Өлең, жыр, ақындар

Альфред Адлер

Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) — Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.

Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады.


Нақыл сөздері

Шешен ойынан жаңылып, сөзін жалғай алмай қиналған кезде бүкіл аудитория өзін ыңғайсыз сезініп, қысылып отырады.

Ілмектер: шешен, аудитория, сезім, ыңғайсыз сезіну Альфред Адлер

Ақиқат əлдебір «шексіз міндет» тəрізді мəңгі еліктіреді де тұрады, бірақ қол жеткізбейді.

Ілмектер: ақиқат, міндет Альфред Адлер

Теңеуге жүгіну — өзіңді де, өзгелерді де алдаудың ең бір тəуір түрі. Теңеуге үйір адам басқаларды дерек пен қисын арқылы иландыруға қабілетсіз келеді.

Ілмектер: теңеу, алдау, қабілет, иландыру Альфред Адлер

Егер дүниедегі ең күшті адамдар кімдер деген сауалға жауап іздер болсақ, алдымен сəбилерді атау қисынды болар еді: олар бағыну дегеннің не екенін білмейді, ал өз биліктерін жүргізбейтін жерлері жоқ.

Ілмектер: күшті адам, дүние, сәби, билік Альфред Адлер

Жалқаулық — шынтуайтына келгенде, қиындықтар мен проблемалық жағдайлардан қорғалақтап қашу.

Ілмектер: жалқаулық, қиындық, проблема Альфред Адлер

Əркім өзінше жасампаздық танытады: түрлі жағдайлар мен мүмкіндіктерден əлдебірдеңе ойлап шығарады.

Ілмектер: жасампаздық, жағдай, мүмкіндік Альфред Адлер

Қай ерке баланы болсын алдында аластатылғандар таланы күтетінін ұмытпаған жөн.

Ілмектер: ерке, бала Альфред Адлер

Сəтті аяқталатын сиқырлы ертегілердің қай-қайсысы болсын — адамзаттың бақытты болашаққа деген үміті ешқашан əлсіреп көрмегендігінің дəлелі.

Ілмектер: ертегі, бақыт, болашақ, үміт Альфред Адлер

Кез-келген бала кер тəрбие алуға бас тігеді.

Ілмектер: бала, тәрбие Альфред Адлер

Өмірдің əр саласы адамның алдына басқа салалардың да мүддесін ескере отырып жүзеге асыруға тиісті міндеттер қояды.

Ілмектер: сала, адам, мүдде, міндет, өмір Альфред Адлер

Адамның шынайы өмір салты қиын жағдайларда анық байқалады.

Ілмектер: адам, өмір салты, қиын жағдай Альфред Адлер

Жеке-жеке алғанда толық құндылыққа жатпайтындықтан əрі əлсіздігінен де адам баласы қауымдасып тіршілік етуге ұмтылады.

Ілмектер: құндылық, әлсіздік, тіршілік Альфред Адлер

Оқшау-оқшау өмір салтымен тіршілік кешіп жатқандықтан, біздің арамызда адам табиғатын жақсы білетіндер кемде-кем.

Ілмектер: оқшаулық, өмір, тіршілік, адам, табиғат Альфред Адлер

Өзіне-өзі қол салу көбіне туған-туысқандары мен достарының жанына жара салу немесе шын əлде жалған жеңіліс үшін кек алу əрекеті болып шығады.

Ілмектер: туысқан, Өз-өзіне қол жұмсау, дос, жеңіліс Альфред Адлер

Өмір адамды өзгерте алмайды — бұлай істеуге адамның көрсеқызарлығы мен даңққұмарлығы мүмкіндік бермейді.

Ілмектер: өмірғ адам, көрсеқызарлық, даңққұмарлық Альфред Адлер

Өмір — тіршілікте кездесуі мүмкін ұстаз біткеннің ең сорақысы.

Ілмектер: өмір, тіршілік, ұстаз Альфред Адлер

Басқалармен аралас-құраластықтың аздығы олардан мүлдем оқшаулануға апарып соғады.

Ілмектер: оқшаулану, араласу Альфред Адлер

Үнемі кілтін жоғалтып, немесе оны қай жерге қойғанын ұмытып қалып жүретін үй шаруасындағы əйелдер — əдетте, өздерінің үй шаруасындағы əйел рөліне көңілдері толмай жүрген əйелдер.

Ілмектер: әйел, үй шаруасы, көңіл, кілт Альфред Адлер

Балалық — сұрағы да, мүмкіндіктері мен зауал-зардабы да көп кез.

Ілмектер: балалық, мүмкіндік, зардап Альфред Адлер

Көсемдердің қуат-күшінің шекарасы — олардың туы астында тұруға өзір кепшіліктің қарасымен айқындалады.

Ілмектер: көсем, күш, қуат, шекара Альфред Адлер

Қарап көріңіз