Эссе және өлең-жыр байқауы

ҰБТ тапсыру форматында өзгеріс бар ма

Биыл елдегі мектеп бітіруші түлектердің 71,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Дегенмен, оны өткізу процесін жетілдіру, тестілеуге қатысушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңашылдықтар енгізілген.

«2019 жылдан бастап ҰБТ жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) өткізіледі. Әр тапсырған сайын талапкерге түрлі бейіндік пәндер комбинациясын таңдау мүмкіндігі беріледі. Ал грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет», - делінген министрліктің ақпаратында.

Биыл мектеп бітіретін 96 380 түлек маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 71,6%-ін құрайды.

«Шет тілін меңгергендігін растайтын TOEFL, IELTS халықаралық сертификаттарының шекті балы бар талапкерлер «Шет тілі» (ағылшын тілі) пәні бойынша тестілеуден босатылады», - дейді министрліктегілер.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы ақылы оқуға түскісі келетіндерге қатысты болып отыр. Бұған дейін жоғары білім алуға ниеттілердің бәрі ҰБТ тапсыруға міндетті болса, биылдан бастап ақылы негіздегі бірнеше санатқа бұл міндеттілік жүрмейді.

Атап айсақ, қысқартылған оқу мерзімімен ақылы оқуға ниеттілер кәсіптік-техникалық немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлегі болса, ҰБТ тапсырудан босатылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Талғат

ҰБТ -2019 ға арналған пән спецификациясы қашан жарияланады?

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...