Өлең, жыр, ақындар

Оспан батыр

Оспан батыр соғыста қарусыз қалып қолға түсіп атылады. Осыпан батырды ату майданына алып келіп, атылғанын көзімен көрген, етінен ет кессе де елемейтін, кейін қытай түрмесінде 41 жыл отырып әлемді дүрліктірген атақты жазушы Қажықұмар Шабдан болатын. Сол кезде Ошыңның атылғанын көзімен көргенде бір бұрышта еңіреп жылайды.

Сәл шегініс жасайық, 1950 жылы, Оспан тұтқындалғаннан кейін, Үрімжідегі Нәнмірдің жанындағы азаптау түрмесінде болады. Өлке бастығы Уаң Жың келіп, тергей бастайды, Бірақ дала көкжалы Оспан оны көзге ілмейді.

- Маған етек басты, әйел мінезді еркектер тергеуші бола алмайды. Мау көсемдеріңнің өзі келсін, - дейді.

Қанша қаһарланса да батырдың көзінен қорыққан Уаң Жың өзі жолай алмай, жендеттеріне аямау туралы тапсырма береді.

Сонымен Оспанды түрмеде бір жыл азаптайды. Сақалының әр талын тістеуікпен жұлады, саусағына ине жүгіртеді, білген зұлымдығын жасайды.

1951 жылы Оспан батырды ату майданына алып келе жатса заупаншылардың (қызыл жеңділердің) ішінде қытайы бар, қазағы бар (сатқындар).

- Оспан кері төңкерісші, Оспан банды, - деп қызыл жалауды көтеріп батырдың соңында келе жатады. Оспан батыр кекесін күлкімен күледі де ләм деместен кете барады. Ұзын құлақта солардың көбі мерт болды дейді.

Сол кезде Швеция концольі; – Мен тұңғыш рет әлемде сирек кезігетін майданы берік, бір сөзді, қас батырды көрдім! – деген екен.

Қажығұмар, Оспанның батырлығынан үлкен қуат алған. Ол 41 жыл қытай түрмесінде жанкештілікпен отыруы адамзат тарихында болмаған, бұдан былай болмайтын қас батырдың болмысын қайталады.

Оқуға:

Оспан батырдың соңғы сөзі

Оспан батырдың ерлігі мен отансүйгіштігі туралы бірер сөз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз