарайына барды.

Әкесіне беріп елін бұл қиыншылықтан құтқарды. Ханшайым келесі күні теңізге келіп, теңіздің ортасына дейін жүзіп барып, рахмет сен маған  жақсылық жасадың өз асыл тастарыңды бердің, елімді құтқардым теңіз саған бұл жақсылығынды қалай қайтарсам екен деп тұрғанда, бір  кезде теңіз ортасы ашылып, теңізден бір ханзада шығады. Ханзада  ханшайымға былай дейді: сен менің рұқсатымсыз алтын, күміс, маржан, меруерт, асыл тастарымды, гауһар тасты алтын жүзікті алдың неге? Ханшайым үнсіз қалды. Су асты елінің ханзадасы жарайды сен елінді  құтқардың, менің теңізімнің байлығын алып жақсылық жасадың, сол үшін мен сені кешірдім, сенің қолына тағып алған гауһар тасты алтын жүзік менің анамның жүзігі болатын, анам сен бұл жүзікті болашақ ханшайымға тағасын деп берген, міне ол саған бұйырыпты, бірақ бір  ұсынысым бар деді. Ханшайым жарайды деп тұра берді. Су асты елінің ханзадасы осы күнге дейін күткенім өзің едің. Маған сен сияқты  қамқор, жанашыр, ақылды ханшайым керек еді, мен оны таптым, ол сен деді. Ханшайымда су асты елінің ханзадасың ұнатып қалды. Ханшайым су асты елінің ханзадасының ұсынысын қабылдады. Ханзада той жасады. Патшамен патшайым тойға келді. Су асты елінің  ханзадасы мен ханшайым бақытты өмір сүріпті.

Тасходжаева Жұмакүл Бекташқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...