Эссе және өлең-жыр байқауы

Адамның бәрі оңбаған емес!

Януш Корчак. Польшалық пeдaгoг, жазушы және дәрігер. Аман қалатын жағдайы бола тұра, одан үш рет бас тартқан адам.

Бірінші рет Януш Польша оккупацияланар алдында, нацистермен болған соғыстан алдын «Жетімдер үйін» қараусыз қалдырмау үшін, елден кетпеуге бел буды.

Екінші рет — варшавалық геттодан қашып кетуден бас тартты.  

Ал үшінші рет — жетімдер үйінің барлық балалары лагерьге баратын пойызға мінгізіліп қойған кезде, Корчакқа нацист, СС офицері келіп:  

— «Король Матиушты» сіз жаздыңыз емес пе? Ол кітапты мен кішкентай кезімде оқығанмын. Жақсы кітап. Сіз боссыз, — деді.  

— Балалар ше?

— Балалар кетеді. Бірақ сіз вагоннан түсіп қалсаңыз болады.  

— Қателесіп тұрсыз. Болмайды. Адамның бәрі оңбаған емес.  

Бірнеше күн өткен соң, Треблинка концлагерінде Корчак балалармен бірге газ камерасына кірді. Ажалына бара жатып, Корчак ең кіші екі балақайдың жанында болып, жамандықтан еш хабары жоқ сәбилерге ертегілер айттып жатты.

Жалпы алғанда, Корчактың осы қылығынан-ақ қандай адам болғанын білуге болады. Осы тамаша кісінің балаларды тәрбиелеу үшін қолдануға кеңес берген 10 өсиетін оқып шығуды ұсынамыз.    

1. Баладан өзің сияқты немесе өзің қалаған адам болуын күтпе. Оған сен емес, өзі болып кетуіне көмектес.   

2. Балаға істегеніңнің бәрі үшін ақы талап етпе. Сен оны дүниеге әкелдің, енді ол қалай алғысын білдіріп, сені разы ете алады? Ол басқа біреуге, басқа біреу — тағы біреуге өмір сыйлайды, міне осы алғыстың қайтымсыз заңы болмақ.  

3. Қартайғанда бармағыңды шайнап отырмау үшін өзіңнің жәбір-ренішіңнің кегін балаңнан алма. Себебі не ексең — соны орасың. 

4. Оның қиындықтарына жоғарыдан қарама. Өмір әркімге шамасына қарай берілген және күмәнің болмасын — ол сенен кем қиналып жүрген жоқ, сенен көбірек қиналып жүруі де мүмкін, өйткені оның өмірлік тәжірибесі аз.  

5. Қорлап, кемсітпе!  

6. Адамның ең маңызды жүздесулері — оның балалырымен болған кездесулері. Оларға көбірек көңіл бөл — баладан кім шығарын біз ешқашан біле алмаймыз.

7. Балаң үшін бір нәрсені істей алмасаң өзіңді қинама, бірақ мына нәрені естен шығарма: егер бала үшін мүмкін болғанның бәрі жасалмаса, демек, істегенің жеткіліксіз.

8. Бала — бар болмысыңды иеленіп алатын тиран немесе тек кіндігіңнен тараған ұрпағың ғана емес. Сақтап және жасампаздық жалынын өшіріп алмауың үшін, саған өмірдің берген асыл заты. Бұл «біздің баламыз», «өзімнің балам» емес, аманат етіліп берілген жан, анасы мен әкесінің риясыз махаббаты. 

9. Бөтен баланы жақсы көре біл. Өз балаңа істемесін дегенді өзге балаға да ешқашан істеме.

10. Балаң қандай — дарынсыз, қырсық шалған, ересек болса да, жақсы көр. Онымен аралас — қуан, өйткені бала деген — қазірге қасыңда жүрген шаттық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Болат

Жексұрын адамдар неліктен жақсы адамдарды өлтіре берген?

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...