Өлең, жыр, ақындар

Геза Чат

Геза Чат (1887-1919) — Шын аты: Йожеф Бреннер.

Геза Чат мажардың атақты жазушысы, драматург, суретші әрі музыка сыншысы. Австро-Венгрия монархиясының Суботица қаласында (қазіргі Сербияда) туып, сол жерде дүниеден өткен. Геза Чат — мажардың және бір ұлы жазушысы Дежө Костоланидің туысы.

Жазушының өмірі, тағдыры қаншалықты бұралаң болса, шығармалары да соншалықты қайшылыққа толы. Мамандығы психиатр дәрігер болғандықтан, кейіпкерлері арқылы (көбінесе өмірде жолы болмаған, бақытсыз, күйзелістегі адамдар) сол замандағы қоғамдық дағдарыстың адамдар психологиялық ахуалына еткен әсерін шеберлікпен суреттейді. Шығармаларының кейбірінің автобиографиялық сипатын жоққа шығаруға болмайды. Оның прозасының негізінде көркем фильмдер де түсірілген.

Көзі тірісінде "Сиқыршының бағы" (1908) "Пуччини" (1908), "Жалған билер" (1909) "Музыканттар және басқа новеллалар" (1913) секілді онға тарта кітабы жарық көрген.

Сол кездегі мажардың ілгерішіл ақын-жазушыларын топтастырған "Батыс" (Nyugat) қоғамының мүшесі ретінде модернистик эстетиканың жалауын көтерген. Туындылары ағылшын, француз, неміс, италия, португал, поляк, эстон тілдеріне аударылған.


Қарап көріңіз