Гүлзарифа

иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Гүлзарифа

Гүлзипа

зипа иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгеріскен түрі - Күлзипа.


Есімге сілтеме: Гүлзипа

Гүлмария

иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.


Есімге сілтеме: Гүлмария

Гүлмира

иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен мир(а) - бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.


Есімге сілтеме: Гүлмира

Гүлназ

иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем кыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.


Есімге сілтеме: Гүлназ

Гүлнар

иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінін гүлі, қызыл, қырмызы гүл.


Есімге сілтеме: Гүлнар

Гүлнафиса

иран және араб тілдерінен алынған — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.


Есімге сілтеме: Гүлнафиса

Гүлниса

араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.


Есімге сілтеме: Гүлниса

Гүлнүр

иран және араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.


Есімге сілтеме: Гүлнүр

Гүлсанат

иран және араб тілдерінен алынған санат, санам - әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Гүлсанат

Гүлсара

иран және араб тілдерінен - гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгеріскен түрі — Күлсара.


Есімге сілтеме: Гүлсара

Гүлсипат

иран және араб тілдерінен - гүлдей әдемі, көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Гүлсипат

Гүлшар

иран тілінен алынған шар + араб тілінен алынған шарх - шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Күлшар.


Есімге сілтеме: Гүлшар

Гүлшара

иран тілінен алынған шара - бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгеріскен түрі — Күлшара.


Есімге сілтеме: Гүлшара

Гүлшаруан

гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.


Есімге сілтеме: Гүлшаруан

Гүлшат

иран тілінен алынған - шаттық, қуаныш гүлі.


Есімге сілтеме: Гүлшат

Гүлшаш

(қараңыз: Сұлушаш).


Есімге сілтеме: Гүлшаш

Ғаббас

(қараңыз: Аббас).


Есімге сілтеме: Ғаббас

Ғабдіғазиз

араб тілінен - қадірлі, құрметті.


Есімге сілтеме: Ғабдіғазиз

Ғабит

араб тілінен - қызмет етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ғабитхан, Ғабитжан, Ғабитбек, Ғабитан және т. б. Дыбыстық өзгерген түрі — Қабден.


Есімге сілтеме: Ғабит

Ғази

араб тілінен — қосын, әскер.


Есімге сілтеме: Ғази

Ғазиз

(қараңыз: Әзіз).


Есімге сілтеме: Ғазиз

Ғазиза

араб тілінен алынған азиз - күшті, қуатты; сирек, бағалы; сүйкімді, қадірлі. Аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз деген мәнде қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Қазиза.


Есімге сілтеме: Ғазиза

Ғазизбек

араб тілінен алынған ғазиз + қазақ тілінен алынған бек, аса сүйкімді, қымбатты.


Есімге сілтеме: Ғазизбек

Ғайнижамал

араб тілінен - әдемі, көркем, танакез.


Есімге сілтеме: Ғайнижамал

Ғайса

(қараңыз: Айса).


Есімге сілтеме: Ғайса

Ғали

(қараңыз: Әли).


Есімге сілтеме: Ғали

Ғалиақпар

араб тілінен алынған ғали — қымбатты + акпар — үлкен, зор, құрметті, жоғары мәртебелі.


Есімге сілтеме: Ғалиақпар

Ғалиасқар

араб тілінен алынған ғали + асқар. Аса мәртебелі, құрметті


Есімге сілтеме: Ғалиасқар

Ғалима

араб тілінен - білімді, дана, оқымысты қыз, әйел.


Есімге сілтеме: Ғалима

Ғалия

(қараңыз: Әлия).


Есімге сілтеме: Ғалия

Ғалым

араб тілінен - үлкен оқымысты, көп білетін білгір ғұлама.


Есімге сілтеме: Ғалым

Ғалымбек

араб тілінен алынған ғалым + қазақ тілінен алынған бек, аса білікті, оқымысты.


Есімге сілтеме: Ғалымбек

Ғалымжан

араб тілінен алынған ғалым + иран тілінен алынған жан сөздерінің негізінде жасалған біріккен тұлғалы есім.


Есімге сілтеме: Ғалымжан

Ғани

араб тілінен алынған бай, дәулетті, ауқатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Ғанибай, Ғанибек.


Есімге сілтеме: Ғани

Ғаппар , қаффар

араб тілінен алынған ғаффар — кешірімді, мархабатты.


Есімге сілтеме: Ғаппар , қаффар

Ғаппас

(қараңыз: Аббас).


Есімге сілтеме: Ғаппас

Ғарифа

араб тілінен — көмекші, оқушы, аға бастық.


Есімге сілтеме: Ғарифа

Ғафура

араб тілінен — кешірімшіл.


Есімге сілтеме: Ғафура

Ғидаят

араб тілінен — мерекелік сыйлық. Түрі — Идаят.


Есімге сілтеме: Ғидаят

Ғизат

араб тілінен — құрмет, сый, адал, құрметті, қадірлі.


Есімге сілтеме: Ғизат

Ғинаят

араб тілінен алынған — инаетъ — қайырымдылық, жомарттық, алғыс. Өзгеріскен түрі Инаят.


Есімге сілтеме: Ғинаят

Ғұмар

ар ғомар — ғұмыр, тіршілік.


Есімге сілтеме: Ғұмар

Ғылман

араб тілінен алынған ғұлам сөзінің көпше түрі — қызметші, бозбала, жас жігіт.


Есімге сілтеме: Ғылман

Дабыл

ұран, даңқ


Есімге сілтеме: Дабыл

Дабыс

атақ, даңқ, дауыс, үн.


Есімге сілтеме: Дабыс

Дадабай

иран тілінен алынған дадо – ата, әке + қазақ тілінен алынған бай. Еркелете қысқартып айтылатын тұлғалары — Дадай, Дадеш.


Есімге сілтеме: Дадабай

Дайана

латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты.


Есімге сілтеме: Дайана

Дайрабай

дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.


Есімге сілтеме: Дайрабай

Дайын

әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.


Есімге сілтеме: Дайын

Дайыр

араб тілінен алынған бұл есімнің маңызы екі түрі: төңірек; қайталанатын. Біріккен тұлғалы есімдер — Дайырбек, Дайырман.


Есімге сілтеме: Дайыр

Далер

тәжік тілінен алынған — батыл, ержүрек.


Есімге сілтеме: Далер

Дамира

жаңа есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».


Есімге сілтеме: Дамира

Дамыл

тыныштық, бейбітшілік.


Есімге сілтеме: Дамыл

Дана

иран тілінен — білгір, данышпан.


Есімге сілтеме: Дана

Данагүл

иран тілінен — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Данагүл

Данай

иран тілінен алынған данаш — білім, ілімгерлік; даналык. Біріккен тұлғалы есім — Данайбек.


Есімге сілтеме: Данай

Даналық

иран тілінен — білімділік, данышпандық.


Есімге сілтеме: Даналық

Дандай

ұлы, зор.


Есімге сілтеме: Дандай

Данеш

иран тілінен — знание, наука.


Есімге сілтеме: Данеш

Даниял

араб тілінен — тәңір сыйы.


Есімге сілтеме: Даниял

Данияр

иран тілінен — жақын, таныс.


Есімге сілтеме: Данияр

Данышпан

араб тілінен — ойшыл, дана.


Есімге сілтеме: Данышпан

Дара

қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Дара

Дарас

жеке, айрықша


Есімге сілтеме: Дарас

Дариға

иран тілінен — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз, керемет, тамаша деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дариға

Дария

иран тілінен — теңіз, ұлы өзен.


Есімге сілтеме: Дария

Дархан

көне түркі тілінен тархан, тархат. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде атақ, дәреже ретінде кездеседі. Махмұд Қашқари, Абұлғазы Бахадұр енбектерінде мағынасы 9 түрлі кінадан босатып, ерік, кеңшілік берілген, хан ордасына еркін кіріп шыға алатын және бұл ерік 9 атасына дейін кететін адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Дарханбай, Дәркенбай.


Есімге сілтеме: Дархан

Дарын

қазақ тілінен — талант, кабілет.


Есімге сілтеме: Дарын

Дастан

иран тілінен алынған батырлық хисса, поэма, ертегі аңыз. Біріккен тұлғалы есім — Дастанбек.


Есімге сілтеме: Дастан

Дауылбай

дауыл күні туған балаға ертеде осындай ат қойылған.


Есімге сілтеме: Дауылбай

Дәлбек

бектің, мықтының нағыз деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дәлбек

Дәлила

араб тілінен — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.


Есімге сілтеме: Дәлила

Дәмелі

үмітті, үміткер.


Есімге сілтеме: Дәмелі

Дәмен

араб тілінен — жылдам, тез; күшті, берік.


Есімге сілтеме: Дәмен

Дәмина

араб тілінен — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі - Дамина.


Есімге сілтеме: Дәмина

Дәнеш

иран тілінен — білім, ғылым.


Есімге сілтеме: Дәнеш

Дәрмен

иран тілінен — күш-қуат, қайрат. Еркелету түрі — Дәріш.


Есімге сілтеме: Дәрмен

Дәубек

үлкен, күшті деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дәубек

Дәуір

араб тілінен алынған - доур - кезең, цикл.


Есімге сілтеме: Дәуір

Дәуірбек

өз заманының, дәуірінің мықтысы деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Дәуірбек

Дәуіт

көне еврей тілінен алынған сүйікті, сүйген, ғашық болған. Біріккен тұлғалы есім — Дауітәлі.


Есімге сілтеме: Дәуіт

Дәулен

үлкен болу, есею. Біріккен тұлғалы есім — Дәуленхан.


Есімге сілтеме: Дәулен

Дәулет

араб тілінен - байлық, бақыт; мемлекет, держава, империя.


Есімге сілтеме: Дәулет

Дәулетбай

дәулетті, ауқатты.


Есімге сілтеме: Дәулетбай

Дәулетбақ

араб тілінен алынған дәулет + бақыт сөздерінің қосылуынан жасалған есім. Бақдәулеті мол, бай (болсын деген тілекпен қойған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дәулетбек, Дәулетияр, Дәулетқали, Дәулетәлі.


Есімге сілтеме: Дәулетбақ

Дәулеткелді

араб тілінен алынған дәулет — байлык, бақыт. Яғни бала ата-анаға байлық, ырыс боп туды, бақытты болды деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Дәулеткелді

Дәулетше

араб тілінен алынған дәулет + иран тілінен алынған ше,шах сөзінің қысқаша формасы. Демек, байлық патшасы, дәулет, байлық иесі.


Есімге сілтеме: Дәулетше

Дәурен

араб тілінен - уақыт, дәуір. Біріккен тұлғалы есім — Дәуренбек.


Есімге сілтеме: Дәурен

Дегдар

иран тілінен алынған дәһдар - бастық, ел басқарушы.


Есімге сілтеме: Дегдар

Демежан

қазақ есімі деме + жан. демеуші, жәрдем беруші адам деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Демежан

Демесін

баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Демесін

Демеу

қазақ тілінен алынған қолдау, сүйеу, көмек көрсету.


Есімге сілтеме: Демеу

Дербісәлі

араб тілінен алынған - Ғалидың құлы, қызметшісі деген мәндегі есім. Иран тілінде —дербиш есік алдында жүрген кембағал адам, мүсәпір кісі.


Есімге сілтеме: Дербісәлі

Дибай

иран тілінен алынған диһ, дег, ди — ауыл, дала + бай, яғни ауыл, дала байы деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дибай

Дидар

иран тілінен алынған — жүз, келбет, бейне.


Есімге сілтеме: Дидар

Дидара

иран тілінен — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Дидара

Дидарбек

иран тілінен алынған — аса келбетті, көрікті адам деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дидарбек

Диқанбай

тәжік тілінен алынған - диһан, шаруа, егінші, жер айдаушы + бай.


Есімге сілтеме: Диқанбай

Дила

грузин тілінен — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Дила


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)