Өлең, жыр, ақындар

Жапондықтар ешқашан өз балаларына ұрыспайды, ал балалары байсалды және еркін болып өседі

Ашу — шынайы эмоция, оны шығарған жөн және ашуды ірікпеген дұрыс деген Батыста көзқарас қалыптасқан. Алайда бұл Азия елдеріне аса танымал теория емес. Азияда ашуды ашық түрде көрсету құпталмайды. Әсіресе, бұл бала тәрбиесінде рөл ойнамай қоймайды.

Жапонияда біраз уақыт өмір сүрген «Шектеусіз тәрбие» кітабының авторы Кристина Гросс-Ло жапондық ата-аналар бала дауларын шешу мәселесінде өте салмақты екенін айтады. Олардың істеріне араласа бермейді, балаларының өздеріне шешуіне мүмкіндік береді екен. Мұндай еркіндіктің түбі жақсылыққа апармайды деп ойлауыңыз мүмкін, алайда бұл — олай емес. Балалар өз мәселесін өзі шешкенде адамдармен қарым-қатынас жасай білуді, сондай-ақ келіспеушілікті бейбіт жолмен шешуді үйренеді. Бұл келешекте олардың өз жүгін өзі көтере алатын, мәселені реттей алатынм болуына әсер ететіні сөзсіз. Қоғам, мәдениет және ата-аналардың өзін-өзі ұстауы балалардың өз эмоциясын білдіруінде шешуші рөл ойнайды. Сондай-ақ, профессор Батьи Гомес де Мескиттің зерттеуі көрсеткендей, жапондық аналар жанжал кезінде балаға ашуланудың орнына өз баласының сезімін түсінуге және оны бөлісуге тырысады. Балалар тәрбиесінде осыған ұқсас көзқарасты Канада және Аляскада тұратын эскимостардың тайпасы — инуиттер тәжірибе жүзінде көруде.

Инуиттердің тәрбие стратегиясының негізінде балаға айқайлау ересектер үшін дәреженің төмендігі ретінде қарастырылатыны жатыр. Бұл туралы инуиттермен біраз уақыт өмір сүрген және олардың алтын ережесін анықтаған антрополог Джин Бриггс өз кітабында: «Кішкентай балаға ешқашан дауыс көтерме және айқайлама», — деп жазды. Олар шектен тыс ерке немесе қырсық балаға айқайлаудың орнына, олардың тыныштанғанын күтіп, содан соң балалар өз ашуын тұсаулай алатын ойынды ойнауын өтінеді. Ата-аналар оларға ашу-ызаның не нәрсеге әкелуі мүмкін екенін, оның басқа адамға физикалық жақтан ғана емес, моральдық жақтан да ауыр тиетінін көрсетеді. Осылайша, кішкентай инуиттер өзінің ашуын ерте жастан бақылауды үйренеді және одан әрі ашуға бой алдырмайтын өте байсалды болады.

Оқуға кеңес береміз:

Ұлттық рух

Бала тәрбиесіне қатысты кейбір кеңестер

Адамның бәрі оңбаған емес!

Баланы кітапқа баулу

Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік

Рухани мықты балаларды тәрбиелеуге арналған 8 ойын

Тым балажандық


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Бұлбұл

Балаға урыспау бос сөз. Шылбырды бірде тартып,бірде бос жіберіп отыру керек.Албастының өзі қабаққа қарайды.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз