Эссе және өлең-жыр байқауы




Құмар

араб тілінен алынған кумар — әуес, ынтызар, құштар.


Есімге сілтеме: Құмар

Құралбек

моңғол тілінен хурал — жиналыс + қазақтың сөзі бек, яғни жиын, үлкен жиналыс бастығы, ағасы деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Құралбек

Құрман

араб тілінен — құрбандық; құрбан шалу. Құрбан айты күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құрманбай, Құрманбек, Құрманәлі, Құрманғали, Құрмансейіт, Құрманғазы, Құрмантай. Фонетикалық түрлері — Құрбан, Құрбанәлі. Қыскартып еркелете айту тұлғасы — Құрмаш.


Есімге сілтеме: Құрман

Құрмет

араб тілінен алынған һурмат — сый, ізет, қошемет.


Есімге сілтеме: Құрмет

Құрышжан

араб тілінен алынған құрыш — күшті, мықты, асыл + иран тілінен алынған жан (джон). Мықты, күшті адам.


Есімге сілтеме: Құрышжан

Құсайын

араб тілінен алынған хусейн , хусни сөзінің өзгерген түрі — әдемі, әсем, ең көркем; қайырымды іс, жақсылық; Хасен, Хасан есімінің кішірейту формасы. Түрі — Хұсайын.


Есімге сілтеме: Құсайын

Құтел

көне түркі тілінен қут — бақыт + ел, яғни елдің құты, бақыты деген мәндегі есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құттыбай, (қараңыз: Байқұтты).


Есімге сілтеме: Құтел

Қыдыр

араб тілінен алынған хизр — судың көзін табу. «Бақытты, бағы ашылған». Біріккен тұлғалы есімдер — Қыдырәлі, Қыдырбай, Қыдырбек, Қыдырғали.


Есімге сілтеме: Қыдыр

Қазыбек

Қади сөзіне бек сөзін қосу арқылы жасалған есім. Араб тілінен алынған кади — даулы істі шешуші сот. Біріккен тұлғалы есімдер — Қазыбай, Қазыбек, Қазығали, Қазықан.


Есімге сілтеме: Қазыбек