Эссе және өлең-жыр байқауы

Төле би

Бір аңызда Төле Түлкі есімді жігіттің сұрақтарына былайша жауап береді:

— Ата, алты алаш деген кім? — дейді жігіт.

— Алты алаш — Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылған, — дейді Төле.

— Үш жүз деген кім?

— Үш жүз — қазақтың ағайынды үш баласы.

— Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарайды?

— Сағынысып көрісумен тарайды.

Төле би атынан айтылатын толғау үзінділер де аз емес. Соның бірі:

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы,

Әйелің жақсы болса,

Бірінші — иланың,

Екінші — жиғаның,

Үшінші — ырысыңның тұрағы...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...