Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Сахарадан қорғануға арналған «Ұлы жасыл қорған»

Ұлы жасыл қорған — бұл Африкада тұрғызылып жатқан әлемнің жаңа бір ғажайыбы. Сахара шөлі жылдар бойы континенттің алқаптары мен жайылымдарына дендеп еніп келеді, шөлдену Сахараның айналасындағы елдердің проблемасына айналғанына да аз уақыт өткен жоқ. Енді міне, шөлдің ұлғаюын тоқтататын тәсіл ойлап табылып отыр.   

2007 жылы-ақ ол өңірлерді көркейту жобасы ұсынылған еді. Ол жобаға сәйкес шығысында Джибутиден бастап батысында Сенегалға дейінгі африкалық 11 елдің аумағында ені 16 км және ұзындығы 7775 км болатын жерге ағаштар егіледі.   

Ағаштарды егу мен олардың күтіміне 8 млрд. доллар жұмсалады. Бас кезінде жобаға 12 ел қатысқан еді, кейін оған тағы 9 ел қосылды. Қазіргі таңда «Ұлы жасыл қорған» ағаштарының 15% егіліп болды, бір Сенегалдың өзінде ғана 11 млн. ағаш көшеті отырғызылды.

Ең бастысы, қорған қазіргі күйінің өзінде континенттің экологиясы мен экономикасына оңды ықпал етіп жатыр. Көк аймақтың арқасында топырақтың құрғауы азайды және оны жел ұшырып әкетпейді, микроклимат қалпына келіп жатыр, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мүмкіндігі қайта туып отыр.  

Тағы бір жақсы жайт бар. Қорған концепциясы өзгеру үстінде. Енді шөл даламен шекарада тек ағаштарды егу міндетті емес екені белгілі болып отыр. Жерді жай ғана ауыл шаруашылығы тұрғысынан белсенді түрде пайдалану ағаш еккендей нәтиже береді, оның үстіне бұдан пайда да түседі.    

Бүгінгі таңда Эфиопияда 15 млн. га жер қалпына келген, Нигерияда — тағы 4,8 млн. га жер қалпына келген, ал 2030 жылға қарай 100 млн. га жуық жерді қалпына келтіру межеленіп отыр. Өңірде 350 мың жұмыс орнының ашылуы «Ұлы жасыл қорған» жұмысының нәтижесі болмақ, ал егілген өсімдіктер Жер атмосферасындағы 250 млн. тонна көмірқышқыл газын тазарта алады.   

Сахара аумағында жауын-шашын мөлшерін арттыруға себеп болатын қуатты жел және күн электр станциялары желісінің құрылуы осы жұмыстың тағы бір бағыты болып отыр.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

ДИНАРА

Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Ақтау, Атырау деген жерлерге де ормандар егу керек

Асель

керемет бастама екен

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...